Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Халал сұлулық салоны: Сертификаттың қажеті болмады

29.05.2020
- Қоғам
1
783
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Көбіне мұсылман қыз-келіншектер шаш үлгісін жасау немесе шаш алу үшін бөтен адам кірмейтін жеке бөлмеде қызмет алуға мәжбүр болып жатады. Кейбіреулер салон жеке қызмет көрсету мерзіміне жабылуы үшін біршама артық ақша төлейді, ал енді біреулері үйлеріне шақыртып жатады. Бәрінің мәселесі бір – шариғаттың ережелерін бұзбай әдемі болу, сондай-ақ бөтен ер адамдардың көздеріне түспеу.

KAZISLAM порталының тілшісі елордада орналасқан «Muslimbeautyzone» сұлулық салонының басшысы Жәмилә Елтайқызымен әңгімелесіп, мұсылмандарға арналған сән салоны қалай ашылғандығын білген еді.

 

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

– Мұндай салонды ашуға қыз-келіншектерге шаш үлгісін жасап жүрген Гүлнәр ханым себепкер болған еді. Ол кісі 15 жыл бойы шаштаразшы болып қызмет етіп жүріп, әртүрлі жағдайларды басынан өткізген. Мәселен, шаш алуға ер азаматтар да келгендіктен, намаз оқитын қыздарға қызмет көрсету кезінде біраз қиындықтар туындаған. Сондықтан ол намазхан қыздардың үйіне баратын немесе олар өздері келетін.

Біраз уақыт өткеннен кейін орамал тағатын мұсылман қыздарға арналған арнайы салон ашу идеясы туындайды. Белгілі жағдайларға байланысты Гүлнәр ханымға Түркия еліне көшуге тура келгендіктен, кәсіпті маған тапсырып кетті. Мен оған дейін тек косметолог қызметін атқарып жүрген едім, – дейді сән үйінің басшысы.

Косметолог қызмет түрінің денсаулыққа ешқандай зиян тигізбейтініне және ислам қағидаттарына еш қайшы келмейтініне нық сенімді. Жәмиләнің айтуынша, оның қас әрлейтін бояуларының құрамында спирт пен шошқа майы жоқ. «Бұл өнім Үндістанда өсетін қынадан жасалады. Сапасы Ресейдің Мұсылмандар одағының мамандары берген сертификатпен расталған», – дейді ол.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, дінде қас бояуға қатысты нақты тыйым жоқ. Алайда көрсетілетін қызметтің ашықтығы жіті тексерілуі керек. «Егер ислам қағидаттарына қайшы келетін доңыздың майы секілді қоспалар қосылмаған болса, онда халал сертификаты беріледі. Оны пайдалануға, сатуға рұқсат беріледі», – дейді бас имам.

Жәмилә Елтайқызының ойынша, сән үйінің әдеттегі салондардан негізгі ерекшелігі – тек орамалдағы қыздарды қабылдауы. Сондай-ақ, шариғат шәлісін тағатын қыздар ғана қызмет көрсетеді екен. Балаларымен бірге келушілерге де мүмкіндік жасалған. Яғни, балалардың ойнайтын өз бұрышы бар. Алаңсыз отырып бірден бірнеше қызмет алуға болады. Ең бастысы, сырт көзден алыс отыратындары қыз-келіншектерді қатты қуантады.

 

– «Beauty-индустрия» тоқтаусыз дамып жатқан заманда сапа жағынан төменге түсіп кетпеу үшін жұмысқа өз істерінің шеберлерін алуға тырыстық. Қай қызмет түрін көрсетсе де, біздің шеберлер сұлулықтың ұлылығын әдемі көрсете біледі. «Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай керек» болатынын ұмытпауымыз абзал. Әйел адамға шариғатқа теріс келмейтін қажетті барлық қызметті көрсетіп жатырмыз. Атап айтқанда, кірпікті ламинациялау, маникюр, педикюр, шаш қию, бояу, қасқа коррекция жасау т.б. Келушілерге қойылған қандай да бір қатаң талаптарымыз да жоқ. Тек жазылу арқылы ғана біздің сән үйімізге келе алатындығын айтқымыз келеді, – дейді косметолог маман.

Жәмилә ханым қызметтерге қойылған баға қала бойынша орташа ортақ бағаға сай келетінін айтады. Демек, келушілердің қалтасын қақпайды. Қарапайым халыққа қолжетімді бағалар қойылған.

– «Халал» сертификатымыз жоқ. Шындығын айтқанда, оны алуға да қажеттілік тумады. Болашақта сұраныс болып жатса, сертификатты аламыз деген ойдамыз. Біздің осы бағытта жұмыс істеп жүргенімізге төрт жылдың көлемінде уақыт өтті. Қарап отырсақ, бастапқы кезге қарағанда, қазір келушілердің қатары күн санап өсіп жатыр. Бұл біз үшін қуанарлық жағдай. Алланың қалауымен шағын салонымызды үлкен сән үйіне айналдырамыз деген арманымыз бар, – дейді жас кәсіпкер.

Сән саласында біраз жыл қызмет атқарып келе жатқан Жәмилә Елтайқызы елімізде басқа мемлекеттерге қарағанда, «халал» сертификатын алған мұсылмандарға арналған сән салондары жоқтың қасы дейді.

– Тіпті, еліміздің астанасында мұндай салондар бірен-саран. Солардың алдыңғы қатарында біз ашылғанбыз. Қазақстанда шариғатқа қайшы келмейтін әрлеу қызметтерін алғысы келетін нәзік жандылар үшін жұмыс істейтін сән салондары жетім қыздың тойындай елеусіз қалып келе жатқаны дұрыс емес, – деп ойын білдірді косметолог маман.

Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Таңбалар: Ислам діні
Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Жаңалықтар

«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

03.11.2025
Как принять Ислам и стать мусульманином?
Ислам

Ұлттық сананы қалыптастырудағы діннің рөлі

03.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жұқпалы аурулар пайда болғанда не істеу керек?

Пікір 1

  1. Нуризат жазған:
    3 жыл бұрын

    Ассаламуалейкум
    Менде мынадай сурак:мен намаз оқымай жатып орамалға келми жатып маникюр жасап жұмыс жасайтын едім.Ал қазір мен намазда орамалдамын маған енді ол жұмысты жасаудын кажеті жоқ иа…

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00