Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Наурыз – бірлік пен береке бастауы

16.03.2020
- Мақалалар
0
1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Наурыз мерекесі күн мен түннің теңелген күні ретінде, символдық мәні бар халықаралық мереке ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бейзаттық (материалдық емес) мұралар тізіміне енгізілген.

«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ ұғымында Наурыз – жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурызды халқымыз «Армысың, Әз Наурыз!», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.

Басы ашық жәйт: Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қытымыр қыстан аман-есен шыққанына, күн нұрына бөленіп, жаңа күнге жеткеніне шүкірлік қылған әрі жаңа жылдан жақсылық күткен жұрттың қуанышы; қуаныш пен үміттің мерекесі.

Наурыз тарихы тереңде. Бір деректер бойынша Орта Азия халықтарының арасында бес мың жыл бойы тойланып келеді. XVIII ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып өтіліп, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте де тойланып келгенін айтады ғалымдар.  Бұл мерекені ғұндардың да, түркілердің де тойлағаны туралы деректер өте көп. Бірақ дәл қай кезден бастап тойлана бастағаны белгісіз.

Жердегі періште

Жердегі періште

26.11.2025
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025

Көнеден сыр тартсақ, шежіре шерткен көнекөз қарияларымыздың айтуынша, Наурыз мерекесі Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келіп тоқтағаннан кейін, топан су тартылып, кемедегі жан-жануарлар жерге түскен кездегі қуаныштан басталыпты. Кеме күн мен түн теңескен кезде тоқтапты. Нұх пайғамбар аман қалғанына шүкірлік етіп, құдайы тамақ бермек болыпты. Сөйтіп қап түбінде қалған ет, құрт, бидай, жүгері, тарыны, тұз бен суды бір қазанға салып пісіріпті. Тағамды араластырып отырып, Ұлы Жаратушының есімдерін ұлықтапты. Оның бұл ісіне разы болған Жаратқан періштелеріне: «Қазанына кәусардан тамызып, берекемді шашыңдар», – деп бұйырыпты деседі. Сөйтіп, бүкіл жан-жануар сол тамақтан дәм татып, көңілдері жайланған екен. Содан бері бұл тағам «Тілеу көже», «Наурыз көже», «Құдайы көже» деп аталып кетіпті. «Наурыз күні адамдарға тойғызып ас беру – Нұх пайғамбардан қалған екен» – дейді халық аңызы.

 «Аңыз түбі – шын, бақсы түбі – жын» деп бір тоқтап, сәл берірек жылжысақ, бұл мереке жөнінде қазақтың ғұлама-әулиесі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің жазбасында 8 күндік наурызнама өтетіні жайлы айтады. Мерзімі «ескіше 1-8 наурыз, қазіргі күнтізбеде 14-21 наурыз аралығы» деп жазады Мәшекең. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыздың ұлы Ахаттың жазбаларында былай делінеді: «14 март – ескіше бірінші наурыз. Бір күні әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-наурыз, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді. Ал, жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз. Бұл парсы тілінде «жаңа күн» деген сөз. Қожа-молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын – Ұлыс күні дегізіп жіберген».

Наурыздың түгел түркіге ортақ байырғы мереке екенін «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» атты еңбегінде Абай хакім де айтқан: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні» дейді екен. Бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады…».

Тағы бір зерттеушілер Ергенеқон аңызына сәйкес бұл күнді «ұлыс болған, яғни азаттық алған, дербес ел болған күн» деп есептейді. Яғни «Ұлыстың ұлы күні» мен «Ел тәуелсіздігі» – бір сөз, бір ұғым болып саналады. Наурыз мерекесінде айтылатын «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» деген тілектің бір ұшығы осылай көрінеді…

Енді біз білетін тарихқа келсек:  советтік тоталитарлық жүйе 1926 жылдан бастап наурыз мерекесін тойлауға тыйым салған еді. Озбыр жүйе көп жылдар бойы ұмыттыруға тырысқан бұл мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, кең көлемде атап өту дәстүрі орнығып келеді. Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ ССР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды.

Наурыз – сан ғасырлар бойы тойланып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жеткен мейрам. Кеңес өкіметі «кертартпа мереке» деп, түбегейлі тиым салғанымен, басым көпшілігі қазақтар қоныстанған ауылдарда, дәстүр-салтқа берік болған отбасыларында бұл мереке бәрібір аталып өтілетін. Дәстүр бойынша мереке көрісуден басталып, бүкіл ауыл болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алып, тілек тілеген. Тазаланған арықтарға су жіберіліп, көшеттер отырғызылған. Мереке халық ойындарымен, ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, қазақша күрес, ат жарысымен жалғасын тауып, той-думан қыза түскен. Бұл күндері тек жақсы тілеу айтылып, туыс-туған бір-бірін шақырысып, әруақтарға дұға бағыштап, тірілерге берекет сұралған. Бұлақтардың көзі ашылып, тазалық жұмыстары қолға алынған. Ағайындар бір-бірінің үйлеріне қонақ болып, наурыз көжеден дәм татысып, «Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын!» – деп құшақтасып көріскен.

Ең ғажабы: Ұлыстың ұлы күні бұрын ренжісіп жүрген жандар болса, бір-бірін кешіріп, қол алысып, құшақтасып, татуласқан! Сөз ұстаған ел ағалары, абыройлы ақсақалдар:

«Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен,

Жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өбіскен,

Шалдар бата беріскен:

Құдіреті күшті Құдайым, айнытпа деп жөн істен!» – деген өлең жолдарын өнеге қылып жиі айтқан. «Наурыз – мейірім мерекесі. Әр адам Наурыз күні ерекше кешірімді болуы керек», – деп, араздасқанды татуластырып, бұртиып жүргендерді жарастырып, ел бірлігін бірінші орынға шығарған!

Сөз соңында айтарымыз: Хақ дін Исламның да, адамзат қоғамының да аңсары – сый-құрметке негізделген берекелі тірлік. Сондықтан дін мен дәстүрі бітеқайнасқан қазақ елі үшін Наурыз мерекесі – діни мейрамдармен қатар тұрған, ел бірлігі мен берекесіне қызмет ететін төл мерекеміз. Ғалымдардың шариғат талабы мен хақ дін қағидаттарына қайшы келмейтін салт-дәстүрлерді еш шектемейтінін, керісінше барынша қолдайтынын ескерсек, «бұл мереке – мұсылмандарға тән емес» деген таяз түсініктен аулақ болғанымыз абзал.

«Шығу тарихы – күмәнді» дейтін секемшіл бауырларымызға «Харам үкімін тудыратын себептің жойылуы – үкімнің де жойылуына алып келеді» деген фиқых ережесі барын еске саламыз. Қазір күнге табынып, оттан ыршып, арам ішіп Наурыз тойлайтын қазақ жоқтың қасы…

Жақсы тілеудің, қайта түлеудің мерекесі – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!

Алғадай Әбілғазыұлы

Таңбалар: мерекеНаурызҰлыстың ұлы күні
Бөлісу25Твитерге16Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Арманы асқақ елдің алтын тұғыры
Видео

Арманы асқақ елдің алтын тұғыры

30.08.2025
Жаңалықтар

Ұлттық домбыра күні: елде қандай іс-шаралар өтеді

04.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұсылман жамағатына арналған сақтық шаралар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00