Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам Орталық Азияда ғылым болып өрледі

18.02.2020
- Қоғам
0
553
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

14 ғасырда Сатұқ Бұғраханның Караханлылар мемлекетін құруымен Ислам өзінің аймақтағы дамуының шыңына жетті. Яғни, Исламның Қазақстан аумағында мың жылдық тарихы бар.  Сол кездерден бастап Мәуераннахр ғылым мен мәдениеттің орталығына айнала бастады. Тарихи және жергілікті салт-дәстүрлерге бейімделген жергілікті ерекшеліктер мықтылығын сақтай отырып Исламның негіздерінің ішінде өзінің орнын сақтады.

Ислам түсінігінің Орта Азия даласында көшпенді өмір сүрген түркі халықтарының арасында қалыптасуында ғылым және сауда-экономикалық орталық ретінде Мауараннахр ерекше маңызы орын алады.

Исламның таралуымен бірге мықты бір ғылым мен мәдени қозғалыстардың нәтижесінде Орталық Азия мыңнан астам ғұламалар шығарған даңғаза ғылым ордасына айналды.

 Юсуф Хаж Хажиб Баласағұни (470/1077), Ахмет Ясауи (562/1166), әл-Фараби, (339/950), Сығанақи (711/1311) секілді үлкен ғұламалар мен Қарнақ, Яссы, Тараз,  Ақмола  медреселері  мұсылмандықтың бізге қалдырған тамаша мұралары.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Караханидтер және Ғазнауидтер билігі кезеңінде түркілер ислам ғылымы мен білімі, ислам мәдениетінің қалыптасуына ерекше үлес қосты.

Караханидтер билігі кезінде құрылған медреселерде дін ғылымдарымен қатар, филология, логика, математика, астрономия, медицина және философия секілді ғылым салалары оқытылды.

Хорезм, Бұхара, Самарқанд және Ферғана, Насаф, Журжан секілді қалалар аз уақытта исламдық білім орталықтары сипатына ие болды.

Исламмен бірге түркі жұрты қаламды қылыштың орнына пайдалану керек екенін түсінді.

Ислам әлемі Фараби, Бируни, ибн Сина секілді данышпандардың арқасында өркениет тарихында өзінің лайықты орнын ала білді.

Шығыс пен Батыста Аристотельден кейінгі екінші ұстаз болып саналатын  Фараби философия,  логика, метафизика, рационалды психология, ахлақ және саясат салаларында 200-ге жуық еңбек жазды. Адамзаттың ортақ құндылығы болған философияны  Грек мәдениетінің ықпалынан құтқара отырып, ислам ойлау жүйесінде жаңа бір қарқын әкелді және қайта тірілтті.

Философ және дәрігер ретінде танылған ибн Сина орта ғасырда медицинаға көптеген жаңалықтар әкелген «ал-Канун фи-т-Тыбб» атты еңбек жазды. Осы медицина энциклопедиясы ретінде де танымал болған 5 томдық еңбек 600 жыл бойынша әлемнің барлық бұрышында ең маңызды қайнар кітап ретінде оқытылды.

 Орта Азиялық ғалымдар астрономия және математика ғылымына да маңызды үлес қосты. 9 ғасырдың танымал ғалымы Ахмет ал-Ферғани астрономия ғылымының негізін қалаушылардан.

Батыс әлемі оны Алфраганус ретінде және астрономия ғылымына қосқан үлестерімен естерінде сақтады. Ферғанидің астрономияға қатысты жазған «Cevami` `Ilmi`n-Nucum ua Usul al-Harkat al-Samaviye» атты кітабы 12 ғасырдан бастап 15 ғасырға дейін Латын, Француз, Грек және Италия тілдеріне аударылды.

Ислам ғылымы тарихында астрономия және математика саласындағы тапқыштығымен әйгілі болған ғалымдардың бірі де Әбу Абдулла Мухаммад бин Муса ал-Хорезми (850) болып табылды. Математика, астрономия, география саласында бүгінгі күні де маңызын жоғалтпаған маңызды дүниелер жазып қалдырған.

Шығыс пен Батыс оны «ал-Жабр уа ал-Мукабала» атты еңбегімен таныды. Осы еңбекте 800-ден астам алгебра сұрақтарын қамтып олардың жауаптары беріледі. Хорезмидің ислам мәдениетіне ең көп үлес қосқан саласының бірі география ғылымы.

«Суратул-Арз» атты еңбегі осы тақырыпта жазылған алғашқы дүниесі. Бұл кітапта 69 ғұламаның бірлесе зерттеп жасалған әлем картасы бар. Осы карта ислам әлеміндегі жер жүзінің және аспан әлемінің карталарының алғашқысы. Италиялық математик Геролома Гардано (1544-1624)  Хорезмиді «әлемнің ең ұлы он екі ойшылы» ішіне қосады.

Ғылым әлемінде астрономия мен математикамен бірге көптеген ғылым саласындағы жетістіктерімен танымал болған, түркі жұртының мақтан тұтар тұлғаларының бірі де Бируни (973-1048) болып табылады.

100-ден астам еңбектерінің 95-і астрономия, математика және география саласымен байланысты.  Ғылым тарихшысы Джордж Сартон Бируниді «философия, математика және география саласында барлық дәуірдің ең  ұлы ғалымы» ретінде бағалайды.

Қорыта келе, Орта Азиядағы түркі жұрты ислам дінін қабылдай отырып, өзінің тарихында түп-тамырымен үлкен бір мәдени өзгеріске бет бұрды. Исламның Орталық Азиядағы ғылыми және мәдени фундаментінің мың екі жүз жылдық тарихы біздің ең мықты мұрамыз.

Ортаға шыққан діни, мәдени, саяси және қоғамдық салалардағы өзгерістер әлемде  бүгінгі күнге дейін маңызды рөл ойнап келеді.

Бірақ сол мұраларды зерттеуге мұршамыз жетпей жүргені және қажетті назар аудармай жатқанымыз кемшілігіміз. Сондықтан, әлемдік өркениет көшінен кейін қалып кетпеу үшін өткенімізге терең үңіліп тиісті қорытындылар шығаруымыз керек.

Балғабек Мырзаев

Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламда вакцинаны қолдануға бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00