Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни-құқықтық сауаттылық – тұрақтылыққа сеп

29.08.2020
- Ағымдар ақиқаты, Мемлекет және дін
0
564
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Биыл Қазақстан Республикасының Ата Заңының қабылданғанына 25 жыл толады. Осы уақыт ішінде еліміз демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде таныла алды. Республиканың ең қымбат қазынасы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігін айқын көрсетті. Ел азаматтарына өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге ерік берілді.

Бүгінде Қазақстан – әлемге бейбітшіл бастамаларымен танылған абыройлы мемлекет. Еліміз ішкі саясатта да қоғамның мамыражай өмірі мен тұрақтылығына қол жеткізді. Сол тұрақтылықтың арқасында елдің әрбір азаматы өздері алға қойған жоғары білім алу, материалдық игіліктерге қол жеткізу, қоғамның белсенді мүшесі болу, отбасы құру т.б. сияқты өмірлік мақсаттарын іске асыра алады.

Қазір әлемде өз туған жерін тастап, мәжбүрліктен босқынға айналған адамдардың саны күн санап артып отыр. Олардың босқын болуына өз елдеріндегі діни-саяси алауыздықтың өршуі мен бейбіт өмірден айырылуы себеп болуда. Ендеше діни-саяси алауыздық әрекеттер елдің ішкі тұрақтылығын бұзуға бағытталған қатерлі әрекет болып табылады.

Тұрақтылыққа кері әсер ететін тағы бір нәрсе – заң бұзушылық және лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыру және қатысу. Өкінішке орай, мұндай әрекеттер Қазақстанда да орын алған болатын. Мұның мысалын 2016 жылғы екі қаладағы қайғылы оқиғадан көруге болады. Ақтөбе оқиғасы салдарынан 9 адам қаза тауып, 38 адамның әртүрлі дене жарақаттарын алды. Ал, Алматы қаласындағы оқиғадан 9 азамат қаза тапты.

Кейін белгілі болғандай, лаңкестік оқиғаларға қатысы бар адамдардың басым бөлігі діни білімін әлеуметтік желідегі «діни» топтарға тіркеліп, дәстүрлі емес ислам бағытындағы діни әдебиеттер мен уағызшылардан алатындығы байқалған. Ешбір дәстүрлі бағыттағы ресми ислами оқу орындарында ұстаздардың тәлімін көрмеген. Яғни, діни сауаты төмен және дәстүрлі емес ислам ағымының өкілдері болған.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Жалпы, діни ағымның жетегінде кетіп, заң бұзушылық әрекеттерге барған азаматтардың ісін саралай келе үш себебіне баса назар аударуға болады.

Біріншіден. Көп жағдайда олардың қатарына діни сауаты төмен және дәстүрлі құндылықтарды бойына сіңірмеген адамдар ілеседі. Яғни, өзінің діни бағытын дұрыс анықтай алмайтын дәрежедегі адамдар.

 

Екіншіден. Құқықтық сауаттылығы төмен, мемлекеттің Ата заңын құрметтемейтін азаматтар. Олар мемлекеттің қоғам игілігі үшін қызмет жасайтын құқықтық, зайырлы жүйесін өз назарынан тыс қалдырып, тек кемшіліктер мен айыптаушылыққа негіз болатын себептерді көруге тырысады.

 

Үшіншіден. Азаматтарымыздың жат ағымның ықпалына түсуіне ғаламтор желілерінің де әсері бар. Қазіргі кезде ғаламтор қоғамның негізгі ақпарат көзіне айналып, жастар бастапқы дін туралы түсініктерін ғаламтордағы мәліметтер арқылы қалыптастыруда. Нәтижесінде, олардың санасында діни ұстанымдарға, зайырлы мемлекетке қатысты қате түсініктер туындау ықтималдылығы артуда. Сондықтан қоғам тыныштығы мен тұрақтылығына азаматтардың діни-құқықтық сауатсыздығы мен ғаламтордағы жалған ақпараттар кері ықпал етуде деп айта аламыз.

Діни сауаттылықты көтеру – азаматтардың жат пиғылды идеялардың ықпалына түсуінің алдын алу мен оның таралуына жол бермеудің ең тиімді жолы. Өйткені, жат ағымның жетегінде кеткен адамдар өздерінің істеп жатқан адамзатқа жат қылмыстық әрекеттерін жаратушы алдында сауапты, жақсы іс деп санайды.

Мысалы, олар зайырлы елді Исламға қарсы мемлекет деп түсінеді. Сондықтан зайырлылық ұстанымдарына негізделген билікке қарсы шығу, бүлік тудырып өздері аңсаған «мемлекетті» құру – олардың ең басты мақсаты. Яғни, қазіргі біз өмір сүріп жүрген зайырлы еліміз жат ағым өкілдері үшін жойылуы тиіс басты нысан. Ал, ондай ағымның ықпалына түскен азаматтар осы қауіпті пиғылдың қолжаулығына айналады.

Шын мәнінде Ислам діні бойынша заңдары дінге негізделмегенімен діни рәсімдердің орындалуына рұқсат беретін Қазақстан сияқты мемлекеттің заңдарына бойұсынуға міндетті. Осы жерден жат ағымға кеткен адамдардың діни біліммен қатар құқықтық сауаттылығы, жалпы зайырлы қоғам туралы дұрыс пікір қалыптаспағандығын аңғаруға болады.

Дін мәселесіндегі құқықтық мәдениетті қалыптастыру – діни сауаттылықтың ажырамас бөлігі. Құқықтық мәдениет тұрғындарға ҚР-ның діни қызмет саласына қатысты заңнамаларының жұмыс істеу тетіктерін түсіндіруге, қалың көпшілікке мемлекеттің діни қызмет саласындағы саясатының негізгі ережелерін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар діни-құқықтық сауаттылық – еліміздің зайырлылық қағидаттары мен ұстанымдарының және ҚР заңнамаларының дінді қысымға алуға емес, діни-сенім бостандығын, қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғандығын ашып түсіндіруге, сол арқылы діншілдердің зайырлы ел туралы дұрыс көзқарасының қалыптасуына және қылмыстық әрекеттерден бас тартуына әсер етеді.

Қорыта айтқанда, Ата Заңды құрметтеп, құқықтық мәдениетті арттыру зайырлылық жайлы тереңірек түсінуге жол ашады. Ал, діни сауатты көтеру Конституцияның дінге қарсы емес, керісінше азаматтардың сенім бостандығы мен құқығын қорғауға жұмыс істейтіндігіне көз жеткізеді. Өз кезегінде бұл елдің тұрақтылығы мен дамуына мол мүмкіндік береді.

Рахымжан РАШИМБЕТОВ

Таңбалар: Ата заңбасты тақырыпдеструктивті діни ағымдарКонституция
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Американдық жігіт: Әлемнің ешбір жерінде мұндай бақыт пен тыныштықты сезінген емеспін

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00