Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жастар – қоғамның қозғаушы күші

26.11.2020
- Мемлекет және дін
0
12.9k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жастар – қашанда қоғамның қозғаушы күші. Болашағын бағамдайтын мемлекет жастарының санасының ояу, білімінің жоғары болуына басты мән береді. Білім мен ғылымның салтанат құруы Отанның еңсесін ешкімге бастырмауға сеп болатынын бүгінгі заман дәлелдеп отыр.

Жастарды тәрбиелеудің маңызы жайында Елбасы Н. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады», – деп атап көрсеткен болатын.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi.

Дейтұрғанмен, қазіргі таңда еліміздегі кейбір жастарымыздың теріс діни ағымға еріп, саналарының көз алдымызда улануы ойландыратын мәселе болып отыр. Шетін көзқарасты діни ағымдардың кейбір жастардың білім мен ғылымға деген ынтасын жойып, өзге мәдениет пен теріс құндылықтарды насихаттап, жастар арасында жанжал тудыру жағдаяттары орын алып келеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Өркениетінің алыстығы теріс жолға түскен жастарымызды ортаға сіңімділігін төмендетіп, өз алдына орта қалыптастыруға алып келетіні сөзсіз. Сонымен қатар, ол орталарда қосалқы мәдениет қалыптастыратынын да жоққа шығара алмаймыз. Бұл жерде діннің атын жамылған ағымдардың діни-психологиялық және әлеуметтік тартымдылығы өз алдына бөлек мәселе.

Психология саласының мамандары адам баласының құбылыс екендігі, кез келген ортада психологиялық әрі әлеуметтік мәжбүрлікпен болған жағдайда, сол ортаның жалған идеяларына сіңісіп, ол идеяларды өте келе ақиқаттай көретінін алға тартады.

Жастардың қай замандарда болмасын, әрқашан қоғамда үлкен әлеуметтік күшке ие болғанын байқаймыз. Олар әрдайым қоғамның ең белсенді мүшесі әрі жұмыс күші болып табылған. Оның үстіне бүгінгі жастың ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын басшы боларын ескерсек, олардың қоғам үшін маңызы арта түседі.

Сондай-ақ жастарда үлкен, әрі жүзеге асырылмаған қуаты мен мүмкіндіктері де бар екенін ұмытпауымыз қажет. Ал, бірақ басқа қырынан қарасақ, салыстырмалы түрде жастар қоғамда әлеуметтік жағынан ең аз қамтылған топқа жатады. Яғни, басында баспанасы мен жұмысы жоқтар, білім алуға да мүмкіндігі аз катеогориялары бар.

Сондай-ақ әлі өмірлік тәжірбиесі қалыптаса қоймаған және сезімге ерік беретін жастар, көбінесе өзіне ұнаған кез келген бір идеяның соңынан еруге дайын тұрады. Мұнан көріп тұрғанымыздай, жастар – қоғамның ең күшті әрі ең осал тұсы. Көптеген қоғамға таңсық, оның тыныштығын бұзатын идеялар жастар арқылы таралатыны тарихтан белгілі.

Бүгінгі күні діншілдік, діни мәде­ниеттің қалыптасу қарқынынан озып кеткенін байқаймыз. Бұл өз кезегінде радикалды идео­логияның қалыптасуына ықпал етеді. Ал ради­калданудың салдары жақсылыққа апар­майды. Сондықтан діндарлықтың тым жылдам өсуі қауіп-қатерлер әлеуе­тін арттыруы мүмкін.

Дін саласындағы өкілетті мекемелер мен сарапшылардың пайымдауы бойынша сарапталған мәселелер жастардың теріс діни ағымдарға арбалуына негіз болатын факторлардың өзектілері болмақ.

Ал, мемлекет бұл тұрғыда қандай шараларды уақытында қолға алып, алдын алу шараларын жасамақ деген мәселеге оралсақ. Бұл тұрғыда тәуелсіз сарапшылар тарапынан мемлекет себебімен емес, салдарымен ғана күресуде деген сыңар езу мәселелерді айтуда. Алайда, мемлекет тарапынан бұл бағытта арнайы министрлік құрып, ол министрлікке жастар саясатын бағындыруының маңызы бар.

Өйткені дін – санаға әсер ететін күш. Ал сана жастардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, ынта мен күш-жігерлерін арттырушы. Саналық негіз қалай қалыптасса, үйдің іргетасы секілді жастарда солай қарай бой түземек.

Бұл туралы данышпан Абай атамыз: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде. Тәрбие ата-анасы, ұстазы, ортасы арқылы қалыптасады. Жас өсе келе қай ортаны жақсы көрсе, сол ортаның ықпалы жастардың санасына көп ықпал етеді», – деген болатын қара сөзінде.

Тәрбиедегі қамқорлық – маңызды құбылыс. Сонымен қатар, көппен бірге адаспай, жалғыз жүріп жол тауып, сол дұрыс жол арқылы көпті тәрбиелеудің маңыздылығының жоғары екенін ұққандаймыз.

Сонымен қош делік. Жастардың теріс діни ағымдарға тартылуының негізгі себептерін саралап өтсек. Оны қазіргі уақытқа дейін сарапталған мәселелермен қатар, жаңаша көзқарастар да қалыптасып үлгерді. Сараптама қорытындылары көрсеткендей, жастарды адастыратын теріс діни ағымдардың айла-әдістері сипаттасақ.

Олар: адастыратын ақпаратқа толы интернет пен әлеуметтік желілердің санын арттыру, санаға жеңіл фанатистік қуаты мықты теріс діни әдебиеттерді көптеп шығару, санаға жеңіл діни догмалар мен шаблондардың тартымдылығын арттыру және насихаттау, әлеуметтік мұқтаждықтары бар жастарды қаржылық ынталандыру, психологиялық тартымдылық арқылы теріс ортаға бейімдеу, отбасындағы махаббаттың жетіспеушілігі мен діни қызығушылығын оңтайлы пайдалану, жастарды бойына діншілдік психологияны діни мәде­ниеттен арттыра насихаттау, әлеуметтік қиындықтарының эмоцияларын жалған діни догмалар арқылы шығаруға итермелеу, психологиялық күйзелістер шеңберінде жүрген жастарға демеу болу деген секілді бірқатар діни-психологиялық әрі әлеуметтік мәселелер.

Сонымен қатар, бұл мәселелердің саяси жақтары да өз алдына бөлек дүние.

Мемлекет жастарды теріс діни ағымдардан қорғау жолында қандай шараларды жүзеге асыруда. Енді сол мәселеге тоқталсақ.

Өзекті мәселелердің бірі – интернет мәселесі. Бұл тұрғыда интернеттегі теріс діни ағым идеологияларына шектеу қою жұмыстары жалғасып келеді. Дегенмен мемлекет интернетке мүлдем тыйым сала алмайтыны белгілі. Осыны пайдаланған теріс діни ағым менеджерлері интернеттегі жұмыстарын жалғастыратынын ескере келе, жастарға интернетті талғаммен пайдалану қажеттігін ескертеміз.

Сонымен қатар, қуаты мықты теріс діни әдебиеттердің санаға жеңіл діни догмалар мен шаблондарының тартымдылығын жою мақсатында бірқатар сараптама жұмыстары жалғасып келеді.

Мемлекет тарапынан дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау жұмыстары үздіксіз жалғасып келеді. Ал, тәрбиелік мәселелерде мемлекет  тарапынан өнер, қоғамдық салалы мекемелер арқылы жаңаша жолдарға ден қойып, қоғамдық институттар арқылы жастарды тәрбиелеу жолдары іске асырылып келеді.

Тарқатып айтсақ, кино саласындағы тарихи-рухани туындылар, театр сахнасындағы қоғамдық тәрбиеге үн қосатын көрсетілімдер, тәрбиелік мазмұндағы еңбектер мен газеттер, интернет пен әлеуметтік желілерде тәрбиелік мәні зор парақшаларды тапсырыспен ұйымдастыру, рухани танымдық кештер мен іргелі іс-шараларды жүзеге асыру жалғасып келеді.

Дегенмен бұл бағытта ата-аналардың тәрбие саласына аса мән беру керектігін үндейді. Неге, өйткені әр ата-ана өз балдарының тәрбиесіне аса мән беріп, отаншылдық бағытта тәрбиелесе, ол баланың болашақта игілікті істер идеясымен өмір сүретіні белгілі.

Шығыс тәрбиесінде білімді әрі иманды ұрпақ тәбиелеу үшін «баланы аз материалдық дүниелермен қанағаттандырып, көп уақыт бөлу керектігі» туралы ұстаным бар. Тарихымыздағы еліміз үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың тәрбиесіне зер салсақ, арғы жағында ұлағатты ата-ананың тәрбиесін байқаймыз.

Сонымен себебін мазмұндай келе, аталған мәселенің салдары бойынша атқарылған мәселелерге тоқталсақ.

Салдарларымен күресуде теріс пиғылды діни көзқарастағы жастарды дәстүрлі бағытқа оңалту жұмыстары, шетелдік діни оқу орындарына ұмтылушы жастарды қадағалау бағыты, діни экстремистік және радикалдық идеяларға шақыратын істері үшін азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстары белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар, сотталушы азаматтарды жазасын өтеу орындарында дәстүрлі діни бағытқа бейімдеу жобалары да жүзеге асуда.

Жастарды өзгеше ойлауға жол бермеу мүмкіндіктерінің бірі, ол – спорттық және өнер орындарына тарту жұмыстары болмақ. Себебі қолы бос жастардың уақытты толтырудың ермегі әлеуметтік желілердегі теріс идеяларға байлану мен топтасу арқылы заңсыз әрекеттерге ұрыну жағдайларын туындататыны анық. Сондықтан мәдени және спорттық нысандарды салу жұмыстары елімізде қарқын алды.

Келесі бір мәселе, теріс діни идеологияларды таратушыларға заңдық негізде шектеулер қою. Бұл әр бағыттағы ҚР заңдарында көрініс табады. Дегенмен қолданыстағы заңдарға толықтырулар мен өзгертулер жылма-жыл енгізіліп келеді. Себебі, радикалды идеологиялардың жас ерекшелігі өкінішке орай жыл өткен сайын жасаруда. Заңдық шектеудің негізі осы себепті болмақ. Себебі жаһандық өзгерістер барлық тарапта өзгерістер мен бастамалар жасауға итермелейді.

Жастардың теріс діни ағымдарға тартылуы – өте өзекті мәселесенің бірі, ол әлеуметтік мәселе. Данышпан Абай атамыздың көзімен қарағанда «қарны аш адамның көңілінде ар, ойында ақыл болмайтынын» бүгінгі орын алып келе жатқан діни ахуалдан көргендейміз.

Дегенмен ешбір мемлекет әлеуметтік-экономикалық мәселелерімізді толық шеше алмақ емес. Қазақстанның да өзіне тән қиындықтары жеткілікті, ол мәлім жағдай және белгілі бір дәрежеде қалыпты құбылыс. Зерделі оймен зер салып қарасақ, бұл көзқарастың да мәні мен маңыздылығы орынды мәселе.

Елбасымыз Н. Назарбаев тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізді өркендету жолында іргелі әлеуметтік реформалар жасап келеді. «Біздің басты мақсатымыз – əлеуметтік қауіпсіздік жəне азаматтарымыздың байқуаттылығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Нағыз пəрменді əлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты» делінген Президент Жолдауында.

Ендеше, мемлекеттің жастарды әрдайым әлеуметтік әрі рухани қолдау жауапкершілігін сеніммен жүзеге асырып келе жатқанына сеніміміз мол болуы тиіс.

Таңбалар: Жастар
Бөлісу309Твитерге193Бөлісу39Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Кешірілмес қателік
Қоғам

Кешірілмес қателік

04.09.2025
Жат ағымның нысанасы – жастар
Видео

Жат ағымның нысанасы – жастар

19.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

"Ислам он жебе тәрізді..."

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00