Жұма, 22 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мемлекет зайырлы құқыққа неге мұқтаж?

15.09.2020
- Мемлекет және дін
0
463
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зайырлылық – құқықтық ұстаным. Мемлекет шешім шығарғанда діни танымға сүйенбей құқықтық заңдар шығарып, қоғамдық қатынастарды реттейді.

КСРО атеистік зайырлылықты ұстанды. Яғни қоғамнан діни таным мен ұлттық мәдени танымды алып тастады. Халықтың философиялық танымын ғылымның көмекшісі етіп жіберді. Өзінің діни сенімі мен тарихи мәдениет танымынан ажыраған қазақ ұлт ретінде жойылып кете жаздады.

Қазіргі қазақ қоғамында зайырылылық атеизм ұстанымы болмауы қажет. Себебі мемлекет зайырлы болғанымен, қоғам, адам зайырлы бола алмайды. Тек қоғамдық қатынастарда тәртіпті азаматтық заңмен реттеу қажет. Ал, жеке адамның өмірі дінсіз бола алмайды.

Шәкәрім бабамыз мұны былайша сипаттайды:

Дінаралық келісім – тұрақтылықтың негізі

18.08.2025
На Съезде лидеров мировых и традиционных религий обсудят вопросы социального статуса женщин

Бірлік пен түсіністікке жол ашады

13.08.2025

«Затшылдық көзді байлады,

Адастырып айдады.

Жан билемей, тән билеп,

Ақылдың соры қайнады».

КСРО-ның мақсаты болды. Ол Дарвинизм іліміне сүйенді. Асыл рухты адамды маймылдан жаратты. Құдай жоқ деді. Бәрі өтірік деді. Қазақ Ислам арқылы өрілген мәдениетінен ажырады. Осы жолда КСРО ғылымға арқа сүйеп, зайырлылықты атеизм деп ұқтырды.

Зайырлылықты пайдаланып, кешегі КСРО-ға ұқсап, адамды Алладан ажыратып тастауға болмайды. Адамның жан-дүниесін – кие ұғымынан, халықты – құндылықтан, психологияны – рухтан ажыратпау керек. Онда адам жаны қиналып, азады.

Зайырлылық – қоғамдық қатынаста мемлекеттің шығарған заңымен тәртіпті ұстану.

Зайырлылық құқықтық ұстаным болғасын, әр елдің салты басқа. Әр ел ішкі жағдайына орай, халқының қайткенде тыныштығын сақтау үшін заңын соның жағдайына қарай жасайды.

Зайырлы мемлекет діни басшылыққа, яғни діни билікке тәуелсіз. Неге? Себебі әр діннің басшылыққа қатысты өз ұстанымы бар. Әр дінде бірнеше ағым бар. Мемлекет бір діннің діни басшылығымен жүрсе, онда басқа діндерге қысым көрсеткен болып есептеледі. Халықты біртұтастықта ұстау мүмкін болмас еді.

Мемлекет азаматтарының бақытты болуы үшін жұмыс жасайды. Сондықтан олардың діни сенімдері тапталмауы қажет. Міне сондықтан да зайырлы құқықтың мәні осында.

Дін мемлекеттен бөлінген дегенді, құқықтық жағынан ғана түсіндіреміз. Әл-Фараби бабамыз: «Мемлекет – өзінің негізгі құрушыларын бақытқа жеткізу» дейді. Ал зайырыллықты пайдаланып, халықты діни сенімінен ажыратсақ, онда ол халықты бақытсыз етер едік. Қазақ қауанса да, қайғырса да тіліне Алланы алады ғой.

Ислам дегеннің өзі бейбітшілік мағынасын білдіреді. Ал мемлекет бейбітшілікті сақтау үшін, жағдайға қарай қозғалады. Заңды да соған қарай ыңғайлайды. Неге? Бейбітшілікті сақтау үшін.

Ал уахабилер не дейді? Діни құқықпен жүрмесе, мемлекетті күпірлікке шығарады. Ол мемлекет Алланың жолынан тайған, адасқан мемлекетке балайды. Яғни, олардың санасында зайырлы мемлекет шығарған заңды Алланың заңы емес деп, жоққа шығарып, бағынбайды. Сөйтіп қоғамдық тәртіпті бұзып, қылмысқа ұмтылады.

Миында азаматтық құқық пен діни құқық күреске түседі. Сөйтіп мені ақыретте мемлекеттің заңы емес, Алланың заңы қорғайды деп, ақыретін ойлап, мемлекетке бағынудан қалады.

Ал, мемлекет оларды азаматтық құқықпен жауапқа тарта бастағанда, олар қарсыласады. Бұл тірліктері Алланың заңын қорғап жатқандай көрінеді. Мысалы, Пайғамбарымыздың өзі Мәдина ата заңын жасағанда, басқа да ұлттардың құқықтарын қорғаған еді.

Сондықтан зайырлылық халықты белгілі ағымның, жамағаттың ықпалынан қорғайды.

Яғни, зайырлылық – дінсіздік те емес, діндарлық та емес. Ол құқықтық ұстаным. Мысалы, мемлекет ғимаратында діни амалды орындамау. Ал сыртта жеке тұлғаның діни сенім амалдарына кедергі жасауда емес.

Зайырлылық бір жамағаттың ықпалынан білім-ғылымның жапа шегуінен қорғайды. Себебі мәселенің бәрі білімнің жоқтығынан туындап жатқанын байқаймыз.

Әл-Әзһәр университетінің ұстазы, доктор Ата әс-Сынбатидың сипаттамасы:

1) Надандық+Кедейлік=Қылмыс

2) Надандық+Байлық=Бұзғыншылық

3) Надандық+Еркіндік=Анархия

4) Надандық+Билік=Қанау

5) Надандық+Дін=Лаңкестік

Ал егер «надандықтың» орнын «білімге» алмастыратын болсақ:

1) Білім+Кедейлік=Қанағат

2) Білім+Байлық=Шүкіршілік

3) Білім+Еркіндік=Шаттық

4) Білім+Билік=Әділдік

5) Білім+Дін=Тұрақтылық

Зайырлылық мәні де, мазмұны да осында. Кез келген қауіптен халықты, мемлекетті қорғайды. Қоғамдағы барлық мәселені тек дінмен ғана шешеміз десек, онда оны идеологиялық сипатқа айналдырып жібереміз.

Адамды қоршап тұрған таным – тек діни таным емес. Пәлсапалық, мәдени, құқықтық, тұрмыстық танымдар да адамды қоршап тұр. Бқл танымдардың бәрі де мемлекеттің баяндылығын қамтамасыз етеді.

Kazislam.kz

Таңбалар: дін және мемлекетзайырлылық
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Діндер диалогі – бейбітшілік көпірі

17.07.2025
Зайырлылық – өркениетті қоғамның өзегі
Видео

Зайырлылық – өркениетті қоғамның өзегі

16.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Конфессияаралық және ұлтаралық келісім – жаһандық күн тәртібінде

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді
Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

22.08.2025
Алаяққа алданбаудың жолы қандай?
Қоғам

Алаяққа алданбаудың жолы қандай?

22.08.2025
Алғаусыз достықтың алтын көпірі
Қоғам

Алғаусыз достықтың алтын көпірі

22.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою