Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пітір садақасын кімдер береді?

24.04.2020
- Сұрақ-жауап
0
282
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Пітір садақасын кімдер береді және оның әлеуметтік мәні  бар ма?

Жауап: Алла Тағала садақа беру туралы Құран Кәрімнің «Ағла» сүресінің 14-15 аяттарында: «(Садақа беріп) өзін тазартқан әрі Раббысының есімін еске алып, намаз оқыған адам, сөзсіз, мұратына жетті», деп бұйырады.  Осы аятқа қатысты Касир ибн Абдулла мынадай хадисті риуаят етеді: «Алла елшісінен (с.ғ.с) аталмыш аят туралы сұралғанда, ол: «Бұл аят пітір садақа жөнінде түсірілді», – деп жауап берді» (Ибн Хузайма). Яғни, пітір садақасын беру мұсылман баласын жаманшылықтан тазартып, кемелдікке баулитындығы – хақ!

Шынтуайтында, балиғатқа толған ер адам нисап (595 гр күміс немесе 127 мың теңге) мөлшері көлемінде мал-мүлкі болса, онда ол пітір садақасын беруі тиіс. Кәмілетке толып, әлі үйленбеген қыз бала пітір садақасын өзі береді. Имам Ағзам Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша қыз бала үйленген болса да, пітір садақасын өзі беруі керек. Ал, Шафиғи, Малики, Ханбал мәзһабы бойынша әйел адамның пітір садақасын күйеуі беруге тиісті.

Ал, балиғатқа толмаған балалардың пітір садақасын уәлилері (ата-анасы немесе қамқоршысы) береді. Имам Мұхаммедтің көзқарасынша егер балалардың мал-мүлкі болмаса, онда пітір садақасын беру шарт емес. Дегенмен, уәли (қамқоршы) балалар үшін мал-мүлкінен беруіне де болады. Бірақ, кейбір мужтаһидтер пітір садақаны беру үшін мұсылман адамның балиғат жасына жетуін және Рамазан айында ауыз бекітуін шарт етіп қойған.

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Астанада өтіп жатқан діндер съезінің мақсаты не?

Астанада өтіп жатқан діндер съезінің мақсаты не?

18.09.2025

Исламдағы әрбір діни үкімнің хикметі (хикмет-ут-ташриға) болатын секілді пітір садақасының да қоғамдық мәні, материалдық қырлары бар. Бұл жөнінде Ибн Аббас: «Алла Елшісі (с.ғ.с) пітір садақасын ауыз бекіткен мұсылманды жаман ғадеттерден тазалансын, жарлы-жақыбайларға талғажу болсын деп парыз етті» (Муснад,  II, 277; V, 432) деген болатын. Ибн Аббастың «…жаман ғадеттерден тазалансын» деген риуаятына байланысты кейбір ғұламалар қияс жасап, пітір садақасын намаздың қатесін түзейтін «саху сәждесіне» ұқсатқан. Яғни, саху сәждесі намаз оқу барысындағы қатені түзесе, пітір садақасы да Рамазан айындағы ораза тұту кезіндегі кемшіліктің орнын толтырады.

Сондай-ақ, пітір садақасы шынында да ораза кезінде кенезесі кепкен кедей-кепшіктың таңдайына тамшыдай талғажу, ыңыршағы айналған жарлы-жақыбайға аз да болса, қорек болары сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда, пітір садақасының әлеуметтік теңдікті арттыратын діни шара екені талассыз шындық.

Мұхан Исахан

Таңбалар: пітірсадақа
Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Шынайы садақа
Ислам

Шынайы садақа

15.09.2025
Сұрақ-жауап

Лас ақшамен садақа беруге бола ма?

12.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Кейбір адамдар бастаған намазын неге тастап кетеді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Періштелер зиярат ететін үй
Ғибратты әңгімелер

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою