Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үкімдерге қатысты аяттар мен хадистердің нақты саны қанша?

16.05.2020
- Сұрақ-жауап
0
702
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Үкімдерге қатысты аяттар мен хадистердің нақты саны қанша?

Жауап: Ислам құқығының негізгі дереккөздері Құран мен сүннет екендігі мәлім. Кейбір аяттар тікелей шариғи үкімдерге қатысты болғандықан олар терминологияда ахкам (үкімдік) аяттары және ахкам хадистері деп аталған. Бірақ бұл өзге аят, хадистерден үкімдер шықпайда деген сөз емес. Кез-келген аят пен хадистерден алынатын тәлім, ғибрат және үкімдер бар екендігін айта кету керек.

Үкімдерге қатысты аяттарды ғалымдар мынадай екі санатқа бөлген:

  1. Үкім қамтылғандығы анық көрінетін аяттар; Мұндай аяттар Бақара, Ниса, әл-Мәида, Әнғам сүрелерінде көптеп кездеседі.
  2. Бір қарағанда тікелей үкім білдірмейтін алайда терең ойлана отырып, ижтихад жасауға қатысты өзге де әдістерді қолдану арқылы үкім шағарылатын аяттар. Өз кезегінде бұлар да өзге аяттарға жүгініп жатпай-ақ үкім алынатын және өзге аяттарға жүгіну арқылы ғана үкім алынатын аяттар деп екіге бөлінеді.

Үкім аяттарының саны мен классификациясына қатысты ғалымдар түрлі көзқарас алға тартқан. Зәркәшидің айтуынша Имам Ғазали мен Фахруддин әр-Рази Құрандағы үкім аяттарының саны 500 деген. Оны 800 ден асырғандар болғаны секілді 200 дегендер де бар.  Мәселен Әбу Бәкір ибн әл-Араби «Ахакам әл-Құран» атты шығармасында 800 ге тарта үкімдік аяттарды қарастырған (Хажви. Әл-Фиқһу әс-сәми, 1-том, 14, 278-б).

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Әсілінде бұл үкім аяттары ислам құқығында ғибадат (құлшылық), муамалат (өзара қарым-қатынас) және уқубат (жаза, қылмыстық құқық) деген үлкен үш топтама шеңберінде қарастырылған.

Әрине бұл санаттағы аяттардың нақты саны қанша екендігі белгісіз. Әйтсе де соңғы кезеңдерде жасалған жіктеулер негізінде олардың 140-і құлшылықтарға, 70-і отбасы құқығына, 70-і азаматтық құқыққа, 30-ы қылмыстық құқыққа, 13 немесе 20- сы құқықтық іс жүргізуге, 22-сі соғыс пен бейбітшілік (бітімгерлік) құқығына, 10 дүние-мүлік пен экономикаға қатысты келгендігі айтылады.

Құрандағы үкім аяттарына қатысты ең алғаш щығарма жазғандардың бірі ретінде Имам әш-Шафиғи саналады. Одан кейін өзге де мәзһаб ғалымдары осы салада кітаптар жазған. Солардың бірнешеуін ғана атап өтсек:

  1. Ханафи ғалымдарының кітаптары: Әбу әл-Хасан Али ибн Муса әл-Қумми (305/917 қ.б.ж.) – Ахкам әл-Құран, Тахауи және Жассас – Ахкам әл-Құран;
  2. Шафиғи ғалымдарының кітаптары: Қия әл-Харраси (504/1110 қ.б.ж.) – Ахкам әл-Құран;
  3. Мәлики ғалымдарының кітаптары: Исмаил ибн Исхақ әл-Әзди (282/895), Әбу Мұхаммед Қасым ибн Асбағ әл-Қуртуби (399/1008 қ.б.ж.) және Әбу Бәкір ибн әл-Араби – Ахкам әл-Құран;
  4. Ханбали ғалымдарының кітаптары: Әбу Яғла әл-Фәрра (458/1065-66 ж.қ.б.) – Ахкам әл-Құран (Ислам Ансиклопедиси. ТДУ, Стамбул, 1988, 1-т, 551-552 б. ).

Негізінен құқықтық қабілеті мен зердесі ерекше ғалымдар Құрандағы қыссалар мен мысалдардың өзінен түрлі үкімдер шағара алады. Сондықтан үкімдік аяттарды нақты бір санмен шектеу мүмкін емес.

Ислам шариғатының екінші дереккөзі болып табылатын хадистердің ішінде үкімдерге негіз саналатын хадистердің саны да әр түрлі.  Ибн Қаийм әл-Жәузидің анықтауынша мұндай аяттардың саны бір тақырыпқа қатысты түрлі риуаяттар мен қайталанғандарын қоспағанда 500 ге жуық, ал осы негізгі үкімдерді түсіндіретін, жан-жақты баяндайтын және шарттары мен талаптарын көрсететін хадистердің саны 4000-ға жуықтайды (Илам әл-муаққиғин, 2-т, 245-б.)

Үкімдерді білдіретін хадистер негізінен жами, мусаннаф және сунән секілді жинақтарда кездеседі. Дегенмен үкімдік хадистерді жинақтаған арнайы кітаптар да бар және олар аталған хадис жинақтарынан мәселелер мен тақырыптарды қамту тұрғысынан ерекшеленеді. Солардың бірқатар маңыздылары мыналар:

  1. Абдулла ибн Али Ибн әл-Жәруд ән-Нисабури (307/919) – Әл-Мунтақа;
  2. Ахмед ибн Мұхаммед әт-Тахауи (321/933) – Шәрху мәәни әл-әсар;
  3. Әбу Мұхаммед Абдулхақ әл-Ишбили (581/1185) – әл-Ахкам әл-кубра;
  4. Әбдулғани ибн Әбдулуахид әл-Мақдиси (600/1203) – Умдәту әл-ахкам ан сәииди әл-әнәм;
  5. Ибн Қудама әл-Мақдиси (744/1343) – Китаб әл-мухаррар фи бәйәни әл-ахкам әш-шәрийа;
  6. Ибн Хажар әл-Асқалани (852/1448) – Булуғ әл-мәрәм мин әдилләти әл-ахкам.

Сондай-ақ осы тақырыпқа қатысты Имам Әбу Ханифаның үкім шығаруда қолданған хадистерін жинақтаған Имам Мұхеммад Мұртаза әз-Зәбидидің «Уқуд әл-жауаһир әл-мунифә фи әдилләти мәзһәби әл-Имам Әби Ханифа мимма уәфақа фиһи әл-әиммәти әс-ситтә әу ахадиһим» (Имам Әбу Ханифа мәзһабының дәлелдерінің кутуб әс-ситта имамдарына немесе олардың кейбіріне сәйкес келетін құнды жауһарлар алқасы) атты кітабын да атап өтуге болады.

Жоғарыда да айтып өткендей үкімдік аяттар мен хадистерді нақты шектеу мүмкін емес. Олардың саны фақих ғалымдардың діни мәтіндерден үкімдерді шығара білудегі ерекше қабілеті мен ізденістеріне қатысты өзгеріп отырады. Истинбат және истидлал жолдары арқылы түрлі үкімдерге қол жеткізуге болады. Өз кезегінде бұл адамның көзқарас көкжиегін кеңейтіп, кез-келген мәселеге әр түрлі тұрғыдан қарап, сараптау жасауға, жаңаша ой түюге мүмкіндік тудырады.

Алау Әділбаев

Таңбалар: аятүкімхадис
Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Уважение к Священному Корану в Исламе
Сұрақ-жауап

Аят мағыналарын сөзбе-сөз түсіну керек пе?

11.03.2025
Құранда қанша сүре және аят бар?
Сұрақ-жауап

Құранда қанша сүре және аят бар?

04.11.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ораза ұстамаған күні тарауық намазын да тоқтату керек пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00