Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ораза – парыз әрі ізгі амал

30.04.2020
- Қоғам
0
541
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді. Шариғат бойынша ораза тұту дегеніміз – таң сәріден күн батқанға дейін тамақ пен судан, басқа да тән ләззатынан еркін түрде бас тарту. Ораза тұту Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарында жазылған.

Қызылорда облысының имамы Рамазан қажы Егенұлының айтуынша,  күллі мұсылман қауымының Алла алдындағы парызының бірі – ораза ұстау. Биылғы оразаның ерекшелігі – оның әлемді жайлаған індет – коронвирусқа байланысты қойылған жаппай шектеулер жағдайында өтуі.

– Осы індетке байланысты тағы бір әлемдік құбылыс – адамзаттың басқа діндердегі біраз бөлігі бұл індетті Жаратушының әбден түрлі күнәға батқан адам баласына жіберген ескертуі деп түсініп, ислам дініне мойын ұсынуы еді.

Әлемнің түрлі елдерінен, әсіресе Еуропадан келіп жатқан бұл туралы ақпараттар аз емес. Бұл хабарлар мұсылман жұртшылығын әрі қуантты, әрі таңдандырды, Алланың құдыретіне сүйсіндірді. Ислам дінінін лаңкестік, оны ұстаушыларды лаңкестер деп түсініп келген жандар өздерінің қателіктерін ұғынып, қасиетті ислам дініне ден қойды, намазға жығылды. Еуропа елдерінде мешіттер ашылып, азан шақырған жағымды үндер үйреншіті әдетке айналуда,-дейді имам.

Сондай-ақ ораза туралы Алланың елшісінен қалған өсиет хадистер, уағыздар, әңгімелер аз емес. Осы ретте әл-Бұхари сахаба жеткізген бір хадисте Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла тағала адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін, ал ораза тұтуы мен үшін, оның сыйын өзім берем деп айтқан дейді.

Ораза – қалқан, ораза тұтқан адам бұзықтық істемесін, айғай-шу шығармасын, ал егер оны біреу балағаттаса немесе оған соқтықса «Мен ораза тұтқан адаммын десін». Ораза тұтушының аузынан шығатын иіс те Алланың алдында жағымды.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Ораза тұтушының бөленетін екі қуаныш бар, бірі – ораза тұтып ауыз ашқандағы қуанышы және екіншісі – ораза тұтқаны үшін Раббысымен жолыққандағы қуанышы деп баяндайды хадис. Ораза ұстаған адам күнәһар істерден аулақ жүреді. Жаман сөз сөйлемейді, ұрыспайды, дауыс көтермейді. Адамның нәпсісін тиятын уақыт та нақ ораза кезі. Сондықтан да ораза тозақ отынан қорғайды екен.

Рамазан қажының пікірінше, қазір елімізде індетке байланысты айларға созылып кеткен карантин кезеңінде үйде отырып қалған адамдардың кейбірінің отбасында түрлі жанжалдар шығаруы көбейіп, тұрмыстық бұзақылық өсіп кеткен. Отбасылардың шырқы бұзылып, тіпті ажырасулар артқан. Яғни, кейбір пенделер Алла жіберген сынаққа, қиыншылыққа шыдамаған.

Ал егер осы адамдар Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай ораза ұстаған болса, бұзақы істерден тиылатыны сөзсіз еді, отбасының берекесі бұзылмас еді.

Ал Қасиеті Құран каримнің Хаққа сүресінде 18 – 29-аяттарда былай делінген: «Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды. Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе: «Алыңдар, кітабымды оқыңдар!- дейді… Сонда ол қуанышты тіршілікте, көтеріңкі жаннатта болады… (Оларға): «Өткен күнде істеген амалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер, сіңімді болсын» делінеді. Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: «Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді» дейді… «Малым маған еш пайда бермеді». «Күш-қуатым жойылып кетті» дейді». («Құран карим қазақша мағына және түсінігі». Аударған Халифа Алтай. 1991 жыл, Сауд Арабиясы). Құран зерттеуші ғұламалар бұл жерде сөз ораза ұстағандар туралы болып отыр деп пайымдайды.

Сондай-ақ «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Есмахан Бауыржан оразаны кейбір денесі толық адамдар арықтау үшін де ұстау керек деген ойда болатындар кездесіп қалады дейді. Ару үшін ораза ұстау өзіңді алдау. Ораза ең алдымен – мұсылманның Алла алдындағы парызы, ал оның ағзасында жүретін жағымды өзгерістер оразаның Алланың құдыретімен берілген пайдасы екендігін баяндайды.

Медицина, биология саласы ғалымдарының зерттеулерінде анықталғанындай, ораза кезінде адам ағзасында бірқатар елеулі өзгерістер жүреді екен. Алғашқы күндері бұрынғы тамақтану дағдысы бұзылған ағза бұлқынысқа түседі. Қант төмендеп, жүрек соғысы баяулайды, қан қысымы төмендейді. Әлсіздіктің пайда болуы да, ауыздан жаман иістің де шығуы мүмкін. Бұл құбылыстар азғада тазарудың басталғандығының белгісі дейді дәрігерлер.

Қазір медицинада адамды ашықтыру арқылы да емдеу әдісінің қолданылуы осы ислам дініндегі парыз – ораза ұстауды зерттеуден шыққан тәжірибе. Бұдан кейін азға ораза тәртібіне бейімделіп, ас қорыту жүйесі демалады екен. Қорғаныш жүйесінің белсенділігі артып, жаңалау үрдісі басталады.

Адам ағзасындағы жасушалардың ашығу кезіндегі қызметін зерттеген жапон молекуляр биолог ғалымы – профессор Есинори Осуми ашыққан кезде он екі сағаттан кейін жасушалар тазару жұмысын бастайтынын анықтаған. Бұзылған ауру жасушаларды сау жасушалар жеңіп, ауыстыруға кіріседі екен. Міне осы ашқан жаңалығы аса жоғары бағаланып, жапон ғалымына Нобель сыйлығы берілді.

Зерттеушінің айтуынша, оразаның екінші онкүндігінде адам өзін сергек сезінеді. Ағзаның өзін өзі емдеу қабілеті артады. Ақырында ағза ашығуға әбден үйреніп алады. Адамның жүйкесі тынышталып, тынығады, ой-санасы тазаланады, тың ойлар келеді, туындаған ұшқыр қиялдар жаңа армандар мен мақсаттарға жетелейді. Есте сақтау қабілеті артады. Осыдан кейін адамның жасампаз істерге баруы сөзсіз.

Бауыржан Есмаханның пікірінше, ораза ұстаған жандар үш санатқа бөлінеді екен.

– Өмірде көріп жүргеніміздей, ораза ұстап ауыз бекіткенімен, кейбір жандардың ауызы былапыт сөздерді қоймаған, жүріс-тұрысы, қолы, аяғы харам істерден арылмаған, көздері, құлағы нәпсіден тиылмаған жандар да кездесіп қалады. Ондай жандардардың парызы өтелгенімен, ораза тұтқаны үшін сауап жазылмайды екен.

Екінші санат бүкіл ағза мүшесін оразаға арнаған, аузы, қолы, көзі, аяғы харам істерден тиылған жандар. Олар парызын да өтейді, сауапқа да кенеледі.

Ал үшінші санаттаға жандар – бұлар әулие кісілер, яғни өзін толықтай Аллаға арнаған тақуа адамдар. Мұндай тақуалық көп адамның қолынан келе бермейтіні белгілі. Сондықтан мұсылман қауым ең кемі екінші санаттаға жандар сапына қосылуға ұмтылғандары абзал,-дейді бас имам.

Міне, көріп отырғанымыздай, Алла алдындағы ораза парыз әрі ізгі амал. Алла ұстаған оразаларыңызды, айтқан дұға-тілектеріңізді қабыл етсін. Ораз аяқталғанда ой-санасы жаңарған, игілікті істерге ден қойған жандар қатарынан табылайық.

Таңбалар: ізгі амалоразапарыз құлшылық
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Рамазанның соңғы 10 күнін қалай өткізу керек?
Жаңалықтар

Рамазан қай күні басталатыны белгілі болды

07.11.2025
Рамазан айы қорытындыланды
Жаңалықтар

Рамазан айы қорытындыланды

03.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Садақа күнәні жояды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00