Жұма, 29 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бүгінгі мен бұрынғы діндардың бір айырмасы

11.12.2020
- Қоғам
0
196
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Атам қазақ ашық мойындаған жайт – дүние ақыреттің егістігі. Өмір – өткінші, ақырет – мәңгі. Бес күндік жалғандағы шытырман-шыжықтың барлығы ана дүниенің әзірлігі іспетті. Алаш жанын жеген ғаріп секілді немесе жолаушы, қонақ секілді түсініксіз психологиялық мотивтер мен сезімдердің түпқайнары міне, қайдан, аңлай бер. Бұл ұлттық дүниетанымымыздың түп қазығы десек, сірә да қателеспейміз.

Баршаға мәлім, асылы дін бойынша ақырет күніне сену – иман негіздерінің бірі. Оған иман келтіру – парызға жатқызылады. Құрандағы Аллаға иман етуге байланысты аяттарда қиямет-қайымға иман етудің де қатар айтылғаны шындық. Қала берді мәні осыған саятын рауаят-хадистердің көптігі тіптен таң-тамаша етеді.

Солардың жалпы мазмұнынан ұғатынымыз, осы өмір пенделерге сынақ алаңы, адамның адамшылық қасиеттері сынға түсетін жер. Яғни дәуренсуден былай, сыналуға келгенбіз. Ал бұл төл рухани мәдениетіміздің өзегіне сіңіп, ділімізді сомдаған базалық түсінік.

Енді сұрақ: «Құдай» деген жандар – діншіл емес, шын діндарлар мұны насихатына басшылыққа алып отыр ма?

Сөйлеу әдебі жайлы

Сөйлеу әдебі жайлы

26.08.2025
Түйеге ұқсау

Түйеге ұқсау

23.08.2025

Әйтпесе, дүниенің қызылды-жасылы күллі адамды баурап барады емес пе?

Ойлануға мұрша жоқ, қиял әлемінің аттракциондар алаңына тап болған жас баладай ойынға беріліп, жарқ-жұрқ, тарс-тұрстың салтанатына алдырып жатыр.

Пайғамбарымыздан (с.а.у.) жеткен хабарға сәйкес Қиямет күні адам баласы төрт нәрседен сұраққа тартылмайынша Жасаған ие құзырынан кете алмайды-дүр. Олар:

Бірінші, өмірін қай жерде өткізгендігі.

Екінші, денсаулығын қайда құртқандығы.

Үшінші, дүние мүлкін қайдан тауып, қайда жұмсағандығы.

Төртінші, білгенімен қалай амал жасағандығы (Әт-тәрғиб уат-тәрһибтен мазмұндалған)

Осы себепті де, Исламда бүтін ғалам қарап болып, адамзат жаңадан тірілгендегі шексіздікке дейін жалғасатын уақыт «Ақырет» делінеді. Осыдан-ақ бұрынғы ғана емес, заманауи әдебиетіміздегі, ақын-жыраулар шығармашылығындағы зар сарынының бекерден-бекер еместігін пайымдағандай боламыз.

Біздің ілгерігі қазекең, міне, осыны жадынан еш шығармаған. Өткен-кеткенді сүзіп, саралап отырсақ, тап мұны көпке үні жеткен әрбір иманды тұлға ағайын-жұртына ескертіп отыруды борыш деп білген де. Алайда «су аяғы құрдым» деп, ақырзаман ұлағатшылары онысын ұмыт қалдырып жүргендей.

Санғасырлық халық ақыл-ойы, руханиятының бергі өкілі ғұлама Шәкәрім Құдайбердіұлының өз өлеңінде:

Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы,
Ортасы – өмір, жоқтық қой – екі басы.
Сағымдай екі жоқтың арасында,
Тіршілік деп аталар біраз жасы.

Патса, батыр, бай, бағлан, ел ағасы,
Өнерпаз, ойшыл, білгіш, ғұламасы,
Мақтанып жердің жүзін жалмаса да,

Кәрілік пен өлімге жоқ дауасы.

Менменсінген кердеңнің керген қасы,
Ішімді күйдіреді сол ызасы.
Жер тәңірісіп, кісімсіп желіксе де,
Төбесінен бір түсер жайдың тасы.

Өмірдің өкінбейтін бар айласы,
Ол айла – қиянатсыз ой тазасы.
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,
Таза жүрек, тату дос – сол шарасы» (Шәкәрім Иманым), – деуі де осы ілкі тұжырымды қайтара жаңғыртуының көрінісі.

Жалпы, бұған қатысты этнографиялық деректер де жоқ емес. Айталық, отырарлық сыпыра шежіреші және қаламгер Шериаздан Шорабекұлы «Қоңыраттан Қасайға дейін» атты кітабында бұл тақырыпты індетіп көлемді әңгіме де жазған. Онда елең етерлік бір эпизод бар. Оқиға қариялардан естігені бойынша берілген. Оның ұзын-ырғасы былайша өрбиді:

Шаян үстіндегі Әлімбет бай күнгей өңірінде болмаған сәнді киіз үй тұрғызады. Кереге, уығы, шаңырағы, есік-ергенек, маңдайша, табалдырығына дейін ою-өрнектеп, оған күміс қондырып, жарқыратып тастайды. Үйдің ішкі бау-шуын, басқұрын жібекпен, жезбарақпен орап жайнатады. Үйдің үзік, туырлық, түңлігін қылшықтаған ақ жүннен бастырып, бау-шуы, дөдегесіне дейін жезбарақталады. Сөйтіп Қаратаудың күнгей бауырында сегіз қанат аппақ жұмыртқадай ақ орда бой көтереді.

Ою-өрнегі жарасып, осы аймақтан безендіруі асқан зәулім орданы тамашалау салтанатына қонысы жақын Көтеншіде (Қоңыраттың бір тармағы) абыройы мен беделі зор Мәуленқұл болыс та шақырылады. Болыс той-жиынға, ас-құдайыға, өлім-жітімге ертетін зиялы қауыммен бірге Кенжеқара Бұқарбай қажыны да ала жүреді екен. Барған жерде қуанышқа құтты болсынды, қазаға көңіл айтуды тек қажы ғана бастап, басқалары жамырамай, тым-тырыс отырады.

Той иелері Мәуленқұл болыс бастаған құрметті меймандарды қарсы алып, нақышын келтіріп, зеберленген ақ ордаға жайғастырады. Көңлі тасып, абыройы асқақтаған бай, жүрегі алып-ұшып, жұрт асып келген, беделді де,  зиялы қауымнан жан семіртетін, жақсы лебіз күтіп отырғанда Бұқарбай қажы: «Осы дүниенің қамын жеген тірлігің құтты болсын, бай», – депті. Бұл сөздің мәні терең, астарлы сөз екені анық. Оның мәнісі «жалған дүниеңнің қамын ойлап, сонша қаржыны мақтаншылық үшін босқа шашқанша, құдайға құлшылық етіп, ораза-намазыңды түгелдеп, кембағалға қайыр-садақа үлестіріп, мал-мүлкіңнен тиісті зекетін беріп, Меккеге барып зиярат етіп, мойныңдағы қырық парызыңды өтемейсің бе?» деп меңзегені екен.

Қажы айтқан «құтты болсынның» астарына түсінген бай, өз ісінен тосылып, ұялғанынан Мәуленқұл болыс пен Бұқарбай қажыға ат мінгізіп, шапан жауып қайтарған екен.

Солай, бұрынғының дін ұстанушылары асып-тасыған айналасына осылайша бұ пәни мен ақырдың арасалмағын айтып, тәубесіне келтіріп отырған көрінеді. Тек бір әттегені, қазіргі зәулім сарай салып, бірінен-бірі асырып кіл шетелдік көлік мінген, қатын үстіне қатын қылып сұлу құшқан байшыкештерге осыны осылайша әдебімен жетесіне жеткізетіндердің болмай жатқаны-ай!

Бүгінгінің діндарына бұл да бір сын болса керек. Замандастарыңның есіне ақырет сұрауын сала алып отырсың ба, хазіреті?! Бүгінгісінен бұрынғы діндардың бір айырмашылығы осы ма дейміз.

Дүние – шолақ!

Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ!

Уақыты келгенде Алланың әділеттілігі орындалып, әркімге өз ақысы беріледі. Бұл – хақ! «Сол қаһарлы мезетке дайынбыз ба?» десеңізші! «Проблема-проблема» деп жатамыз, шындығында мәселенің көкесі осы-ау!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: Абылайхан Қалназаровақыретбасты тақырыпдүние
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Діндер диалогы – бейбітшілік бастауы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Діндер диалогы – бейбітшілік бастауы

25.08.2025
«Ас беру – өлгенге емес, тірілерге қажет» – Абылайхан Қалназаровпен эссе-сұхбат
Сұхбат

«Ас беру – өлгенге емес, тірілерге қажет» – Абылайхан Қалназаровпен эссе-сұхбат

25.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мереке ҚҰЛКЕНОВ: Сән-салтанаты, байлығы тасыған жерден қазақ тілін таппайсың

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»
Сұхбат

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады
Жаңалықтар

Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады

28.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою