Жексенбі, 23 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шүкір ету дегенді қалай түсінуге болады?

26.04.2020
- Сұрақ-жауап
1
1.3k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Шүкір етуді қалай түсіндіресіз?

Жауап: Шүкір Алла Тағаланың шексіз нығметтеріне деген жүрек пен көңіл және тәнімен рақмет айтудың белгісі. Сол нығметтерді Алладан екенінін біліп, мойындап растау. Жүректің шүкірі сол нығметтерді берген Алла екеніне сену.

Тілдің шүкірі Алланың берген нығметтеріне мадақ айту. Тәннің шүкірі болмысын Алланың ризалығына лайықты түрде ғұмыр кешіп, намаз, ораза секілді ғибадаттарды орындау, Оның тиым салғандарынан бойын аулақ ұстап, бұйрықтарын қалтқысыз іске асыру, мал-мүліктің шүкірі болса садақа мен зекетін беру.

Алланың көркем есімдерінің бірі де «Шәкур». Яғни өзіне айтылған шүкірліктерді қабыл еткен Алла Тағала адам баласына өзіне шүкіршілік етіп, күпірлік жасамауларын қалауы[1]. Сондай-ақ, ол өзіне білдірген шүкіршіліктерді құр қайтармай, берген нығметтерін арттырмақ: «Егер шүкіршілік ететін болсаңдар әрине сендерге нығметімді арттырамын. Ал егер күпірлік ететін болсаңдар расында азабым өте қатты».[2]

Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

22.08.2026
Исламда сөз бостандығы бар ма?

Исламда сөз бостандығы бар ма?

21.08.2026

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) бірде Меккеден Мәдинаға қарай жол жүріп бара жатып Азуара деген жерге келгенде көлігінен түсті. Сосын қолдарын жайып Аллаға ұзақ уақыт бойы дұға етті сосын сәждеге барды да ұзақ уақыт сәждеде тұрды сосын тұрды да қолдарын ашып бір уақ Аллаға дұға етті де қайтадан сәждеге барып ұзақ уақыт тағы да тұрып қалды. Артынан сәждеден тұрды да қолдарын қайта ашып бір уақ Аллаға дұға етті де қайта сәждеге жығылды. Сосын былай деді:

«Раббымнан тілек тілеп, үмбетім үшін шапағат сұрадым. Ол үмбемнің үште бірін маған берді. Мен дереу Раббыма шүкіршілік етіп сәждеге жығылдым. Сосын қайта басымды көтеріп Раббымнан үмбетімді кешуін тіледім. Ол үмбетімнің үштен бірін маған тапсырды. Мен сол кезде дереу сәждеге жығылдым. Сосын қайта басымды көтеріп Раббымнан үмбетімді кешуін тіледім. Ол маған үмбетімнің қалған үште бірін берді. Мен қайта Раббыма шүкіршілік ету үшін сәждеге жығылдым».

Алла елшісінің осы және осыған ұқсас жасаған іс-әрекеттеріне байланысты қолға бір нығмет келгенде не болмаса бір пәледен аман қалғанда дереу құбылаға бет бұрып тәкбір айтып, сәждеге жығылу, сәждеде тұрып Аллаға мадақ айтып сосын қайта тәкбір келтіріп тұру түрінде шүкір сәждесі жақсы іс саналған.[3]

Ғибадаттардағы мақсат етілген хикметтің ең басында осы шүкір сезімі тұрады. Рамазанда ұстаған оразалар[4], қажылық кезінде шалынған құрбандар,[5] әсіресе зекет, садақа  және Алла жолында мал, дүние жұмсау тәрізді тәндік ғибадаттар нығметтерді берген Алла Тағалаға шүкір ету хикметіне сүйенеді.

Адамның шүкірлікке қажетілігі – оның жаратылыс мақсаты. Пәк болмысы мен табиғатын бұзбай сақтаған әр бір адам өзіне кішкене ғана жақсылық жасаған адамның өзіне іштей рахмет айту қажеттілігін сезінетін болса, барлық нығметтерді берген Жаратқанға хамд пен шүкіршілік етпеуі мүмкін емес.

Адам өзіне шексіз нығмет нәсіп еткен Раббысына шүкіршілік етумен шектеліп қалмай, жақсылығын көрген адамдарға да рақмет айтуы қажет. Хазіреті Пайғамбар бір сөзінде: «Адамдарға рақмет айтпаған, Аллаға да рахмет, шүкір айта алмайды»,[6]-деген.  Өзіне жақсылық жасағанға және пайдасы тиген адамға рақмет айту мұмылмандық мінездің қажеттілігі.

Балғабек Мырзаев

[1]Бахара 2/152.

[2]  Ибрағим 14/7.

[3]Сарахси, Шархул сиярил кабир, 153.

[4]бахара 2/185

[5] хаж, 22/36

[6]Термизи, бирр 35.

Бөлісу31Твитерге19Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Саналы ойлау – қоғамды қорғайды
Сұхбат

Саналы ойлау – қоғамды қорғайды

23.08.2026
Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?
Сұрақ-жауап

Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

22.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Намазға азан шақыру қайдан шыққан?

Пікір 1

  1. Ербол жазған:
    6 жыл бұрын

    Көкейде жүрген сұраққа жауабымды таптым. Фактімен берілген ақпарат үшін рақмет.

    Жолдау

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Исламда жала жабу туралы не айтылған?

    Исламда жала жабу туралы не айтылған?

    218
  • Қожанасыр туралы халықаралық фильмнің түсірілімі аяқталады

    217
  • Қарахан дәуіріне жататын нумизматикалық жәдігерлер таныстырылды

    210
  • «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    19
  • Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

    16

Соңғы жарияланымдар

Саналы ойлау – қоғамды қорғайды
Сұхбат

Саналы ойлау – қоғамды қорғайды

23.08.2026
Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?
Сұрақ-жауап

Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

22.08.2026
Бейжіңде Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы туралы фотокөрме ашылды
Жаңалықтар

Бейжіңде Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы туралы фотокөрме ашылды

22.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00