Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Илхам – шариғи дәлел бола ала ма?

31.03.2020
- Сұрақ-жауап
0
956
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Илхам – шариғи дәлел бола ала ма?

Жауап: «Илхам» (шабыт) араб тілінде «ішу», «іштіру», «бірден қотара жұту» мағынасын білдіреді. Шариғи анықтамасына келер болсақ, «илхам» деп – «Алланың тікелей немесе періштелер арқылы қайыр мен ихсанды адам жүрегіне, көңіл қойнауына жолдауын» айтамыз. Яғни, ізгі мәліметті Алланың жар болуымен (рахымымен) оқып білмей қанығуы – илхам болып есептеледі.

Діни әдебиеттерде кейде «илхамның» орнына «хауатир» (жүрекке құйылған илаһи ілім), «парасат» (зеректік), «тажалли (илаһи шағылыс), «кашиф» (сырлардың ашылуы), «хадс» (мәліметтің дәнекерсіз білінуі), уарид» (жүрекке тосыннан келген хабар) секілді терминдер қолданылады. Бірақ, діни әдебиеттерде бұл терминдердің әрқайсын қолданудың өзіндік орны мен реті бар. Мұндай илаһи хабарларды көбінде «илхам» деп атайды. Оған түс, аян, шабыттануды жатқызамыз.

Кәлам  ілімінде илхам діни дәлелге жатпайды. Мысалы, Омар ән-Насафидің көзқарасынша шабытанумен келген илаһи хабарлар үмбет үшін обективті ақиқат емес. Ол бұл жөнінде: «әһлі сүннеттің көзқарасы бойынша шабыт (илхам) бір нәрсенің дұрыс екенін білуге жеткілікті себеп пен құрал бола алмайды» (Ақайд-Насафи) – дейді.

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026

Шынтуайтында, түс, шабыт және сырлардың ашылуы (кашиф) секілді рухани құбылыстар – бар және болатын нәрселер. Алайда бұлардың қайсысының ақиқат, қайсысының қате екенін ажырату өте қиын. Сол себептен де түс, шабыт және ашылу діни дәлел бола алмайды. Бұларға сүйеніп бір үкім шығарылмайды. Бұларды көрген адам басқаларды сол жолмен алған біліміне шақыра алмайды. Себебі, шабыт жалпылама сипатқа ие және ол нақты бір білім құралына жатпайды.

Алайда көрген нәрселері исламның өлшемдеріне қайшы келмесе көрген адамның өзі сол бойынша әрекет жасай алады. Бұлай әрекет жасағандар исламның мүбаһ қылған шеңберінен шыққан болып саналмайды. Мұндай шабыттар сол адам үшін ғылымның бір жолы ретінде дәлел болғанмен, басқалар үшін шариғи дәлел бола алмайды.

Фиқһ ілімінде де илхам негізгі дәлелдердің қатарына жатпайды. Исламдық үкімдердің қайнар-көзі туралы жазылған «Әдиллә-и шария» деп аталатын кітапта шариғи негізгі дәлелдер – Құран, сүннет, ижма және қияс деп көрсетілген. Бұлар фиқһтағы негізгі төрт дәлел деп аталады.

Мәзһабтардың бұлардан басқа қолданатын және мәзһабтарды бір-бірінен ажырататын – истихсан, сахаба қаули, урф, истислах, истисхаб, сәдди-зәрайғ, шариғаттан бұрынғы шариғаттар деген қосымша қайнар-көздер бар. Алайда ешқандай мәзһабта шабыт бекітілген дәлел ретінде қабылданбаған.

Десе де, шынайы түс пен илхамның (шабыт) салих құлдарға берген Алланың бір сыйы екенін де естен шығармауымыз қажет. Себебі, Алла Елшісінің (с.ғ.с) өзі де илхамды мойындап: «Сізден бұрынғы үмбеттердің ішінде илхам берілген тұлғалар болған. Егер, менің үмбетімнің ішінде ондай адам шағатын болса, ол адам – Омар (р.а) болады» (Бұқари, Әнбия, 54) – деп айтқан. Демек, жүрегі көзі ашылған адамдар үшін илхам ақиқат, бірақ ол көпшілік үшін шариғи дәлел емес.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: исламМұхан Исахан
Бөлісу23Твитерге14Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жеріне Ислам қашан келді?

07.03.2026
Ислам

Исламның өзге дін өкілдерін құрметтеуі: адамзаттық татулыққа бастар жол

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Уәсуаса дегеніміз не?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121067 бөлісті
    Бөлісу 48427 Твитерге 30267
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00