Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Халықтың қуаты – бірлікте!

19.11.2020
- Қоғам, Мемлекет және дін
0
339
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ елінің егемен ел болып, тәуелсіз мемлекет атанғанына да міне, жиырма тоғыз жыл. Иә, жиырма тоғыз жыл бір қарағанға аз көрінуі мүмкін. Әйтсе де, осы жылдар аралығында еліміздің жеткен жетістігі орасан. Ең бастысы бодандықтан гөрі бостандықтың, өзгеге тәуелділіктен гөрі тәуелсіз тірлік кешудің қадірін түсіндік.

Халқымыз Тәуелсіз еліміздің іргесін берік, болашағын баянды ету жолында ғасырларға жүк болардай істер тындыру үшін тырысып бағуда. Өйткені, тәуелсіздік біздің басты құндылығымыз әрі байлығымыз. Алайда, осыны бағалай білмей жүрген жандар да бар?! Осындайда «Бағалай білмегенге бақ, қадірлей білмегенге құт қонбайды» деген ұлағатты сөз ойға оралады.

Өз отандастарымыздың, өз қандастарымыздың ішіндегі кейбір бауырлар өзгелердің ылаңына еріп, бейбітшілік пен татулықты ту еткен отанына от салып, іргесін сөгіп баққысы келеді. Мүмкін бір білместігі шығар дейсің өз-өзіңді жұбатып.

Алайда дана халқымыз: «Жау жоқ деме, жар астында», – деп өткен. Осыған қарап «Іштен шыққан жау жаман» дегенге қалай иланбайсың?! Иә, ел ішіне іріткі салып, дүрбелең туғызған әрекеттердің ар алдында да, Алла алдында да жауапсыз қалдырмайтынын сол теріс түсініктегі бауырларымыз білсе болғаны.

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

16.09.2025
Ынтымақты нығайтатын жиын

Ынтымақты нығайтатын жиын

13.09.2025

Тәуелсіздік бізге көрген түстей еш қантөгіссіз, бейбіт түрде келді. Тіптен, аспаннан түскен олжадай оңай келе салғандай көрінеді кейде. Бірақ, ақиқатына ой жіберіп, тарихтың тереңіне көз тастар болсақ, аталарымыздың атқа қонып жауға шапқанынан, Алладан жерінің амандығы мен ұрпағының ертеңін тілеп қасық қаны қалғанша сыртқы дұшпандармен күресумен болғанын білесің. Сондағысы бір ғана мақсат – осынша байтақ даланы кейінгі ұрпақтарына аманаттап жеткізу еді.

Қазақ даласындағы талай қырғынды айтпасақ та, тәуелсіздік дегенде кешегі 1986 жылы 16 желтоқсандағы қазақ жастарының көтерілістері еріксіз еске түседі. «Тәуелсіздік» үшін өздерінің жас өмірлерін құрбан еткен жастарда шек болмады. «Еркек тоқты құрбандық» деп жандарын қиған Қайрат секілді ұлдары мен Ләззат сынды батыр қыздары жазықсыз жапа шегіп, желтоқсанның ызғарында мұз жастанды.

Дейтұрғанмен, бүгінгі тәуелсіз елдің жас ұландары мұндай нәубеттерді естен шығармай, елім, жерім, ұрпағым деп өткен ата-бабаларымыздың ерлігі мен кешегі «Желтоқсан» құрбанына айналған жастарды жиі еске алып, жадында сақтауға борышты. Себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз талай ғасырлар бойы армандады, аңсап өтті.

Біле-білсек, әрбір отандасымыз қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатыр. Бұл кез келген мемлекеттің жете бермейтін жетістігі. Мұндай жетістік «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының сан ғасырлық аңсаған асыл арманы болатын.

Тәуелсіздіктің арқасында еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосыла алды. Әсіресе, ел азаматтарының әлеуметтік тегіне, ұлтына, діни сеніміне қарай кемсітуге, өзара жауластыруға жол берілмей келеді. Мұнымен қоса, жиырма тоғыз жыл ішінде қазақ елі өзінің шекарасын бекітіп, құқықтық жүйесін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман-есен өтті.

Қазіргі таңда Қазақ елін ең мықты мемлекеттер танып білуде. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған жылдардан бері әркез дәстүрлі діндерге, оның ішінде ислам дініне қолдауын көрсетіп келеді. Тіпті еліміздің шалғай ауылдарынан бастап, әр қаланың көрікті жерлерінен Алла үйлері менмұндалап, әсем көркімен отанымызға сән беруде.

Дін жолын ұстанып жүрген жастарымыз осыны қаншалықты түсініп жүр?! Еліміздің ертеңін ойлап, ұрпағымызды тәрбиелеуге өзіндік үлесін қосады-ау деп сенім артқан кей діндар бауырларымыз бассыздық әрекеттерімен асыл дініміз исламға күйе жағып, беделін түсіріп баққысы келетіндей.

«Дін ұстанған осы» екен деп сәждеге бас қоймаған әке-шешесін кәпірге балап, әдеп-ибасымен иіліп сәлем берген келіндердің әрекетін ширк санап жүрген діндар жастарымызға не деуге болады?! Осындайда «тақия кигеннің бәрі молда емес, сақал қойғанның бәрі діндар емес» деген астарлы қағида еске түседі. Өйткені, сол сақал қойып, болмашы іліміне арқа сүйегендердің ішінде отанының қадірін бағаламай, сыртқы дұшпандардың жалған уағызына еріп, оттан да ыстық отанына, дархан еліне қарсы жат қылық көрсетіп жүргендерін қайтерсіз.

Сан ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанып келген асыл дініміз исламның мақсаты отанға қиянат жасау ма еді?!

Алладан келіп қазақ жеріне жеткен ислам діні адамзат баласын имандылыққа, кешірімділікке, әдептілікке, ата-ананы құрметтеуге отанды сүюге шақырып, бауырмалдыққа тәрбиелейді емес пе?!

Демек, діни атын жамылған ағымдардың соңына еріп кеткен жастардың бағыты бұлыңғыр екені айдан анық көрініп-ақ тұр. Осындайларға қарап Шәкәрім атамыз былай дейді:

«Бұл кездегі діндердің бәрі нашар,

 Ешбірі түзу емес көңіл ашар.

 Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді,

 Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар…»

Алла Тағала құлдарына: «Өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді», – деп бұйырады. («Ниса» сүресі, 29-аят) Ал, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім өз жанын қандай затпен қиса, тозақта сол затпен азапталады», – делінген. Демек, жасырын жүріп, жарылғыш зат тасып, бейбіт тұрғынға, мемлекетке қарсы жұмыс жасау дін дұшпандарының әрекеті. Саф алтындай таза ислам діні мұндай жат қылықты әрекеттерге түбегейлі тыйым салатынын имандылық жолында жүрген балаларымызға, жастарымызға түсіндіре жүрейік.

Біздікі тек ұлан асыр жетістігімізді – бағалауға, қадірлеуге шақыру. Ел болып жұмыла жасаған жиырма тоғыз жылдық жүгімізді бір сәтте жоққа шығаруға болмайды. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы мен тілеуінің арқасында келген тәуелсіздігімізге дін атын жамылып, құйтырқы әрекеттерімен дақ түсіру бабаларымыздың аманатына қиянат жасағандық емес пе?! Тәуелсіз елдің еркін жастары осыны түсініп, жат ағымдардың жетегінен сақ болса екен деген тілеуіміз ғана.

Тәуелсіз елдің басты байлығы ол елдің амандығы мен халықтың бірлігі екенін әрқашан ұмытпауымыз керек. Сол үшін әркім тәуелсіздік маған не берді деп емес, жас тәуелсіз отаныма мен не бердім, алдағы уақытта не бере аламын деп ойланғаны жөн.

Қазақтың болашағы тек бірлікте. Дана халқымыз да «Ынтымақ түбі – игілік», – деп бекер айтпаса керек.

Міне, талай ұлт пен ұлысты бауырына басқан бүгінгі қазақ елі берік ынтамағының арқасында талай-талай игіліктерге қол жеткізіп келеді. Елдің жеткен әр жетістігінде ынтымақты ту еткен ел азаматтарының қосқан үлесі бар деп білген жөн.

Ал, егер ел ішінде діни алауыздық туындап жатса, ынтымақты емес, бүлікті жақтаушы топтардың шырмауындағы жандардың әрекеті екені даусыз. Алла ондайдан сақтасын. Сол үшін жастарымыз бірлікті берік ұстап, ынтымақты ту етіп, имандылықты жанына серік етсе, кез-келген ағымға төтеп беріп, елдің рухани тіреуішіне айналары сөзсіз.

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: бірлікИслам дінітатулықТұрар Түгелұлы
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бірлік – басты құндылық
Видео

Бірлік – басты құндылық

22.08.2025
Ынтымақ – ұлт темірқазығы
Видео

Ынтымақ – ұлт темірқазығы

12.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламда әйел құқығы қорғалған ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Каспийді сақтап қалу үшін не істеу керек — ғалыммен сұхбат
Сұхбат

Каспийді сақтап қалу үшін не істеу керек — ғалыммен сұхбат

19.09.2025
Періштелер зиярат ететін үй
Ғибратты әңгімелер

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою