Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жақсының жаны – жәннат

16.07.2020
- Қоғам
0
682
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

(немесе сәби сүйкімділігінің сыры неде?)

Атам қазақ: «Жақсының жаны – Жәннат» дейді. Бұл сөздің «Жақсының жанында жүрсең, Жәннатта жүргендей, рахат қой, шіркін!» деген бір мағынасы – бәрімізге таныс. Алайда, бұл мәтелдің екінші қыры бар. Әңгіме сол жайлы.

Өмір – сынақ екені белгілі. Әрбір сәт, әрбір сөз бен іс – тұтас сынақтың бір бөлшектері; кейде ол сұмдық салмаққа ие болмақ…

Баяғыда бір ханзада аты шыққан, даналығымен дүйім жұртты тамсандырған тақуаны өзіне алдыртыпты дейді. «Ақсақал, ойлап-ойлап ақылым жетпеді. Осы жұмақ, тозақ деген не нәрсе?» – деп сұрапты. Қария ханзадаға байыптап көз тігіпті де: «Ей, бейшара-ай, жұмақ, тозақты қайтейін деп едің? Одан да анау түймеңді дұрыстап салып алсаңшы!» – депті.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Сол-ақ екен, өмірі мұндай қаперсіз қатынас, сұрықсыз сөзді естіп көрмеген ханзада қалшылдаған күйі қынабынан қылышын суырып алып, сілтей бергенде, көзіне көзін қадап тұрған қарт сабаз саспастан: «Тоқта! Тозаққа еніп барасың!» – деп саңқ ете қалыпты. Істің мәнін енді түсінген жас жігіт қылышын жерге тастап, тізерлей иіліпті қарт алдында. Сонда тақуа: «Тұра ғой, құлыным, сен жұмақтасың» деген екен…

Осы мәселеге қатысты қасиетті «Исра» сүресінің 72-аятында: «Кім (бұл дүниеде) соқыр болса (ақиқаттан бас тартса, көрмесе), ол кейінгі мәңгілік өмірде де (Ақыретте де) соқыр әрі жолдан ең қатты адасушы болады», – делінген. Бұл аятты ардақты Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) «Кім қандай күйде (сенім-түсінікпен, атқарған амал-әрекетімен) қайтыс болса, сондай күйде қайта тіріледі» деген мағынадағы хадисі бекіте түседі.

Бұл дегеніңіз: «Бұл дүниеде табылмаған ақиқат кейін табылмайды; суреті – жалған, сыры – ақиқат тіршіліктің өзегін танып, ақиқи ғұмырыңды осында бастамасаң, басқа мүмкіндік жоқ; Рухтың мәңгілік екенін мойындасаң: сол мәңгілік рух – дәл қазір сенің ішіңде, бойыңда, осыны түйсін; сол мәңгілік рухыңды оят, іске қос, оған нәпсіңді бағындыр, сонда ғұмырың мәнді болмақ; Мәңгілік бақыттың бастауы – бүгінгі күніңде, жаның нұрланса – жан-дүниеңде жұмақ орнайды; Қазір, осы мүмкіндігің бар, әрекет-амалың тоқтамаған кезде түсінбеген ақиқат, орнамаған ахуал-күй – дүниеден қайтқан соң орнай қоймайды» деген сөз. (Осы тұрғыда ғалымдар: «Бұл дүниеде жұмаққа кіре алмағандар, ақыретте де кіре алмайды», – деп, хақ діннің қадірін меңзеп, ақиқаттың ауылына шақырады…)

Бұдан шығар түйін: жұмақ пен тозақты (рухани мағынасында) – бара жатқан бағытыңнан хабар беретін ішкі хәл, рухани ахуал деп те түсінуге болады (бұл сөзіміз мәңгілік жұмақты жоққа шығару емес). Сыртқы ықпал-күш, жағдайларға қарамастан ішкі тыныштық пен сабыр-мейірді жоғалтпау; «Айналайын, Аллам-ай, көрсеткен күніңе, берген бейнетіңе шүкір!» деп егіліп, емірену; түрмеде жүрсе де түңілмеу; қапаста отырса да азат болу, кедей болса да кең болу – ішкі хәлдің, жан-дүниедегі жұмақ-нұрдың әсер-көрінісі. Бұл хәлдің сырын түсіну үшін сәби табиғатына көз салсақ, біраз дүние ашылады.

Төрт қасиетті кітаптың бірі Інжілде (түпнұсқасы жоқтығы, адам сөзі араласқаны – басқа әңгіме) Иса пайғамбардың (Ол кісіге Алланың сәлемі болсын!) «Ақиқатын айтам: сіздер сәби сияқты болмайынша, Құдай патшалығына (Жұмаққа) кіре алмайсыздар» деп айтқаны келтіріледі. Жоғарыдағы аят пен хадисті және Иса пайғамбардың осы өсиетін атадініміздегі «Өлмей тұрып өл» деген қағида айшықтай түседі.

Қысқа қайырсақ, «Өлмей тұрып өлудің» мағынасы: айуани табиғатымызды – нәпсімізді «өлтіріп», рухымызды ояту, «тірілту»; яғни рухани сана нәпсілік қалауларды бағындыратын, басқаратын дәрежеге жетуі керек. Ол үшін адамның ой-жүйе, мінез-құлық, мақсат-мұраты, күш-қуаты адам бойындағы «жалған мен» – нәпсіге емес, «нағыз мен» – рухқа, жүрекке бағынуы тиіс.

Басқаша айтқанда: пенде өз қалауы мен құмарлықтарын имани талаптарға бағындыруы тиіс. «Мұндай күйге жету, мұндай нығметке ие болу: ар-иманның орталығы, рух-махаббаттың мекені, ақыл-ойдың кені – жүректің тазалығы арқылы ғана мүмкін болмақ», – дейді ғалымдар. Ал жүректің тазалаушысы – Құран мен Сүннетке сай құлшылық: тәубе мен шүкір, зікір (Алланы еске алу) пен пікір (парасатты пайым)…

«Ол күні (Қияметте) тек Аллаға сау жүрекпен келгендер жетістікке жетеді» («Шуъара» сүресі, 89-аят.) деген мағынадағы аятта айтылатын жүрек – сәби жүрегі болса керек. «Бұл аяттағы сау жүрек – Аллаға серік қосудан, күмәннан, күнә мен (көреалмаушылық, тәкаппарлық, мақтаншақтық, дүниеқоңыздық, нәсіқұмарлық сияқты) түрлі дерттерден тазарған жүрек» деген түсініктемені басшылыққа алсақ, шындығында сәби жүрегі бұлардан ада…

Сәбидей болудың мәні – осы тазалыққа жету, дүниенің кіріне былғанған жүректі бастапқы қалпына келтіру. Періште көңіл сәбидің баршаға сүйкімділігі де – сол жүректің саф тазалығында, азғырушы шайтан араласпаған пәктігінде, ешкімге қиянат жасай алмайтын бейкүнә әлсіздігінде (Негізі, бұл әлсіздік – рухани ғаламат қуат!).

Сәбиді сүйетініміз – осы тазалық-пәктігінің арқасында Жаратушы Иеміздің рақым нұры астында («жұмақтың» ішінде) жүргендігін түйсінген сезім-аңсардың сүйсінісі. Міне, осындай тазалық-пәктік хал-күйіне жету – «Жұмаққа ену» болмақ. Өзекте бұндай күйдің болуы – дұрыс бағыттың, тура жолдың хабаршысы. Өйткені: Сыртқы әлем – Ішкі әлемнің шағылысы; басқаның сізге қарым-қатынасы – сіздің жан-дүниеңіздің жаңғырық-жауабы…

Жалпы, барша құлшылық-ғибадаттың түп мақсаты да осы тазалыққа (жүрек тазалығы, жан тазалығы) жету. Қасиетті Құранның «Шәмс» сүресінің 9-аятында: «Оны (жанын, нәпсісін, жүрегін) тазартқан мұратына жетті» делінген. Жан-дүниеңді құлшылық арқылы тазарту, кемелдендіру және сол арқылы Жаббар Иемізге жақындай түсу; Ұлы Раббымыздың разылығына, сүйіспеншілігіне лайық болуға ұмтылу – тазалыққа ұмтылу, «сәби күйге» ұмтылу.  Ал осы игілік-сыйға кейін емес, шыбын жан шықпай тұрып, дәл қазір, тірі кезіңде қол жеткізуге тырысу – ақылдың ісі.

Ес білгеннен кейінгі өмірдің ағысына қарасаңыз, нәпсінің әлсіреп, рухтың күшею үрдісін көресіз: үйлену, ата-ененің көңілін табу, бала-шаға қамы, ел-жұрттың сенімін ақтау, Құдайға құл бола білу – нәпсімен (эго-өзімшілдікпен) күресу, жеңу арқылы жүзеге асады; тән әлсіреп сиықсыздана береді, ал рух (ар-иман, ақыл-мейір), керісінше, күшейе-қуаттана береді. Яғни, имани тұғыры мықты, амал-әрекеті дұрыс пенденің жаны тазарып, «сәбилігі» қайта оралады. (Бұл да – Алла Тағаланың бізге көрсеткен бір мейірімі…)

Жалған дүниенің қызығына жанығамыз деп жүріп жоғалтып алған жұмақ-күйдің қарт адамдарда қайта көрініс беруін қазақ «Қартайғанда бала болды», «Қарт та – бір, бала да – бір» деумен меңзейді. (Әрине, қартайғанның бәрі – қария, шашы ағарғанның бәрі – ақсақал емес…)

Қысқасы: сәбидің сүйкімділігі, қарттың қадірлілігі – нәпсінің қалауынан арыла алған рухани тазалығында. Алла жолында жүріп, нәпсіні жеңіп, сыннан өткен сәбилік-тазалықтың қайта оралуы – дұрыс ғұмырдың нәтижесі болса керек…

«Әрбір саналы жанның табан тірер жері – Ислам» деп кеткен Лев Толстой атамыздың: «Адам – аң да емес, періште де емес; ол – аңнан туылып келе жатқан періште, жануардан туылушы рухани жаратылыс. Біздің осы өмірдегі тіршілігіміз – осы туылудан басқа ештеңе де емес» деген пікірі – ішкі әлем, ақиқи ғұмырдың мәнін ашады әрі ілгеріде айтылған ойымызды нақтылай түседі.

Сәбилігін сақтаған, балалығын жоғалтпаған жан – бақытты. Нәпсісін тазартып, сәбилігін қайта тапқан жан – бақытты! «Сәби болғым келеді» деп Мұқағали ағамызша іздеп жүргендер, талпынғандар – бақытты…

Иә, Жақсының жаны – сәбидей таза болғандықтан, «Жақсының жаны – Жәннат»…

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: Алғадай Әбілғазыұлыжұмақиманнәпсі
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жұмақ есігінде не жазылған?
Ғибратты әңгімелер

Жұмақ есігінде не жазылған?

23.11.2025
Жұмақ пен тозақтың тартысы
Ғибратты әңгімелер

Жұмақ пен тозақтың тартысы

12.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Болатбек ӘБУОВ: «Облыстағы діни тұрақтылық – әкімдікпен бірлескен жұмыстардың нәтижесі»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00