Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тіленшілік жасаған адамдар туралы не айтасыз?

03.03.2020
- Сұрақ-жауап
0
1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Тіленшілік жасаған адамдар туралы не айтасыз?

Жауап: Маңдай терін төгіп тапқан табыстың рахатына ештеңе де жетпейді. Кей жағдайларда адамдар істің көзін таба алмағандықтан тіленшілік жолға түсіп жатады. Ондай кезде оларға қол ұшын созып, жол көрсетіп жіберсе нұр үстіне нұр болады. Мұхаммед пайғамбарымыздың дәуірінде болған төмендегі оқиға баршамызға үлкен ғибрат береді деп саанймын.

Әнес ибн Маликтің жеткізгені бойынша, Мәдиналы бір сахаба Пайғамбарымызға бірнеше рет келіп жағдайының төмен екендігіне шағымданып, тіленеді және қолы ашық Пайғамбарымыз оған үнемі керектігін беріп тұрады екен.

Бір күні, әдетінше тағы да Пайғамбарымызға келгенде, Алла Елшісі (с.ғ.с.) «Үйіңде ештемең жоқ па?» деп сұрайды. Сонда сахаба, «жоқ, үйімде бір жамылғым бар. Оның жартысына жамылып, жартысын астымызға жаямыз. Және су ішіп жүрген бір кесеміз бар» дейді.

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026

Жауабын соңына дейін тыңдап, «сол заттарыңды маған алып кел» – деп, оны үйіне жібереді. Айтқан заттарын алып келеді. Пайғамбарымыз заттарды жанындағыларға көрсетіп, «кім мына затты сатып алғысы келеді?» – деп сұрайды.

Топтың ішінен біреуі «Мен бір дирхамға сатып аламын» деп ниетін білдіреді. Пайғамбарымыз қайталап, екі-үш мәрте «кім бұл заттарға көбірек берер екен?» – деп жамағаттан қайталап сұрайды. Сонда, жамағат ішіннен басқа бір адам шығып, «мен екі дирхамга аламын» – деп жауап береді.

Пайғамбарымыз затты сол адамға береді. Ақшасын заттың иесіне беріп жатып, «мына ақшаның жартысына үйіңе тамақ ал да, жартысына бір өткір ағаш шабатын зат ал» – деп, оны базарға жібереді. Пайғамбарымыздың айтқандарын бұлжытпай орындап қайтып келеді.

Сонда Пайғамбарымыз ағаш шабатын  өткір затты қолына ұстатып, «енді осымен отын жинап, базарға апарып оны сатып күніңді көр. Және сені енді онбес күндей көрмейтін болайын» – деп, оған табыс көзін көрсетіп, жол сілтейді.

 Әлгі сахаба Алла Елшісінің берген әмірлерін орындауға кіреседі. Күн атысымен түн батқанша отын жинап, оны базарға апарып сатып күнелтеді. Тапқан ақшасына үстіне киім, қалғанына жан-ұясына азық- түлік сатып алады.

Он бес күн бұрын бала-шағасына бір үзім нан таппай жүрген Мәдиналы сахаба, жарты айдан соң Пайғамбарымызға жолыққанда, Пайғамбарымыз оның халіне риза болып, «Осындай қарқынмен жұмыс істеп, еңбектенгеннің тіленшілік етіп қиямет күні тіленшіліктен пайда болатын қара дақпен шығуыңнан артық» – деген екен.

Ендеше, Қиямен күнінен қорықсақ және Алла тағаланың жақсы көрген құлдарынан болғымыз келсе жалқаулықтың бауыры болған тіленшіліктен арылып, маңдай терімізбен адал табыс табуға ұмтылғанымыз жөн.

Балғабек Мырзаев
дінтанушы, Ph.D докторы

Бөлісу27Твитерге17Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Абай және Шәкәрім мұрасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00