Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Барымызды бағалай білейік

17.02.2020
- Мемлекет және дін
0
540
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сынақта соңғы сәтке дейін мүмкіндік беріледі. Бәйгеге шапқан ат та кейде соңғы сәтте ғана мойны озар болуы мүмкін. Бірақ адамның өмірі кейде ұзақ болған соң оған мүмкіндіктер көп беріледі. Әйткенмен кей адам сол пайданы көре алмай бақытын сонау алыстан іздейді.

Әуелі бала болып ойнап жүріп өссем деп қиял қуады. Өсіп ержеткенде тағы да алдағы белестерді көріп арманға көз тастайды. Қартайған шақта өмірден көп опық жегенін айтып, артына қарап саусағын тістейді.

Көптеген қателіктерін еске түсіріп, былай болған өстер едім, олай болғанда үйтер едім дейді. Сөйтіп арманының қашан да қолында жүргенін байқай алмай бейқам күй кешіп өмірден өтеді.

Ілгеріде бір жалқау адам ғұмыр кешіпті. Бір күні әрі бері ойланып өзінің бай бір туысына көмек сұрап барыпты. Өзінің хәлінің нашар екенін қол ұшын берсе әрі қарай жақсы өмір сүріп кете алатынын айтып бағады.

Көк паспорттың қадірі

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Қазақстан – конфессияаралық келісім отаны

Қазақстандағы конфессияаралық келісім: татулықтың темірқазығы

26.02.2026

Бай туысы әрі-бері ойланып «жарайды» деп бөлмесіне кіріп кетеді. Әлгі жалқау болса оның көп кешікпей ақша алып шығатынына бек сеніп бірақ қанша береді екен дегенге тоқтап дүдәмәл ойда тұрады. Бірақ әлгі бай туысы аздан соң қолына бір кітап алып шығады.

«Менің саған берер көмегім осы. Осыны оқып түсінсең өмірің өзгереді» дейді. Әлгі жалқау амалсыз ләм мим демей кітапты алып үйден шығады. Ашуы ішіне сыймай өз өзіне күбірлеп: «Сараң неме, ақша сұрасам кітап бергені несі? Бұл кітап маған қандай бақыт болмақ, қай жыртығымды жамамақ?» деп бұлқан талқан болып үйіне қайтады.

Үйіне барып ерігіп кітаптың алғашқы бетін ашып қараса бір алтын жапсырып қойған екен. Қуанып кетеді. Келесі бетті қараса тағы бір алтын. Осылайша кітаптың әр бетіне бір алтын қойылғанын байқап жинап алады.

Арада біраз уақыт өткен соң әлгі жалқау қайтадан байға барады. «Паһ, шіркін, кітабыңыз ғажап екен. Әр беті ғибратқа толы екен. Оқыған сайын, бетін ашқан сайын аша бергің келеді. Құмарың бір тоймайды.

Әр бір беті не деген мәнге толы еді! Көп пайдасы тиді. Кітапқа тойым жоқ. Мұндай қызық кітап жалғыз болуы мүмкін емес. Екінші томы бар шығар деп келіп отырмын. Енді екінші кітабын бере аласыз ба?» дейді.

Бай қалпын бұзбаған күйі оған қарап: «Ол кітаптың екінші томы жоқ, ол жалғыз кітап еді» деп жауап береді.

Иә, сол мысалдай адамға мына сынақ өмірге бір-ақ мәрте келеді. Екінші қайта мүмкіндік бермейді. Адам бақытын ұзақтан іздейді де күндерін босқа өткізеді. Алайда кітап болған адамның әр бір өмір парағы бақытқа толы еді. Адамның ең маңызды қазынасы өмір мен заман.

Тіпті жиырма төрт сағат жиырма төрт алтынмен тең. Алайда бейбақ пенде соның қадірін білмей келесі томы бар шығар деген жалған үмітпен сол алтындарды орынсыз жерге шашады. Қиялға шашады. Әуелі ол бақыт деген болашақта емес Алланың берген әр бір жарығы бақыт екенін білмейді. Жастық шақта жастығының, жігіттікте қайраттылығының қадірін білмейді. Қ

ырық жылдық жердегі бір нәрсені көздейді де соған жеткенше қолдағы алтындарын шашып, «бақытым алда» деп күйгелектеп күн кешеді. Һәм әр бір күнде Алланың тануға, Оған дос болуға мүмкіндік бар екенін байқамайды. Өмірі мен заманын болашақтан іздейді.

Ал болашақ келмеуі мүмкін оған, келсе де бір алтынды алу үшін мың алтынды сарп еткені үшін тағы да қайғырады.

Хазіреті Әлінің: «Адам баласы ұйқыда, өлгенде ғана оянады» дегені де осы. Оянады, бірақ қолына қайта екінші кітап берілмейді.

И.Тұрғалиұлы

Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды
Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Таза ақылмен таппаған дін...

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121077 бөлісті
    Бөлісу 48431 Твитерге 30269
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды
Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды

18.03.2026
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00