Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алғашқы мұсылман социолог ғалым

03.02.2020
- Қоғам
0
234
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Уафи Әли Абдулуахид – 1901 жылы Судан мемлекетінің Уммудурман қаласында дүниеге келген. Әкесі қызмет бабымен 1905 жылы Мысырға қоныс аударды. Алғашқы білім жолын Әзһар мектептерінде бастады. Алдымен Құран Кәрімді, кейіннен басқа да ғылымдарға қатысты мәтіндерді жаттаған. Оқуда озат болып мемлекет тарапынан грантты жеңіп алып, 1928 жылы Париж қаласындағы Сорбонна университетінің (Paris-Sorbonne University) әдебиет факультетінде оқыды. Осы уақыт ішінде социология, экономика, психология және пәлсапа мамандығын қоса оқып, 1929 жоғарғы оқу орнынан төрт бірдей диплом алған. Сонымен қатар, Сорбонна университетінде пәлсападан докторлығын қорғап, 1931 жылы мемлекетіне қайта оралды. Мысырдағы Дарул Улум жоғары оқу орнында алты жыл ұстаздық қызмет атқарумен қатар, Әл-Әзһар университетінде қосымша лекция оқыды. 1936 жылы қызмет бабымен Каир университетіне ауысып, 1950 жылы Социология және пәлсапа факультетінің деканы болды. Ғылым саласында Араб елдеріндегі көптеген жоғарғы оқу орындарының басшылығы тарапынан марапатталады. Каирде «Араб тілі комитетінің» мүшесі болып сайланды. 1987 жылы социология ғылымына қосқан үлесі үшін мемлекет басшысы тарапынан марапатталады. 1992 жылдың 6 наурызында Каир қаласында дүниеден озды.[1]

Египет және Араб әлемінде әлеуметтану ғылымы және сол салалардың негізін қалаушы ретінде қабылданған Уафи Әли Абдулуахид, елуге жуық ғылыми еңбек жазған.[2] Сондай-ақ, көптеген ағартушылық іс-шаралар өткізіп, ғылыми мәжілістерде баяндамалар жасады. Оның еңбектерінің ішінде, әсіресе, Бейнә ш-Шифа және Әһли Сүнне заманының кейбір зерттеушілері тарапынан сын айтылған. Айтылған сындарға қарамастан көптеген еңбектер жазып, тақырыптарды ғылыми түрде дәлелдеп, оны жарыққа шығара білді. Кейбір салаларда жаңашыл пікірді қолдап және Араб әлемінде көптеген адамдарға үлгі болды. [3]

Бүгінгі таңда мұсылман елдерінде, соның ішінде Араб мемлекеттерінде Уафи Әли Абдулуахидтің жазған діни әдебиеттерін жоғарғы оқу орындарда, кәсіптік және орта мектептерде де пән ретінде оқытылуда. Батыстық түсінікті мұсылмандық ой өріске негіздеп жазған бұл еңбектері, бүгінгі қоғам үшін өте пайдалы. Уафи Әли Абдулуахидтің жазған діни әдебиеттерінің барлығы дерлік Каир, Александрия және Ыстамбұл  қалаларындағы беделді кітапханаларында түп нұсқасы сақталған.[4]

«Фиқһу Луға» 1944, 1962, 1973 жылдары және «Илму л-Луға» еңбегі 1941, 1944 жылдары Каир қаласында жарық көрген. Бұл еңбегі араб тілінің қалыптасу кезеңдері мен ережелері, араб тілінің ұрпақтан-ұрпаққа жетуі, түпнұсқасынан көптеген тармақтардың таралуы және олардың бір-бірімен байланысы тұрғысынан қарастырылады. Сонымен қатар «Ақбариату Ибн Халдун» бұл шығармасында Ибн Халдунның өзінен кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған «Муакаддиме» еңбегінің маңыздылығы, еркін ойлау мен дұрыс пікірді айта білуді алға тартады. Әсіресе, социолог ғылымын мұсылмандар арасындағы маңыздылығы сипатталған бұл еңбегінде Ибн Халдунның өмірі баяндалған әдебиеттері жайлы кеңірек тоқталған. Уафи Әли Абдулуахидтың айтуы бойынша 1936 жылы жоғарғы оқу орындарында, Ибн Халдунның «Муакаддиме» еңбегін социология пәнінің негізгі кітабы ретінде оқытып әрі ғылыми жоба ретінде қарастырған.

Қоғамдағы зиянды дерттер (құмар ойындар, ішімдік, алаяқтық, нашақорлық)

Қоғамдағы зиянды дерттер (құмар ойындар, ішімдік, алаяқтық, нашақорлық)

20.09.2025
Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

16.09.2025

«Әл-Мәдинату л-Фазила Ли л-Фараби» үш бөлімнен тұратын бұл еңбегінің бірінші бөлімінде, Фарабидің өмірі және ғылыми тұлға ретінде қалыптасуы, екінші бөлімде Фарабидің «Арауу Әһли л-Мадинати л-Фазила» еңбегінің маңыздылығы мен ғылыми тағылымдамасы туралы зерттеулер жүргізген. Үшінші бөлімінде Фарабидің ғылымдағы тәсілі және ойлау әдістері жайында пікірлерін заман талабына сай түсінудің артықшылығы жайында баяндалады. «Әл-Луға уә л-Мужтеағ», «Әл-Хуррия фи л-Ислам», «Назарииатун Ижтимаииә» сынды көптеген әдебиеттері мұсылмандар арасында кең таралған.[5]

Исатай Бердалиев

 

[1] Ихсан Илахи Захир, әр-Радду л-Кафи ала Мугалетати в-Вуккар ала Әли Абдулуахид, Лондон 1984, бет 2-23,

[2] М. Абдулжауад, Такуиму Дари л-Улум, Каир 1410/1990, I-том, бет 250-251.

[3] Хайыр Рамазан Юсуф, Татиммату л-Алам, Бейрут  1418/1998, I-том, бет 383-384;

[4] Назар Абаза, M. Рияз әл-Малиһ, Итимату л-Алам, Бейрут 1999, бет 188-189.

[5] Ахмад әл-Алауина, Зейлу л-Алам, Жидда 1418/1998, бет 140-141;

Таңбалар: алғашқы мұсылманғалым
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғұламалардан ғибрат
Ислам

Ғұламалардан ғибрат

22.09.2025
Жәннатқа бірінші кіруге кім лайықты?
Ғибратты әңгімелер

Жәннатқа бірінші кіруге кім лайықты?

17.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бала алдыңды кессе, намазды бұза ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата
Ислам

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
«Қамқорлық» қақпаны
Видео

«Қамқорлық» қақпаны

22.09.2025
Елімізде террористік қылмыс жасаған 12 адам сотталды
Жаңалықтар

Радикалды идеяларды насихаттаған қазақстандық бес жылға сотталды

22.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою