Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өмір бойы үйленбей өтуге дініміз рұқсат бере ме?

24.02.2020
- Сұрақ-жауап
1
1.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Өмір бойы үйленбей өтуге дініміз рұқсат бере ме?

Жауап: Алла Тағала Құранда ер адам мен әйелдің неке қиып, шаңырақ көтеруі турасында былай деген:

«Сендердің өз табиғаттарыңа үйлестіріп (өз қастарыңнан) әйел жынысын жаратқаны да, оларға тіршілік ләззәті етіп, сүйіспеншілік, мейірім бергені де ұлылықтың белгісі» (Рұм: 21).

Келесі аятында: «Ей, адам баласы! Күмәнсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық…», – деп ер мен әйелдің бір бүтін жұп екенін айтады (Хужурат: 13).

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026

Жоғарыдағы аяттардан көргендей дін Ислам адамды үйленуге, отбасын құрып, бақытты ғұмыр кешуге шақырады. Сондықтан да исламды «бейбітшілік және мейірім» діні деп те атайды. Негізінде бұл сұраққа нақты жауапты пайғамбардың (с.ғ.с.) төмендегі хадисінен де көреміз. Ол кісі үйленудің және отбасын құрып, дұрыс өмір сүрудің үлгісін айтады:

«Алла елшісінің (с.ғ.с.) үйіне үш сопы келеді. Олар пайғамбардың (с.ғ.с.) қалай құлшылық қылатыны жайында сұрайды. Пайғамбардың (с.ғ.с.) жасайтын құлшылығын естіген уақытта олар үшін бұл (қарапайым, әрі) аз болып көрінеді. Сондықтан олар:

 – Ол, пайғамбар (с.ғ.с.). Біз ондай бола алмаймыз. Алла оның өткен және келешек күнәларын кешірген, – деп кері қайтады.

Кейін біреуі тұрып:

– Мен түні бойы уақытымды намазбен өткіземін, – деді.

Екіншісі:

– Мен ғұмыр бойы ораза ұстаймын, ауызымды ашпаймын, – деп айтты.

Үшіншісі:

– Ал мен ғұмыр бойы әйелге жақындамаймын, үйленбей өтемін, – дейді.

Мұнан соң бұл хабарды естіген Алланың елшісі (с.ғ.с.) бұларға келіп:

– Пәленше және түгенше деп айтқан сендерсіңдер ме? Аллаға ант етемін! Расында мен Алладан сендерден артық қорқамын және сендерден артық тақуалық етемін бірақ, мен ораза ұстаймын және ауызымды ашамын. Намаз оқимын және демаламын, үйленемін. Ал енді кім менің жолымнан бас тартса, менен емес, – деді», – деген риуаятты Анас (р.а.) келтіріледі (Бұхари, Мүслим).

Демек, үйлену – сүннет. Бұл үрдіс сонау Адам атадан келе жатқан жол. Ұлы сахабалардың бірі Ибн Аббас (р.а.) үйленіп, шаңырақ көтеру турасында білім іздеп, өмірдегі өз орнын табуға ұмтылған жастарға:  «Құдайшыл адамның тақуалығы үйленуімен кемелденеді», – деп өсиет қалдырған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қазақ: «Жалғыздық Аллаға жарасады» – деп жақсы айтқан.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: Жалғас САДУАХАСҰЛЫотбасы
Бөлісу34Твитерге21Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Үш сұрақ
Видео

Үш сұрақ

26.01.2026
Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?
Сұрақ-жауап

Ерлі-зайыптылардың татулығы жайлы Исламда не дейді?

13.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жүректің түрлері

Пікір 1

  1. Ерден жазған:
    6 жыл бұрын

    Пайдалы ақпарат үшін көп рахмеет. Ойлап жүрген сұрағыма жауап таптым.

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00