Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ғылымды талап қылу – құлшылық

31.03.2020
- Қоғам
0
302
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мұсылман баласының ізгі ниет қылып жасаған әрбір амалы сауаптан жазылатыны мәлім. Ал енді ғылымды Алла үшін талап ету құлшылықтың нақ өзі. Себебі әрбір амалдың сауабы ниетіне сәйкес жазылады. Мүміндердің әмірі, Омар ибн Хаттабтан (Алла оған разы болсын) келген мәшһүр риуаятта:

«Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, әрбір кісіге ниет еткені тиесілі. Сондықтан кім Алла мен Оның елшісі үшін қоныс аударса, ол Алла мен Оның елшісі үшін қоныс аударған болып саналады, ал кім мал-дүние табу үшін не бір әйелге үйлену үшін қоныс аударса, ол сол үшін қоныс аударған болып саналады», – деп айтылған.

Басқаша айтқанда, кім не үшін ниет қылып амал жасаған болса, сол үшін сауабын немесе жазасын алады. Мысалы, сіз сырт көзге жақсы адам болып көріну үшін ізгі амалдар жасаған болып жүрсеңіз, онда сіз адамдарды алдайсыз, бірақ Жаратушыны алдай алмайсыз. Сізге сол амал жасау үшін жұмсаған күш-жігеріңізге ғана сауап жазылмақ. Бірақ  Алланың алдында сауап болмайды. Себебі ниет шынайы жақсылық жасау болмады.

Сол сияқты ғылымды талап қылған жан «Алланың разылығы үшін» деген шын ықыласын жоғалтатын болса, онда ол ең жақсы құлшылық санатынан қауіпті күнәға айналады. Көзбояушылық, рия, өтірік ықылас жақсылыққа апармайды. Ондай адам ғылым-білімді өзгелерге пайда келтіру үшін оқымайды. Керісінше келешекте «мен оқыдым», «мен жатқа білемін», «менен асқан маман жоқ» деп мақтану үшін оқиды. Ғылымды мұндай ниетпен қалаған жан келешекте ғалым емес, залымға айналары хақ.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Егер оқыған ғылым маған құлшылық сауабын нәсіп қылсын дейтін болсаңыз, кейбір амалдардан сақтану қажет: мысалы, ғылымды басқалардың алдында мақтану үшін алу, ауылда немесе құрдастардың арасында өзіңді білгір етіп көрсету, ғаламтор желісінде немесе ел арасында танымал болу үшін және сол сияқты т.б. Осыған ұқсас ниетпен алған білім сізге пайда бермейді. Сізге бұл дүниеде һәм ақыретте абырой әкелмейді. Бұл дүниеде мақтаншақ, тәкаппар атанып, ақыретте ықылас пен ізгілік сауабынан мақұрым қаласыз.

Суфиян ибн Сағид әс-Саури есімді тақуа адамның ниетіне қатысты былай деп айтқан: «Мен үшін аса маңызды, ниетімнен басқа нәрсемен әлек болған емеспін». Ол кісі қандай амал жасаған болса да ниетіне көңіл бөлген. Амал қылмас бұрын ол әрекетті қандай ниетпен жасағалы жатқанын ойлап, өзін бақылауда ұстаған жан.

Бір күні Умар ибн Зарр әкесіне:

— Уа, әке! Егер сен адамдарға насихат айтсаң, олардың көздеріне жас толып жылайды. Ал егер уағызды басқа біреу айтар болса жыламайды. Мұның сыры не? деп сұрайды.

Сонда әкесі:

— Құлыным! Шынайы төгілген жас, ақы үшін өтірік жылап төккен жаспен тең емес деп жауап берген екен. Демек, Умар ибн Зардың әкесі уағыз айтып отырып шын жыласа, басқа уағызшы рия үшін өтірік жылаған. Әбу Хамид әл-Ғазали айтқандай: «Жүректен шыққан нәрсе жүрекке жетеді».

Ойымызды түйіндер болсақ, ғылым жолына түскен шәкірт оқыған білімін басқалар үшін пайда келтіремін деп Алла үшін ниет қылуы қажет. Сонда сіздің білім жолында сарп қылған күш-жігеріңіз, баға жетпес уақытыңыз құлшылық ретінде саналмақ.

Жастарға айтарым, «әлі уақытым бар», «мен жаспын, оқып үлгіремін» деген сияқты ойларға шомылып, арқаны кеңге салма. Абай атамыз бізге былай деп жайдан жай ескерткен жоқ:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Себебі мектептегі он жылдан астам уақыт зымырап өткендей кейінгі өмір де зымырап өте шығады. Сен қандай мамандық иесі боламын десең де бірінші кезекте білім қажет. Білімсіз сұранысқа ие білікті һәм білімді маман бола алмайсың. Білімің қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы мамансың. Алла Тағала былай хабар берген:

«Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» (Зүмәр: 9). Кез келген басшы, кез келген жұмыс беруші білімді маманды іздейді. Сондықтан да білімді мен білімсіз тең емес. Білімді маманның айлығы қара жұмысшыға қарағанда жоғары. Осы сияқты қарапайым мысалдармен білімді мен білімсіздің айырмасын көптеп айта беруге болады. Енді ғылымды талап қылғанда бастысы ниет пен ықылас шынайы болғай. Осыны естен шығарып алмайық.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: ғылымЖалғас САДУАХАСҰЛЫмұсылман
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Сұрақ-жауап

Исламда үміт пен үрейдің мәселесі қандай?

11.02.2026
Мұсылман ғалымдары робот құрастырған
Видео

Мұсылман ғалымдары робот құрастырған

21.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Медициналық тұрғыдан сахур мен имсак уақытының маңызы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121035 бөлісті
    Бөлісу 48414 Твитерге 30259
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00