Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ижмали иман мен тәфсили иманның айырмасы қандай?

29.02.2020
- Сұрақ-жауап
0
1.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Ижмали иман мен тәфсили иманның айырмасы қандай?

 Жауап: Ижмали (жалпы) иман деп – «Ла иллаһа иллалаһ Мұхаммедун Расулуллаһ», яғни «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деп кәлима-шаһадат айтып, оны жүрекке бекітуді айтамыз. Бұл иманның алғашқы дәрежесі һәм діннің іргетасы.

Шынтуайтында, Аллаға иман келтірген адам Оның елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с.) алып келген діни үкімдері мен қағидаларын сөзсіз қабылдауы тиіс. Себебі, біз шын жүректен иланған Алланың бұйрықтары мен тыйымдары бізге Мұхаммед (с.ғ.с.) арқылы жетіп отыр. Олай болса, біз Алла елшісінің (с.ғ.с.) жеткізген илаһи хабарларына күмәнсіз илануға тиістіміз. Бұл жерде илаһи бұйрықтар мен тыйымдарды жеке-жеке талдамастан, оны жалпылай тұтас қабылдағандықтан, осылай Аллаға нанып, Мұхаммедті (с.ғ.с.) Оның елшісі деп мойындау – ижмали иман деп айтылады.

Тәфсили иман деп – илаһи бұйрықтар мен тыйымдардың әрқайсысын жеке-жеке терең зерттеп, зерделеп барып оларға сенуді айтамыз. Тәфсили иманның мынадай үш дәрежесі бар.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Бірінші дәрежесінде Алланы және Мұхаммедтің (с.ғ.с) Алланың елшісі екенін мойындай отырып ақырет күніне де иман келтіруіміз шарт. Бұл ижмали иманға қарағанда бір саты жоғары иман дәрежесі. Себебі, бұл жерде Аллаға иман келтіріп, Мұхаммедті (с.ғ.с) Оның елшісі деп қабылдаумен қатар ақырет күніне сену қарастырылған. Бұл туралы Құран-кәрімде: «Аллаға, ақырет күніне сенушілер, әрине соларға зор сыйлық береміз» (Ниса, 162) деп баяндалады.

Екінші дәрежесінде Аллаға, пайғамбарларға, кітаптарға, періштелерге, ақырет күніне, өлгеннен соң (қиямет-қайым) қайта тірілуге, бұл дүниеде көретін жақсылық пен жаманшылықтың Алладан екеніне (тағдыр), о дүниедегі жәннат пен тозаққа, ақыретте игі іс үшін сауаптың, күнә іс үшін азаптың болатынына, иман келтіруіміз керек. Бұл жөнінде Құран кәрімде: «Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе» (Бақара, 177) деп айтылады.

Үшінші дәрежеде әзіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Алладан әкелген барлық бұйрықтары мен тыйымдарын (шариғат) мүлтіксіз мойындауымыз қажет. Яғни, Алла елшісінің (с.ғ.с.) жеткізген илаһи үкімдерін (парыз, уәжіп, сүннет) жалған айтуы мүмкін емес қауымның (рауилер) кейінгі буынға бірауыздан жеткізген (хабари-садық) хабарларына кәміл сенуді айтамыз. Бұл жерде иман, намаз, ораза, зекет, қажылық және қоғамдық қатынас кезіндегі харам мен халал үкімдері күмәнсіз қабылданып, сонымен адамның ынты-шынтысымен өмір сүру дәрежесі айтылып отыр.

Құр сом алтын мен бұйым болып жасалған алтынның айырмасы болатыны секілді ижмали иман мен тәфсили иманның да дәрежелері бөлек-бөлек. Бір нәрсені қабылдау мен онымен өмір сүрудің арасында үлкен айырмашылық бар.

Адамның жүрегімен қабылдаған нәрсесіне ағзасы мен дене-мүшесі қарсы шығып жатса, ол әлсіздіктің белгісі. Ал, сенген нәрсесімен оның өмірі тұтас өрілсе, онда ол кемелділіктің көрінісі.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу34Твитерге22Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Казислам» порталының 2020 жылы ақпан айында атқарған жұмысы туралы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00