Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаныңда жүр жақсы адам

27.02.2020
- Қоғам
0
808
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінгі таңда көпбалалы аналарға, ауру сәбилерге, тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандарға жасырын және жария түрде көмек берушілер қатары күн санап көбейіп жатыр. Асыл дініміз исламда: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» («Сәбә» сүресі, 39-аят) делінген. Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер көмек, беруші үшін сансыз сауап пен жақсылықтың бастамашысы.

Сондай қайырымдылық ісімен айналысушылардың бірі – кәсіпкер Руслан Қуанышұлы. Алматы тұрғыны құрылыс саласында жұмыс істейді. Есімінің көп аталғанын қаламайтын кейіпкерімізбен KazIslam тілшісі телефон арқылы тілдесті.

«Мен құрылыс саласында істейтін жеке кәсіпкермін. Алла разылығы үшін табысымның отбасымнан артылған бөлігін мұқтаж жандарға қолұшын созуға жұмсаймын. Бұрындары көмекке мұқтаж деген адамдарға өзім ақша бере салатынмын. Кейіннен олардың арасында да «алаяқтар» бар екенін білдім, содан бері қажет қаражатты арнайы қайырымдылықпен айналысатын қорларға аударып тұратын болдым. Солардың бірі өздеріңіз білетін «Харекет» қайырымдылық қоры. Содан кейін Алматыдан «Үміт» қайырымдылық қорын аштық»,-дейді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, қорда арнайы құрылған комиссия мүшелері бар. Олар көмекке зәру адамдардың құжаттарын тексеріп, содан кейін барып қана өзара шешім шығарады.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

«Қазір байқасаңыз, әлеуметтік желіде қаржылай көмекке мұқтаж ауру сәбилер көп. Қордағылар олардың бәріне бірдей көмектесе алмайтындықтан, құжаттарын, дәрігер анықтамаларын алдырып, ішіндегі ең жағдайы ауыр, қолдау көрсетпеске болмайды деген жандарға бірінші болып қолұшын созады. Мен өзім қордың ішкі жұмыстарына араласпаймын. Тек қажет қаржыны аударып отырамын», -дейді Қуанышұлы.

Руслан Қуанышұлы «Харекет» қоры арқылы көпбалалы анаға пәтер сыйға тартқан. «Адамның сипаты – пейілінде» деген ол қысқа ғұмырда әрбір адам қолынан келгенінше жақсылық жасап, бір-біріне демеу болса дейді.

«Абайдың жас ұрпаққа «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі. Өзін мұсылманмын деген әрбір жан ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің құқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен iзгi амалдарын қалдыратындай болуы тиіс. Мен туғанымнан бері тағдырдың сан түрлі соқпақтарында кездескен қиындық атаулынын барлығын дерлік шынайы сенімділікпен, «тек алға» деген өмірлік ұстанымым арқылы шамам келгенше жеңiп келемін. Бір ақ рет берілетін өмірді неге пайдалы қылып өткізбеске?! Дүние қолдың кірі деп бабаларымыз бекер айтпаған. Мейірім көрсетіп, көмек созу үшін қалтаңның қалың болуы міндетті емес. Жылы қабақтың өзі садақа. Сондықтан біз жақсылық жасауды қоғам болып насихаттасақ екен»,-деді ол.

Жү­регінде иманы бар жұрт қолынан келгенше Алла алдындағы қа­сиетті парыздың бірін қайырым­дылық деп біледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес нәрсенің қадірін біл. Олар: өлімнен алдын өмірдің, ауру келмей денсау­лықтың, әурешіліктен бұрын бос уақыттың, зағиптықтан бұрын жас­тықтың, кембағалшылықтан бұрын байлықтың қадірін біл» деген. Аста-төк болмаса да азын-аулақ табысының өзін өзгелермен бөлісіп жүретін қайырымды жандар көп болғай!

Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Діни радикализммен күрестегі ақпараттық жұмыстардың маңызы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00