Адам баласы, оның ішінде біз де қазақ болып туып, осы дүниенің есігін ашып тіршілік жасап жүрміз! Бала кезінен бастап ата-аналарамыз, мектептегі асыл ұстаздарымыз білім тәрбие біріп, еліміздің, жер мен ғаламаттың тыныс-тіршілігімен таныстырып келе жатыр. Сауатымыз ашылып, бойымыз бен ақыл санамыз өсіп өмір сүре бастаймыз.
Есімізді жиғанша адам баласына ата-ананың махаббатынан басқасы ештеңе керек те емес. Оны біз өзіміз өскенде ғана, балалы болғанда ғана түсініп таңқалып отырамыз. Жастық кезенде осы әлемнің, табиғаттың жаңа шындарын көре бастаймыз, қоғамдық қарым-қатынасты, нарықтық экономиканы, байлық пен кедейлікті, пайда мен зиянды! Шыны керек, осы дүниенің артынан қуа бастамыз! Кейбір адамдар өз мұқтаждығын қанағат қылған соң тоқтайды, басқалары дүние жарысына түседі.
Адам терең ойланып қарайтын болса, шын мәнінде ештеңесі жоқ екенін аңғара алады. Көзіміз, құлағымыз, санамыздың өзі мерзімі жеткенде бізді тастап кете баратын болады. Ал сонда адам баласының осы жалған өмірде басқа несі бар?
Ежелгі дәуірден бастап әлемдеге патшалар мен сұлтандар соңғы демі беткен соң, өз уәзірлеріне халық алдында менің табытымды көрсетіңдер, қолымда әлем болса да, өлгең соң қолымда еш нәрсе жоқ екенін, бақилық өмірге қалай жалаңаш келдім, солай аттанып бара жатырмын деп өсиеттерін қалдырып кетеді екен! Осы құбылысты терең түсініп Абай атамыз былай деген екен:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап-күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айырылғанын,
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырғаң?
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей?
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей.
Міні қайда екенін біле алмассың
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниедегі дос ақиретке бірдей болмас.
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас.
Дүниеге ынтық, мәғшәрға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.
Иелік етіп отырғандарымыз, басқарып отырғандарымыздың бәрі бір күні қолдан кетеді. Бәлкім бір бақшамыз бар шығар, бірақ ол бақшаны түнеп жүрген мысықтың өзі, бұл бақша менікі деп ойлайтын шығар, кім білсін?
Сол бақшадан қорегін тауып жүрген құстар да, жылан да бәлкім өзінің мүлкі деп санайтын шығар. Осы құстар басқа да жануарлар сайрап ән салғанда біздің бар екенімізді сезеді ма екен?
Топырақтың тереңіне тамыр салып, күн шуағына жапырағын жайып бүршік жарып жемісін төгіп тұрған ағаш, біздің бар екенімізді біліп, сезер ма екен? Біздің бар екенімізді сезінсе да, олар бізді өзінің иесі екен деп қабылдай ма?
Барша тіршілік иесі де, адам да тек Алланың жаратылысы екенін білсе, сол кезде ғана бақытты бола алады. Кез келген қиындықты, ауыртпашылықты мойнына жүктеген адам өмірдегі қиындықтарға сол сәтте ғана төзе алады. Кейде бұл қиындықтарды қуанышқа айналдыруға тырысады.
Өзіңді жаратқан шын Иеңді, яғни Алла тағаланы танығанда, өмір қиындығының қуанышқа айналғандығын байқайды. Біздікі болып қалатын, мәңгілікке тек Алла ғана. Оған дәлел Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) жеткізген хадистерде былай деген:
«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кісінің байлығы дүние-мүліктің көптігінде емес. Шынайы байлық — бұл жан байлығы».
«Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Нағыз байлық – дүниенің ағыл-тегіл көптігі емес. Нағыз байлық – жан сарайының байлығы (яғни, барға қанағат етіп, ешкімге мұқтаж болмай күн кешу)» – деп айтты», – делінген (Бухари, Муслим риуаят еткен).
«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мұса пайғамбар Алладан: “Құлдарыңның ішінде ең байы кім?” – деп сұрады. Алла: «Берілгенге қанағат қылатын адам», – деп жауап берді».
Мұса пайғамбар: “Ал құлдарыңның ішінде ең кедейі кім?” – деп сұрады. Алла: «Әрдайым (берілгенді) азсынатын адам», – деп жауап берді.
Содан кейін пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Шынайы байлық — бұл сырттай көрінетін нәрсе емес. Алайда, шынайы байлық — бұл жан байлығы. Егер Алла құлына жақсылық қаласа, жанына байлық, жүрегіне тақуалық береді. Егер Алла құлына жамандық қаласа, оның екі көзінің арасына кедейшілікті қойып қояды!».
Ал ата-бабаларымыз осы хадистерді мақалға айналдырып, «Байлық – мұрат емес, кедейлік – ұят емес», – деп түйіндеген.
Осы хидестерде және жоғарғы салыстырмалы қиссаларда адамды шын мәнінде бай қылатын иман мен дін екенін анық көрдік. Адам баласының ризығы жаны мен тәні осы дүниеге келмей тұрғанда жазылып қойылған екен.
Рухани байлығың болмаса, күндердің күні материалдық байлықтан да айырыласың. Ол Алланың заңы, ал имани сенімі – адамның екі дүниегі шынайы байлығы!
kazislam.kz