Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Хасан ТАШАЙҰЛЫ: Зікір – жын-шайтанға қарсы сенімді қару

23.11.2020
- Ислам
0
508
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жақында әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында жолдың бойында қыздың елесі пайда болып, ауыл тұрғындарын үрейлендіргені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты KAZISLAM порталының тілшісі ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлға жалпы жындар мәселесіне қатысты сұрақ қойып, жауап алған болатын.

– Хасан мырза, жындар деген кімдер? Жалпы анықтама беріп өтсеңіз…

– Мұсылман адам ғайыпқа иман келтіреді. Ғайып деп көзге көрінбейтін, қолмен сезінбейтін әлемге айтылады. Бүкіл әлемді жаратушы Алла және барлық пайғамбарлар, періштелер, жындар, жәннат пен тозақ біз үшін ғайып. Яғни, оларды көрмейміз, бірақ иман келтіреміз.

Жындар бар, олар да адамдар секілді Алланың жаратқан құлдары, құлшылық етуге бұйырылған. Алла Тағала Құранда: «Мен жындар мен адамзатты тек Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым», – деген («Зәрият» сүресі, 56-аят).

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Олар оттан жаратылған. Құранда: «Ол адамды (Адам атаны) (қыш) (құмыра) секілді құрғақ лайдан жаратты. Ал жынды оттың жалынынан жаратты», – делінген («Рахман» сүресі, 14-15 аят).

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Періштелер нұрдан, жындар жалындаған оттан, Адам болса, топырақтан жаратылған», – деп айтқан (Мүслім).

Жындар түрлі бейнелерге, пішіндерге ене алады. Ішеді, жейді, ер мен әйел болып жынысқа бөлінеді, көбейеді. Олар туралы Құран мен сүннетте айтылған. Олардың бар екеніне сену – уәжіп.

– Халық арасында «Жынданған», «Ішіне жын кірген» деп айтып жатады. Жындар қандай адамдардың ішіне кіріп кетуі мүмкін?

– Көпшілік ғалымдардың тұжырымы бойынша, жын кез келген адамға жақындауы, жұғысуы, ішіне кіріп, оның бойын паналап алуы мүмкін. Құран Кәрімде: «Өсім жейтіндер бейне бір шайтан ұрып жынданған адамдай (көрінен) тұрады», – делінген («Бақара» сүресі, 275-аят).

«Жынданған» дегенде жын тиген емес, жынның ықпалына түскен, яғни жын кірген адамды айтып отыр. Ал жынның адамға тиетін жолы көп. Оның арнайы белгілері жоқ. Әрқилы және әртүрлі себептер болуы мүмкін. Мысалы, есік алдына кірдің суын төгу, далада түнеп қалу, күл-қоқысты басу, малдың сүйегін тебу, күнә істеу және сиқырлану сияқты себептермен жын тиюі мүмкін.

Орынсыз күлу немесе жылау, Құран оқығанда іштей қарсылық сезіну, ақыл-ой кемтарлығы, бұлшықет құрысуы, ұйқысыздық, лас жерде жүру сынды әрекеттер – жын кірген адамның басты белгілері.

– Олардың адамдарға зиян тигізе алатыны қаншалықты рас?

– Жын – адам мен періште секілді Құдайдың жаратылысы. Олар ішінара жақсы және жаманға бөлінеді. Жақсы (мұсылман) жындар Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Біз адамдарға ешқандай зиян тигізбейміз, бірақ адам баласы білместікпен өзі тиіссе, сол үшін кек алуымыз мүмкін» деп уәде берген. Жаман (кәпір) жындар, керісінше, адам баласына әртүрлі бағытта зиян келтіруге тырысады.

Жын адамның ішіне кіре алады, демек оның қолынан барлық нәрсе келеді екен деп одан қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, мұсылман адам жын-шайтанның зиянынан сақтану жолдарын қарастыру керек.

– Жақында Батыс Қазақстан облысы Ханкөл ауылында жолдың бойында қыздың елесі пайда болып, тұрғындарды үркітіп жүр деген сыбыс естілді. Осы мәселеге сіздің пікіріңіз қандай?

– Жоғарыда айтқанымдай, жындар түрлі бейнеде: адам, жануар, ағаш және басқа кейіптерде көріне алады. Сондықтан жолдың бойында қыздың елесі туралы ақпарат бойынша екі болжам айтуға болады. Біріншісі – ол қыз кейпінде көрінген жын, екіншісі – сол ауыл адамдарының әзілі болуы мүмкін.

Өйткені жын-шайтандар көбіне шөл дала, лас орындарда жүреді. Күн батқанда жер бетіне тарала бастайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Күн батарда балаларыңды өздеріңе жақын ұстаңдар! Себебі осы кезде жер бетінде шайтандар тарайды. Ал түн өткеннен кейін оларды (балаларды) жібересіңдер», – деген (Бұхари, Мүслім).

Дегенмен, ондай ақпараттарды алдымен тексеріп алған дұрыс. Өйткені, ол біреудің қалжыңы болуы да мүмкін.

– Сонда жолаушылардың әбігерге түсіп жатқаны елес қауіп-қатер төндіре алады деген түсінік қой?

Мұсылман адам елесті, жынды көргенде еш алаңдамауы, қорықпауы, үрейленбеуі керек. Жын жайдан-жай адамдарға тиіспейді. Құран Кәрімде: «Менің құлдарыма сенің ешқандай ықпалың жүрмейді. Сен тек өзіңе ерген адасқан азғындарға ғана ықпал ете аласың», – делінген («Хижр» сүресі, 42-аят). Жын-шайтан Алла Тағаланы зікір етіп, құлшылық жасап жүрген адамға жақындай алмайды.

– Олардан сақтану үшін не істеу керек? Қорғанудың жолдары бар ма?

Алла Тағаланы еске алып, зікір ету – жын-шайтанға қарсы ең күшті әрі сенімді қару. Әсіресе, «Фатиха», «Кафирун», «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелері мен Аятул Курсиді оқудың пайдасы өте зор.

Азан айтып, Алланы зікір етумен жын-шайтаннан сақтану керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер сендердің біреулеріңе жын-шайтандардың бірі елес болып көрінсе, азан айтыңдар», – деген (Ахмад).

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) немерелері Хасан мен Хусейнді шайтанның және улы жәндіктердің зиянынан, сұқ көзден сақтауын Алладан тілеп, дұға ететін (Бұхари).

Сондай-ақ Хақ Тағалаға тәуекел етіп, барлық ісінде шынайы Оған сүйену, тамақтанғанда бисмиллә айту, дәрет алып жүру, жуыну, өзіне дем салу сынды іс-әрекеттер пәленің жоламауына немесе одан құтылуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, жыннан қорғану үшін Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткен таңғы және кешкі сүннет дұғаларды оқып жүру қажет.

– Адамның ішіндегі жынды шығаратын молдалар бар. Ол үшін арнайы оқи ма әлде адамға берілген қасиет пе?

– Жын тиген (жынданған), рухани аурумен ауыратын, сондай-ақ көз тиген, жаман түс көрген адамдардың имам-молдаларға дем салдырып, тазаланулары үшін мешітке келетіні рас.

Ғалымдар Құран аяттарымен, Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен зікір және дұғалармен дем салуға рұқсат береді. Жәбир ибн Абдулла (одан разы болсын): «Менің бір нағашым бар еді. Ол шаян шаққан адамдарға дем салатын. Бірде Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дем салудан қайтарды. Сонда (әлгі нағашым) келіп: «Уа, Алла елшісі! Сен дем салудан қайтардың. Мен шаян шаққандарға дем салушы едім», – деді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім өз бауырына жәрдем беруге шамасы келсе, соны істесін», – деді» (Мүслім).

Дем салатын адамның діни білімді болуы, Құранды дұрыс оқи білуі, намазы мен оразасына берік, күнә атаулыдан алыс тақуа болуы талап етіледі. Сондай-ақ, ол Аллаға тәуекел етіп, дем салуы, ал шипаны бір Алладан үміт етуі қажет. Құдайға шүкір, ондай сауатты имамдар мешіттерімізде көп.

– Хасан мырза, жындар әлемімен кездесіп қалған жағдайда не істеу керек?

– Әртүрлі кейіптегі елесті, жынды көрген адамдар Алладан пана тілеп, олардан қорықпағаны жөн. Өйткені, Алла қаламаса, олар ешкімге зиян бере алмайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жындар жоқ (яғни, олар өздігінен ешкімге зиян бере алмайды)», – деген (Әбу Дәуіт).

– Әңгімеңізге рақмет!

Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Таңбалар: Батыс Қазақстаншариғат
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Пәтуә беру жайлы

12.08.2025
Шариғаттағы бес аманат: дін, өмір, ақыл, тектілік, мал-дүние
Ислам

Шариғаттағы бес аманат: дін, өмір, ақыл, тектілік, мал-дүние

26.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жетімге мейірім етсең, жәннатқа барасың

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00