Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Латын әліпбиі – жаһандық кеңістіктегі интеграция

24.11.2020
- Қоғам
0
457
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жер бетінде латын әліпбиі барлық елде қолданылады. Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, адамның белсенді іс-әрекеттері,  ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. Сондықтан латын әліпбиіне көшу шет тілді оңай меңгеруге жол ашпақ.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек «Латын әліпбиіне неге көшеміз, не үшін керек?» деген сұрақтың жауабы көп және олар көпке таныс екендігін алға тартты.

– өркениетті елдердің бәрі осы әліпбиді пайдаланады, біз де солардың қатарына ілінуіміз керек;

– әлемдік ақпараттық кеңістікке өтудің төте жолы, қолғанат қондырғылар (компьютер, қалтафон т.б.) латын әліпбиін пайдаланады;

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

– өзге түрік (түркі дегенді әдейі пайдаланбай отырмын) елдері латын әліпбиіне өтіп болды немесе өткелі жатыр;

– өзекжарды болып отырған ағылшын тілін үйренуді жеңілдетеді;

– іштей болса да Ресейдің «ағалық» ықпалынан арыламыз, – дейді профессор.

Ақтөбелік ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дінжанова Айнаш Айбекқызының айтуы бойынша, латын әріптерімен жазу арқылы ағылшын тілін де меңгеру, оны жазу да бір-біріне жақындатып, бір әріптен екінші әріпке ауысып отыру қиындығын жеңілдетіп, тілдің қолданысына да оң әсер етеді.

–  Баршамыздың қолданып отырған электрондық жеке поштамыз бар. Ол кирилл, араб, немесе басқа емес, латынмен жазылған. Керек десеңіз, астымыздағы көлігіміздің  нөмірі,  жеке куәлігіміздегі әріптер де латын тілінде берілген. Осындай мысалдар жетерлік. Демек, латын әліпбиі бізге таңсық дүние емес.

Ағылшын тіліндегі сөздің нұсқасында келген «w» әрпін қазақ жазуында «y`» әрпімен жазуды ұсынған: y`eb-saıt, y`atsap, y`ıkeıpedıa. Шетел тіліндегі танымал бренд, марка, тауар, т.б. атаулар түпнұсқа тұрпатында да, сондай-ақ қазақша игерілген түрінде де таңбаланатыны көрсетілген. Мысалы, Coca – cola / Koka – kola, Air astana /Eirastana, – дейді Айнаш Айбекқызы.

Ал Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахат латын әліпбиіне көшу уақыт талабы екенін атап өтті.

«Латын әліпбиі – ғылым мен техниканың ең заманауи жетістіктеріне қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұдан бөлек, бұл қазақ тілін үйрену процесін едәуір жеңілдетіп, шет тілдерін жақсы меңгеруге ықпал етеді», – деді ол.

Сондай-ақ ғалымның айтуынша, латын әліпбиін қолдану ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Ұрпақ болашағы мен ұлт тұтастығы үшін мұндай шешім қабылдау өте маңызды.

– Жас буын қазақ тілін латын графикасында зерттей отыра, ағылшын тілін де жылдам үйренеді. Шетелдіктер де қазақ тілін оңай меңгере алады. Бұл Қазақстанның жаһандық ақпараттық кеңістікке интеграциясы. Біздің барлық цифрлық ресурстарымыз, мәдени мұрамыз әлемдегі латын әліпбиінің барлық пайдаланушылары үшін қолжетімді болады, – дейді Ахат мырза.

Осылайша, латын әліпбиіне көшудің терең мағынасы айқындалған. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі өз мақсаттарымызға сай латын жазуының игілігін көру – келер күннің еншісінде.

Өйткені, латын әліпбиіне көшудің жаңа заман талабына сай өскелең ұрпақтарымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы–қазақ тілін жаңғыртуға, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға ықпалы зор.

Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Таңбалар: ағылшын тіліжаһанданулатын әліпбиі
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Kazakhstan емес, Qazaqstan деп жазылса…
Қоғам

Kazakhstan емес, Qazaqstan деп жазылса…

22.04.2025
Елімізде ағылшын тілін білу деңгейі неге төмен?
Жаңалықтар

Елімізде ағылшын тілін білу деңгейі неге төмен?

10.12.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Адасқан жасақтың "жауынгері"

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00