Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Төсек қатынасы кезінде өзгені қиялдаса күнә ма?

01.02.2020
- Сұрақ-жауап
0
1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Күйеуіммен жыныстық қатынас барысында өзге еркекті ойлап кетемін кейде. Осыным күнә ма?

Жауап: Сіздің сұрағыңызға тікелей жауап бермес бұрын адамның ойына келетін қиял мәселесіне бір тоқталып өтсек.

Имам Нәуаи (р.а.) жалпы адам қиялы туралы: «Егер адам ақылына тұрақсыз ойлар келіп-кетіп жатса, онда ол ой адамға еш зиянын келтірмейді. Бұған ғалымдар бірауыздан келіскен де. Себебі, адам ол сынды ойларды бақылап тұра алмайды. Ол сынды ойлардың келуіне де тосқауыл бола алмайды», – деген.

Имам Нәуаидің бұл сөзі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Расында, Алла менің үмметімнің сөзге ұласып, амалға аспаған, тек ойымен ғана шектелген нәрселер үшін кешіріммен қарады», – деген хадисіне сүйенген.

Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026

Ал, енді сіздің сұрағыңыздай айтылғандай, адам өз ақылында өзі қалыптастыратын қиялға келсек, жалпы ғалымдар, оның ішінде Ханафи мәзһабының ғұламалары қиялдаудың бұл түрін күнә деп таныған. Бұл сөзімізді ғалымдарымыздың келесі сөздерімен өрбітсек:

Ханафи мәзһабының ірі өкілі Ибн Абидин (р.а.) айтады: «Біздің мәзһабтың қағидаларына ең жақыны – бұл нәрсенің халал еместігі. Себебі, қатынас кезінде жұбайын бөтен адам деп қиялдау – әйелінің халал тәні арқылы күнәлі істі қиялдау болып табылады».

Мәлики мәзһабының ғалымы Ибн Хаж әл-Мәлики (р.а.): «Ондай қиялды өз бойында іспен, өзгелердің жанында сөзбен қоштамауы керек. Бұл сынды жиіркенішті іс адамдар арасында көп байқалатын болған. Оның мысалы: бір адам екінші бір әйелді көріп, сүйсінгенінен кейін, үйіне келіп өз әйелімен қосылғанда, әйелін әлгі бөтен әйел деп қиялдауы. Бұл – зинаның бір түрі. Ғалымдарымыз бұның мысалын қолына бір ыдысты алып су ішкен адамға теңеген. Әлгі адам қолына алған ыдыстағы суды шарап деп қиялдап ішсе, ондағы су ол үшін харамға айналады. Бұл да сол сияқты. Қиялдаудың бұл түрі тек еркектерге тән емес. Әйелдер де бұл тұста еркектер сынды…», – дейді.

Ханбали мәзһабының ғалымы Ибн Муфлих Ханбали (р.а.) бұл мәселе бойынша былай дейді: «Ибн Ақил (р.а.) «әр-Риғая әл-кубра» атты еңбегінде: «Егер әйелімен қосылу барысында өзіне харам болған басқа әйелді қиялдайтын болса, күнә жасаған болады. Ал егер тұрақсыз ой болса, көбіне күнә болмайды».

Имам Нәуаи (р.а.) айтады: «Ойға келетін тұрақсыз ойларға кешірім жасалуының себебі – ол ойлардан қашып болмайтындығынан. Алайда, ол ойлардың үнемі келе беруінен сақтануға болады. Сол үшін де жиі қиялдау мен жүректі соған дағдыландыру харам болады».

Бұл сынды қиялдармен сынаққа ұшыраған адам келесі кеңестерге сүйенсе болады: Осы қиялдарға жетелейтін кино, сериал, романтикалық кітап, газет-журнал, әңгімелерден алыс болу. Имам Ғазали (р.а.) айтады: «Қандай да бір орынсыз ойдың емі – оған апаратын жолды жауып тастау. Яғни, ол ойға апаратын себептерді тоқтату. Егер себеп тыйылмаса, оның салдары жалғасын таба бермек».

Айбек Әбдіқадыр

Таңбалар: отбасы
Бөлісу24Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Семья – фундамент личности
Қоғам

Отбасы құндылығы – бұлжымас қағидат

23.02.2026
Жаңа Конституция жобасындағы отбасының рөлі
Жаңалықтар

Жаңа Конституция жобасындағы отбасының рөлі

07.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жұма намазын онлайн оқуға бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121002 бөлісті
    Бөлісу 48401 Твитерге 30251
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00