Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Суицид: қылмыс па, әлде тығырықтан шығу жолы ма?

18.02.2020
- Қоғам
0
726
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл күнде суицид деп аталып кеткен қайғылы құбылыс жұртшылыққа жақсы мәлім. Суицид – ағылшын тілінен аударылғанда адамның өзін-өзі өлтіруі. Біреулер бұны қылмыс десе, екіншілері оны адамның өз өміріне өзінің қожалық ету еркіндігі деп санайды. Қалай дегенде де, бұл адамның өз-өзіне жасаған ауыр қылмысы. Ал әрбір қылмыстың жазасы болары хақ.

Адамның өмірінде кездескен қиын жағдайға төзімділік танытпай, өз-өзіне қасақана қол жұмсап, бір-ақ рет берілетін теңдессіз құндылық – өмірден қол үзуді ислам діні де айыптайды.

Алла тағала қасиетті кітап Құранда: «…өз бастарыңды қауіпке тікпеңдер…» (Бақара сүресі 195-аят) деп, адамзатты өз өміріне қауіп төндіруден, өз-өзіне қол жұмсаудан аулақ болуға шақырады. Сондай-ақ: «Біз адам баласын ардақтадық…», «…оларды басқа жаратқандарымыздан әлдеқайда артық жараттық» («Исра» сүресі,        70-аят), – деп анық ескерткен аяттар бар.

Яғни, адамға берілген өлшеусіз аманат – өмірге қиянат жасау – үлкен қылмыс, кешірілмес күнә екендігі даусыз.

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

13.03.2026
Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

10.03.2026

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша, Қазақстан адамның өз-өзіне қол жұмсауынан әлемде үшінші орында, ал Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде бірінші орында.

Елімізде 2018 жылы екі жарым мыңнан астам осындай қайғылы оқиға орын алған.  Алдынғы үштікке Алматы қаласы (310), Шығыс Қазақстан облысы (284), Қарағанды облысы (281) кіреді, Одан кейін Түркістан облысы (239), Қостанай облысында (231) өз-өзіне қол жұмсағандар тізімінде тіркелген.

Бұл келеңсіз құбылыстың негізгі себептеріне тығырыққа тірелген әлеуметтік жағдай, отбасылық және қоғамдық тәрбиенің жетіспеушілігі, рухани тайыздықтан туындаған азғындық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қорлау, т.б. жатады. Осындай ахуалға тап болған жастар көбінесе одан құтылудың жолы ретінде, өкінішке қарай, өмірден кетуді жаңсақтықпен таңдауы кездесіп жатады.

Өткен жылға суицид оқиғаларына талдау жасаған ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитетінің сараптамасы бойынша, елімізде 295 суицид әрекеті тіркелгенін, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 52 адамға көп екенін айтқан болатын.

Айта кету керек, өзін өлімге қиғандардың дені орта буын, яғни, 35 пен 44 жас аралығындағы жандар екен. Ал, балаларға келер болсақ, 2019 жылдың қаңтар айында елімізде 12 бала өзіне қол салған. Сондай-ақ, 28-і өлуге әрекет жасады. Суицидке барғандардың дені – жіпке асылып қалғандар.

Отбасылық психолог, гештальт-терапевт Марина Никитина жасөспірімдерді суицидке не жетелейтінін былай түсіндіреді:

«Әдетте ата-аналарға баласының үйде отырғаны, шуламауы, бұзық болмағаны жеткілікті. Бірақ олар балаларының уақытты ғаламторда қандай сайттар шырмауында өткізетінін, кімдермен араласатынын білмейді. Мүмкін, осы уақытта желі арқылы баланы біреу қауіпті істерге итермелеп жатқан болар».

Қазір баланың ішкі рухани дүниесінің қалыптасуы, құлдырауға ұшырауы ғаламторда көп уақыт байлануымен де байланысты екендігі анықталды.

«Ислам діні адамның өзіне өзі қол салуы дертінің емі – имандылық деп уағыздайды. Имандылық рухани байлық, ар-ождан тазалығы, ал бұл ең әуелі отбасылық тәрбиеден. Осы тұрғыдан алып қарағанда жасөспірімдерге отбасында, мектеп қабырғасында имани тәрбие беруге баса көңіл бөлу қажет-ақ. Демек, ата-ана, мектеп мұғалімдері және психологтар бірлесе жұмыс атқарулары тиіс»,- дейді, Тараз қалалық «Шейх Зүнні» мешітінің бас имамы Сейітқазы қажы Медетбек.

Адам баласының қоршаған ортасы, дүние танымы, тәрбиесі, мінез-құлқы оның әрбір іс-әрекетінің себепшісі. «Тәрбие – тал бесіктен басталады», баланы рухани бай, жігері мықты, психикалық тұрғыдан орнықты етіп қалыптастыру – оларды ата-аналарын, туған-туыстарын, жақын достарын ауыр қайғыға батыратын күнә – өзіне-өзі қол салу қылмыстан алшақтататыны анық.

Таңбалар: басты тақырыпқылмыссуицид
Бөлісу18Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды

14.03.2026
Адалдық – мұсылмандық қасиет
Видео

Адалдық – мұсылмандық қасиет

13.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бірлікке сызат түсіруге ешкімнің құқы жоқ

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120849 бөлісті
    Бөлісу 48340 Твитерге 30212
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1594 бөлісті
    Бөлісу 638 Твитерге 399

Соңғы жарияланымдар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
В Казахстане отмечают Көрісу күні
Жаңалықтар

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00