Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ахун» қандай лауазым?

06.08.2020
- Сұрақ-жауап
0
421
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: «Ахун» қандай лауазым?

Жауап: Белгілі түрік тарихшысы З.У. Тоған орта ғасырларда Жетісу жеріндегі несториан діни қызметкерлерін «аргун» және «архун» деп аталғанын алға тартып, «ахун» сөзі осыдан келіп шыққан деп жорамалдайды.

Әйтсе де, тарихи деректерде бұл көзқарасқа қосымша дәлелдер жоқтың қасы. Сол себепті, «ахун» сөзі этимологиясының несториандыққа қатысы жоқ деп ойлаймыз.

Қазіргі парсы тілінде «ахун» сөзі «жарық, ойық, тесік» деген ұғымдарды білдіреді. Бірақ, біз қаузап отырған діни лауазымды білдіретін «ахун» сөзіне «жарық, ойық, тесік» ұғымдарының мүлде қатысы жоқ.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Әсілі, «ахун» сөзі – парсы тілінде «хунд» және «хауәнд» сөздерінен шыққан. «Хунд» сөзі «оқыды», «талдады», ал «хауәнд» сөзі «ұстаз», «мырза» мағыналарын береді. «Хунд» және «хауанд» сөзінің алдындағы «а» (а-хунд) әрпі «аға» немесе «құрметті» мәртебесін білдіреді. Яғни, «ахун» дегеніміз – оқымысты, зерттеуші, ұстаз, мырза, ғұлама мағыналарына саяды.

«Ахун» сөзі арнайы діни лауазым ретінде алғаш рет Шағатай ұлысын Әмір Темір билеген тұста пайда болды. Мысалы, сол кезеңде өзінің асқан діни білімінің арқасында Герат қаласындағы үш медресені қатарынан бір уақытта басқарған Мәулана Фасихуддин Низамиге «ахун» лауазымы берілген еді. Ал, Сафефиддер дәуірінде ахун деп Иранда хикмет (сопылық) ілімімен шұғылданған шейхтерді атайтын. Айталық, атақты сопы Мулла Садра-йи Ширазиді жұрт ахун деп атаған болатын.

ХІХ ғасырдан бастап мұсылман қауымы сопылықтан өзге дін ғұламаларын да «ахун-молда» деп қатар атайтын болды. Атақты Абдулкәрім Әрибаниді көпшілік «ахун-молда» дейтін. Дін ғұламаларын «ахун» деп атау үрдісі ХХ ғасырдың басына дейін жалғасты. Мысалы, ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген атақты фиқһ ғұламасы Мұхаммед Казим-и Қорасаниді халық «Ахун Қорасани» деуші еді.

ХХ ғасырдағы халықаралық саясатта дін мәртебесінің төмендеуінен діни лауазымдардың да құны түскені көпшілікке белгілі. Осыған байланысты жұртшылық оқымысты дін ғұламаларын ғана емес, жай дінді ұстанған адамдарды да «ахун» деп атай беретін. Сондай-ақ, Иран Ислам Республикасы құрылғаннан кейін (1979 ж) жаңа діни реформаларға қарсы шыққан ескі көзақарастағы (қадимшілдер) ғұламалардың қозғалысына «ахундизм» атауы берілді.

Парсы мәдениетінің ықпалының нәтижесінде «ахун» титулы Мәураннахр мен Түркістан аумағында да діни лауазым ретінде қолданылды. Тіпті, Еділ бойындағы татар-башқұрт мұсылмандары және Шығыс Түркістандағы ұйғыр мұсылмандары арасында да «ахун» мәртебесіне ие дін адамдары өмір сүрді.

Ресей патшалығы 1789 жылы Орынбор мүфтилігін құрған кезде, мүфтиден кейінгі аймақтағы дін мәселелеріне жауапты лауазымды тұлғаны «ахун» деп атады. «Ахун» атауы Ресейге қарасты мұсылмандардың діни әкімшілік жүйесіндегі арнайы лауазым болса, Бұқар мен Хиуа хандықтарында медресе бітіріп шыққан түлектерге «ахун» мәртебесі беріліп отырды.

Жалпы, Орталық Азияда көбінесе медреседегі тиісті пәндерді оқып, ақида мен фиқһ және дағуат (уағызшы) мамандығын игерушілер «ахун» атағына ие болды. Ал, ақида мен фиқһ және дағуат мамандығымен қатар хикмет (сопылық) ілімін жан-жақты игерген түлектерге «ишан» атағы берілді.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: АхунғұламаМұқан Исаханұстаз
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Интернет діни ұстаз бола алмайды

14.10.2025
«Бәрінен бұрын «білмеймін» деуді үйрет»
Ғибратты әңгімелер

«Бәрінен бұрын «білмеймін» деуді үйрет»

22.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Халифаттан» қашқан жесір

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00