«Құран бірнеше ғасыр бұрын түскен,
бірақ, біз ғылымда не ашсақ та,
дәлелін осы кітаптан табамыз.
Демек, Құран – Алланың сөзі».
(Профессор Джоли Самсон)
«Ойбай! Естідің бе? Пәленшенің баласы уаһһабит болыпты. Сақал қойған. Тобықтан жоғары шалбар киіп, әке-шешесіне: «Сендер кәпірсіңдер!» – дейтін көрінеді! Масқараа!».
Бүгінгі күні төркіні осындай немесе осыған ұқсас әңгімелерді еліміздің қай өңірінен де естуің ғажап емес. Одан қалды, қай қаланың мешітіне барсаң да, иектеріне екі тал қыл өсіріп, оны сақал санап, өзге жұрттан оқшауланып жүретін өз халқымыздың өрімдей жап-жас жігіттерін көресің.
Осындай жағдайларға куә болып, жоғарыда келтірілген сөздерді ести тұра: «Әй, бұл қалай? Неге, нендей себеппен біздің жастарымыз ата-бабамыз ұстанып келген Исламның дұрыс жолынан тайып, басқаларға еріп кетті? Бұған кім кінәлі?» – деген сұраққа жауап іздейсің.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне ширек ғасырдан асты. Кеңес заманындағы талайлардың: «Шіркін, ата дінімізді қайта жаңғыртып, ешкімнен қорқып-үрікпей намазымызды оқып, Аллаға құлшылығымызды еркін жасасақ!» – деп көксеген күні туып, жұртымыз дінге бет бұрды. Сол жылдары еліміздің біраз жерлерінде тіпті еңбектеген балаға дейін ораза ұстап, «Мен үлкенімін!» дегендер жұма намазына, тарауық намазына қатысып, дін жолын ұстануға ежептәуір құлшыныс танытты.
Бірақ, өкінішке орай, арада үш-төрт жыл өтпей жатып, солардың басым бөлігі, соңғы қырық-елу жылда халқымыздың мінезінде пайда болып, етек жайып кеткен «көрсеқызар», «желөкпе» сынды қасиеттердің себебімен: «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» деген өз сөзін растап, намаздан да, оразадан да теріс айналып шыға келді.
Қазіргі кезде, еліміздің барлық мешітінде жұма намазына қатысатын намазхан бауырларымыздың дені жастар екенін білеміз. Баяғы: «Мен үлкенімін!» – деп кеуде соғатындар, жиырма-отыз жас шамасындағы жастардың арасында, ат төбеліндей ғана болып көрінеді.
Әр уақыттың өз белгісі, өз құндылығы бар. Дәл қәзіргі уақыттың ең басты белгісі мен құндылығы – сана-сезімі оянып, оны жетілдіруді мақсат еткен жастардың бір бөлігі Ислам дініне бет бұрып, бұл дүниеде адам өмірінің мәні мен мағынасының, рухани байлығының негізі – Ислам дінінде екенін сезініп, Алла Тағаланың адам баласына бұйырған тура жолын ұстануға құлшыныс білдіруі.
Ал, сол жастардың қадірлі де қасиетті мақсатына қолдарын жеткізуіне біз қандай көмек көрсетіп, қандай қолайлы жағдай жасап отырмыз?
Дінге ұмтылған жас балаға отбасында дін ілімнің ең болмаса негіздерінен түсінік беріп, Алла Тағала бізге ұстануды бұйырған Тура Жолға жөн сілтер жан жоқ. Өйткені әке-шеше түгіл, кейбір ата-әженің де діннен хабары жоқ, Аллаға жасар құлшылығы жоқ, діннің не екенін, иманның не екенін өмірде ойлап-білмеген де, білуге тырыспаған да, жәй ғана жан иелері. Баланың маңайындағы жақын адамдарының басым көбі де өзінің әке-шешесі мен ата-әжесінің «о жақ-бұ жағы», жалпақ тілмен айтқанда – «әліпті таяқ деп білмейтіндер».
Міне, осындай ортада өсіп-өнген бала өзінің дінге деген құлшынысына, құштарлығына тірек болып, дұрыс ілім-өнеге берер адамды қайдан табар?
Өмірде әрқашанда жоқ нәрсенің орнын бар нәрсе толтырып отырар. Білім жоқ жерде надандық, жақсылық жоқ жерде жамандық жүрер.
Сондықтан дін ілімін, дін түсінігін ізденіп, білімді, білікті ұстаз таба алмаған жас бала, күндердің-күнінде көшеде, ақиқат діннен еш хабары жоқ, анадан естіген, мынадан естіген, діни ешбір негізі жоқ осы заманның жалған «ғалымсымақтарының» шатпағына бой ұрған, қабілеті мен сауаты өзінен анағұрлым төмен уағыздаушыға тап болып, соның соңына ілесіп, қас қаққанша уаһһабит, сәләфит, құранит және т.б. адасқандардың ізбасары болып шыға келер.
Діни надандық тек жеткіншек жастарға ғана зиянын тигізумен шектелмейді. Осыдан 130 жыл бұрын өз халқының – қазақ халқының діни надандығы жанын жегідей жеп, жұдырықтай жүрегін ауыртқан Ыбырай Алтынсарин атамыз «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты кітабында былай деп жазған:
«…Ләкин (бірақ), Ислам мәнісін білмек әрбір мұсылманның өз басына парыз әлгі рәуішше, мұсылманшылықтың шартын ел ішінде молдалары біліп бөтендері білмегенмен, бұл білмегендердің мойнынан парыз түспейді. Парыз түсу түгіл, бұл мұхтаж шарттарды білмеген кісі мұсылман да болмайды. Құдай Тағала өзі сақтасын?!
Соның үшін бізбен қатар татар, түркі уә ғайри (және басқа) халықтар аят, хадистің мұқтаж керекті бұйрықтарын өз тіліне көшіріп, түсінетін кітаптар шығарып, діннің ғылымын жұрттарына жайды.
Бірақ, біздің қазақ тілінде әркім түсініп оқып немесе біреу оқыса тыңдаған қара халық түсініп отыратын бір де кітап жоқ. Сол себептен жалғыз кітап таныған молдалар болмаса, көп қара халық өзінің діні не екенін де кәміл түсінбейді.
Хатта (мүмкін) көп адам осы қалыпша кәпір болып та жүрген шығар?!
Мұны көріп біз, фақыр (бишара) Қыпшақ руының Ибраһим Балғожа би ұғлы, қарындас халқымыз қазақ жұртына пайда қелтірмек ниетпен, һәм қараңғы туғандарымызға түсінікті тілменен өзінің дінін түсіндіру үшін бұл кітапты жазуға кірістік» (Ы. Алтынсарин. «Мұсылманшылықтың тұтқасы» (Шәриф ул-Ислам). Қазан баспасы, 1884 жыл).
Дәл кәзіргі заманда қазақ тілінде діни кітаптар да баршылық, ізденген адам интернеттен де қажетті ақпарат ала алады. Бірақ, сол «жабулы қазан жабулы қалпында» қалып отыр.
Үлкендер надандықтың салдарынан, жастары 60-70-тен асса да: «Мен намаз оқымасам да, еш күнә жасамаймын, менің жүрегім таза екені бір Аллаға аян!» – деп, Алланың мұсылманға парыз еткен бұйрықтарын жоққа шығарып, одан сайын ауыр күнәға батып, тіпті бәлкім діннен шығып кеткенін де білмей жүр.
Бұндай кісілер иман келтірудің мағынасын түсінбейді және түсінуге талпынбайды да. Себебі, олар күнделікті бес уақыт намаз оқымайды, зекет бермейді, ораза ұстамайды, халал (рұқсат етілген) мен харамды (тыйым салынған) ажырата алмайды.
Ондай адамдар туралы Қасиетті Құранда былай делінген:
«Кейбір адамдар айтады: «Аллаға және Ахирет Күніне иман келтірдік (сендік)», – деп. Бірақ, олар иман келтірмейді. Олар Алланы және иман келтіргендерді алдамақ болады. Бірақ, олар тек өздерін ғана алдағандарын білмейді»… «Және иман келтіргендерге кездессе: «Біз иман келтірдік!» – дейді де, ал өз шайтандарымен қалғанда, оларға: «Біз сендерменбіз, біз оларды мазақ етеміз», – дейді… Алла оларды қатаң жазалайды және одан бетер адастырады» («әл-Бақара» сүресі, 8, 14-15-аяттар).
Бұндай имансыздықтың негізі тек бойкүйез жалқаулық қана емес, дін ілімінің негіздерінен бейхабарлық, надандық және тазалық сақтаудың дұрыс жолын білмей, тыйым салынғаннан сақтанбай, ізгі өмір сүру салтын ұстанбағандық.
Ислам дінінің негіздерінен, халал (рұқсат етілген) мен харамды (тыйым салынған) ажырату және тазалану (дәрет) амалдарынан ілімі жоқ адамның оқыған намаздары мен жасаған басқа да құлшылықтары үшін: «Күмәнсіз, мен Алладан тиесілі сауап аламын!» – деп сенуі – орынсыз сенім.
Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «…Көп адамдардың жейтіні де харам, киетіні де харам, Сөйте тұра, қол жайып тілек тілейді. Ондай тілек қалай қабыл болады?» – деген.
Адам баласының бәріне де, бұл дүниеге келгеннен кейін, біреуге ерте, біреуге кеш, о дүниеге кетпек бар. Жан алқымға келгенде, қандай адам болса да, тіпті діннің қас жауының өзі, барар жағында әлдене күтіп тұрғанына толық сенбесе де, бір құдіреттің бар екенін ойлап, өз өмірінің нәтижесін еске алып және сол нәтижеге тиесілі қарымта болар мүмкіншілігін зор қорқыныш-қауіппен күтер.
Қол астындағы жұртты өзіне құлшылық жасауға мәжбүрлеп оларға: «Сендердің ең жоғарғы әмірші Құдайларың – мен», – деп жар салған Перғауын, теңіз тұңғиығында өмірінің соңғы сәті келгенін түсініп, жан даусымен: «Сендім, Исраил ұлдары иман келтірген Құдайдан басқа Құдайдың жоқтығына, және мен де иман келтіргендердің қатарындамын», – деді».
«Иә, енді ғана! Ал, бұрын сен құлақ аспаған, жамандықты таратушылардан болдың» («Юнус» сүресі, 90-91-аяттар);
«Және, сонда олар, біздің құдіретімізді көріп: «Біз бір Аллаға иман келтірдік және Оған серік қосудан бас тарттық!» – деді. Бірақ, Алланың әмірімен Оның құлдарына көрсеткен Біздің құдіретімізді көргеннен кейін ғана келтірген иманның оларға көмегі болмады. Және кәпірлер сол жерде шығын шекті» («Ғафыр» сүресі, 84-85-аяттар).
Жүрегінде иманы және Алла Тағалаға жасаған құлшылығы жоқ адам Алланың алдында мұсылмандар қатарына қосылмай, Оның қаһарына ұшырағандардан болар. Хадистерде бұған қатысты мынадай хабарлар келеді:
«Алла Тағала сендердің түрлеріңе, дәулеттеріңе қарамайды. Ол сендердің жүректерің мен амалдарыңа қарайды»;
«Қайта тірілген күні Алланың құлына оның жасаған амалдары турасында бірінші қойылатын сұрақ – оның намазы жайында. Егер ол намазды көрсетілген тәртібімен оқыса, құпталынып, жақсылыққа кенеледі. Егер намазы толыққанды болмаса, масқара болып, шығынға ұшырайды»;
«Кім намазды үзбей оқыса, қайта тірілген күні намаз оған Нұр, Дәлел және Құтқарушы болар; ал намаз оқымаған адамға Нұр да, Дәлел де, Құтқарушы да болмас, және ол ең жаман жағдайға душар болар»;
«Екіжүзді (мұнафық) немесе Алладан басқа «құдайға» сыйынып жүрген (мушрик) адам өлсе, ол тозақтық болып, мәңгілік сонда қалар».
Құрметті оқырман! Өмірдің күнбелікті ағымын, мәні мен мағынасын саралап, жоғарыда айтылған мәселелерге көңіл бөліп, ой толқытар күн туды! Өткенге көз жіберіп, болашақты ақылмен өлшеп-пішіп, бір шешімге келермісің?!
Ж. ШАЙЖАНҰЛЫ,
Қостанай қаласы