Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұһадрам деп кімді айтамыз?

24.03.2020
- Сұрақ-жауап
0
405
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Cұрақ: Мұһадрам деп кімді айтамыз?

Жауап: «Мұһадрам» сөзі араб тілінде «сүннет болмаған» деген мағынаны білдіреді. Шариғи мағынасына келер болсақ, «мұһадрам» деп – жаһилият және ислам дәуірінде өмір сүріп, Алла Елшісінің (с.ғ.с) көзі тірісінде немесе ол (с.ғ.с) өлгеннен кейін исламды қабылдаған, бірақ оны (с.ғ.с) өз көзімен көрмеген адамды айтамыз. Яғни, «мұһадрам» сахабалардың қатарына енбейді. Бірақ, сахаба көрген болса, табиғин саналуы мүмкін. Десек те, кейбір ғұламалар Алла Елшісінің (с.ғ.с) көзі тірісінде өмір сүрен мұһадрамды ол (с.ғ.с) өлгеннен кейін дүниеге келген табиғиндермен бір санатқа жатқызуды құптамаған (Ибнул-Мулаккин, ІІ 509).  Осы себептен де, мұсылман ғұламаларының көпшілігі оларды сахабалар мен табиғиндерден бөліп, «мұһадрамун» деп атаған.

Жалпы, «мұһадрам» деп жаһилият дәуірінің соңғы кезеңін көріп, ислам дәуірінің басында өмір сүрген мұсылмандарды айтамыз. Осы тұста, жаһилият дәуірі қай кезде аяқталған және ислам дәуірі қай кезден басталады деген сұрақ туындайды. Ғұламалардың бір бөлігі алғашқы уаһи нәзіл болған 610 жылы жаһилият дәуірінің жаназасы шықты деп біледі. Келесі бір бөлігі, әсіресе хадисші ғалымдар Меккенің алынуымен жаһилият кезеңі аяқталды деп тұжырымдайды. Мысалы, Муслим ибн Хажжаж хижрадан кейін дүниеге келген Усәйр ибн Әмр әл-Киндиді Меккенің алынуынан бұрынғы уақытта өмір сүргені үшін мұһадрам деп есептеген (Ибнлу-Әсир, V, 520).

Мұһадрам саналу үшін Алла Елшісін (с.ғ.с) көрмесе де, оның (с.ғ.с) көзі тірісінде иман келтірген болуы керек пе, әлде ол (с.ғ.с) қайтыс болғаннан кейін иман келтірген болуы керек пе? Ибн Кәсирдің көзқарасынша мұһадрам саналу үшін Алла Елшісінің (с.ғ.с) көзі тірісінде иман келтірген болу керек. Ал, Ибн Кутәйба мұһадрам саналу үшін Алла Елшісі (с.ғ.с) өлгеннен кейін иман келтірген болу керек деп ойлайды. Негізінде, ғұламалардың көпшілігі мұһадрамға қатысты белігілі бір шарт қоймаған. Бірақ, ғұламалар Алла Елшісін (с.ғ.с) көзі тірісінде көріп тұрып иман келтірмеген, кейіннен барып исламды қабылдағандарды сахабалар санатына да жатқызбаған (Әли әл-Кари, 599 б). Осы тұрғыдан алғанда, мұһадрам саналу үшін Алла Елшісінің (с.ғ.с) көзі тірісінде иман келтірудің шарт емес екенін аңғаруға болады.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Әдебиетшілер өмірінің жартысын жаһилият, қалған жартысын ислам дәуірінде өткізген мұсылмандарды да «мұһадрам» деп атаған. Мысалы, сахаба екені айқын дәлелденген Ләбиб ибн Рәбия, Кәәб ибн Зухәйр, Хасан ибн Сәбитті мұһадрам деп көрсеткен (Муқаддима, І, 33). Тіпті, тарихшылар әмәуи мемлекетінің соңғы кезін көріп, аббаси мемлекетінің бастапқы кезінде өмір сүрген мұсылмандарды да «мұһадрам» (мұһадрамуд-дәулатәин) деп атаған. Айталық, Рубә ибн Ажжаж бен Хаммад Ажрадты «мұһадрам» деп таныған (Яһия әл-Жубури, 56 б).

Мұһадрамдардың саны қанша болғаны белгісіз. Хадис кітаптарында кейде 20, кейде 40-тан астам мұһадрам көрсетіледі. Ал, Хажар әл-Асқалани өз еңбегінде жалпы саны 1400 мұһадрамды көрсеткен.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: Пайғамбар (с.ғ.с.)табиғин
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Сахабалардың мәртебесі

22.08.2024
Игіліктің ең жақсысы…
Ғибратты әңгімелер

Игіліктің ең жақсысы…

05.03.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Нәпсімен күрес – өзіңмен күрес

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00