Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бала тәрбиесінің маңызы

29.02.2020
- Қоғам
0
856
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ата-ананың тәрбие беру кезіндегі жіберген кемшілігі болашақта баланы тағдыр тәлкегіне салатыны анық. Өмір жолында әcеp ететін құбылыcтap түpлі болғaнмен олapды тәpбиелеуші – aтa-aнa. Оcығaн бaйлaныcты, бaлaғa көңіл бөлу, cондaй-aқ бaлa тәpбиеcінің мaңызы жaйлы мaмaндap өз пікіpлеpін оpтaғa caлды.

«Тәрбие» – арабтың сөзі. «Көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінің алғысөзінде адамның басқа жаратылыстардан бөлек екенін, тәрбиені қажетсінетінін былай деп білдірген екен:

«Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы туғанда өте әлсіз, зағип, осал болып туылады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді.

Ал адам баласы − туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақыл-есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінеки, адам баласы осылай өте әлсіз болып туып, аса сараң өсетіндіктен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни, оны тәрбие қылмай болмайды».

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Рас, енді ғана өмір есігін ашқан кішкентай ғана нәрестенің өсуі үшін бар жағдайын жасаймыз, қажет дүниенің бәрін сатып алып береміз. Өкінішке орай,  рухани азық беруге аса мән бермейміз. «Дұрыс қанаттанған түзу ұшар» демекші, толыққанды тәрбие беру – болашақтың жемісі.

Исламда жанұя құрудағы негізгі мақсаттардың бірі – өмірге ұрпақ әкелу, иманды, ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Хадисте бұл турасында «Балаға әкенің берер ең жақсы сыйы − ол тәрбие» делінген.

Балаға көңіл аудару − жаны ізгілікке толы мұсылман, қоғамға пайдалы азамат етіп қалыптастыру – үлкен сауапты істің бірі. Сондықтан сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ата-аналарға: «Балаға бір мәрте көңіл бөліп, тәрбие беру − бір сағат көлемінде садақа бергеннен де жақсы», «Кімде-кім жылаған баланы жұбатса, Аллаһ тағала жаннатта оған қалағанынша сый-сияпат береді»− деп, балаға көңіл бөлудің сауап жағынан да артықшылығын айтқан.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, баланы қанша тәрбиелесең де, өскенде ата-анасынан көргенін істейді. Бұл жөнінде педагог-психолог Зиядина Индира Меллатовна өз пікірін білдірді.

– Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, Cондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Маманның пікірінше, ғаламның ең тамаша туындысы – адам емес, тамаша тәрбие алып шыққан адам.

Сондай-ақ қазіргі таңда ата-ана баласының бойынан оғаш қылық көрсе болды, кінәні өзінен емес, өзгеден іздеуге құмар. Бұл мәселеге психолог өз кеңесін берді.

Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, мұғалімдерді, жолдастарын, қоғамды кінәлаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен.

Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті «беті-қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т.б.» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді.

Сондай-ақ көпшіліктің пікірі: «қазіргі балалардың оқуға қабілетсіз, қарым-қатынаста қасиетсіз, еңбекке қырсызы көп кездеседі»,- дейді. Бұған әлеуметтанушы ғалымның айтар жауабы бар.

Өмір дегеніміз — күрделі математикалық есептерден тұрады. Тепе-теңдікті дұрыс сақтап түрлендіре білсең, нәтижелі жауап аласың.. Ал бір таңбаның өзі дұрыс қойылмаса (сөзің дұрыс айтылмаса да) шешуінің табылуы ауыр, яғни ,басқа формада сол адамға әсер етіп отырады.

Яғни, жасөспірімнің еңбекқор, білімді, жан-жақты болып өсуі – тәрбиеге тікелей байланысты. Бір қатесін жібермей жақсы тәлім-тәрбие көрсетсең, нәтижелі жауап аларын анық.

Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат» деген нақыл сөз бекер айтылмаса керек.

 

Балжан Әбдіраш

Таңбалар: бала тәрбиесі
Бөлісу20Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бала тәрбиесі – келешектің іргетасы
Видео

Бала тәрбиесі – келешектің іргетасы

29.10.2025
Отбасында ата-ана мен перзенттің құқығы мен орны
Ислам

Отбасында ата-ана мен перзенттің құқығы мен орны

12.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ижмали иман мен тәфсили иманның айырмасы қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00