Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Адал пайда табуға талпыну – парыздан кейінгі парыз

27.02.2020
- Қоғам
0
519
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Лұқпан хәкім баласына айтқан өсиетінде: «Ұлым, адал кәсіп етіп, жоқшылықтан өзіңді сақта. Жоқшылық көрген адам мынандай үш қайғыға тап болады: Біріншіден, дінін әлсіретеді: яғни, сеніміне кір келтіреді. Өйткені, кедейлік адамды жаман ниетке жетелейді. Екіншіден, ақылын азайтады. Өйткені, мұқтаждық адамның еңсесін түсіріп, есін шығарады. Үшіншіден, адамгершілігі әлсірейді. Адамдарға жек көрінішті болады», – деген екен. Ал Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Адал пайда табуға талпыну –  парыздан кейінгі парыз», – деп айту арқылы үмметін адал ас табуға үндеген.

Көптен бері мені бір мәселе қатты ойландыратын. Қайнаған тіршілік… Біреу өміріне разы, енді бірінің наласы бар. Әсіресе соңғы уақытта әйелдер арасында дау-дамай көбейіп кетті.

«Бақара» сүресінің 233-аятында: «Әйелдерді лайықты түрде ас-ауқат және киім-кешекпен қамтамасыз етуге баланың әкесі міндетті» деген ап-анық аят бар екенін білеміз. Бірақ бұл не тартыс? «Жәрдемақының жыры» айтпаса да белгілі. Қит етсе әкімдікке барып, ашынып тұрған әйелдер. «Баспана жоқ, нәпақа аз, жұмыс істемейміз» деп шағымданғандардың үні жоғары жаққа жетіп те жатыр. Кейбір әкімқаралар әліне қарай шаруаны шешуге тырысты да. Бірақ… Қашаннан бері әйел ердің бетінен алып, сөз қайтаратын болған?! Әйелдің нәзіктігі неге жоғалды? Отбасы-ошақ қасында, аядай үйін алақанының жылуымен сақтап отыратын нәзік жанның ашынуына не себеп? Базарға барсаң да қым-қуыт тіршілік үшін қам қылып жүрген әйелдерді көресің. Баланың тәрбиесі шетке ысырылды. Енді нәзік жаратылыс иесі өзі еркек, өзі әйел бола бастады…

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Ер адамның қолына қарап отырған әйелі мен бала-шағасын аш-жалаңаш етіп нәпақасыз қалдыруы, күнә ретінде оның бір басына жеткілікті болып табылады»,-деп айтқаны бар. Ал, азаматтарымыз қайда? Бұл мәселе осылай шиеленісе бере ме, әлде шешімі бар ма?

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Бұл мәселенің екінші бір тұсы бар. Ең бірінші ер азаматтарымыз отбасының өзіне аманат екенін сезінуі керек. Сол кезде нәпақа табу үшін әрекет іздей бастайды. Мұхаммед пайғамбар: «Ешкім де табан ақы, маңдай терімен тапқан тағамынан қайырлы ас ішкен емес. Шынында, Алланың пайғамбары Дәуіт те (ғ.с.) ризығын өз еңбегімен табатын еді», – деген.

Рас, көп адамды күйкі тірлік қажытты, ердің еңсесін түсірді. Нан табу үшін ел ауылдан қалаға ағылды. Қалаға келіп, тапқаны пәтерақысы мен несиесінен артылмады. Бірақ арба сүйретсе де, кешке отбасына адал ас апаратын ердің еңбегі бағалауға лайық! Құрандағы «Талақ» сүресінің 7-аятында: «Қалталы адам (әйелінің, балаларының нәпақасын) байлығына қарай молынан берсін. Ал ризығы шектеулі (жағдайы шамалы) болған адам Алланың оған нәсіп еткеніне қарай берсін. Алла Тағала құлына бергенінен жауапкершілік жүктемейді»,-делінген.

Демек Алла Тағала әрбір құлына көтере алатын жүк береді, шамасы келетін нәрсеге жауапкершілік жүктейді. Сол себепті де ризығым азайып қалады немесе аш қаламын деп уайымдауға болмайды.

Бірде Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасынан бір кісі өтеді. Оның бойындағы қайрат-жігерін байқаған Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сахабалары: «Уа, Расулалла! Мына адам Алланың жолында ма?» – деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Егер де ол жас балаларына нәпақа табу үшін жолға шықса, Алла  жолында. Егер жасы ұлғайған қарт ата-анасының қамы үшін шықса, Алла жолында. Егер өз басын (тіленшіліктен, кедейшіліктен) сақтау үшін шықса, ол – Алла жолында. Ал егер адамдарға көрсету үшін, рияшылдықпен, мақтану мақсатында шықса, ол –  шайтанның жолында»,-деп жауап береді.

Хакім Абайдың қарасөзінен де бұл ой айқындала түседі: «Құдайдан  мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, Құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай Тағала саған еңбек қылып дүние табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп етерлік орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғынарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі – біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің – сол. Бұл – Құдайдан тілеген емес. Бұл – абыройын, арын сатып, адамжаулағандық, тіленшілік. Хош, сөйтіп жүріп-ақ дүние таптың, байыдың. Сол дүниені сарп етіп, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, жасаған хажылық, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, дүниені иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы – сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды».

Осыдан аз уақыт бұрын жеті баласын бір өзі асырап отырған жүргізуші әйел туралы ақпарат тарады. Темір тұлпарды табыс көзіне айналдырып отырған әйелді көпшілік батыр десті. Бұл жағдай қоғамдық пікір қалыптастырды. Осы оқиғадан соң, жеті баласын тастап кеткен әке қателігін түсініп отбасына қайта оралыпты. Е-е, дейсің! Сананы тұрмыс билеген тұста ерлеріміз де табандылық танытқанда ғой деп ойлайсың. Қашан да құрметке ие отағасы келбеті төмендемесе екен, ерлеріміз ұсақталмаса екен деп ойлаймын.

«Еркек – үйдің егесі, әйел – үйдің шегесі» деген тәмсілге сүйеніп, ер асыраушы, әйел ерінің тапқанын үйлестіруші болып, әркім өз қызметінің шеңберінен шықпаса екен дейміз.

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: адал еңбекқоғамТұрар Түгелұлы
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам отбасылық құндылықтардан құралады
Видео

Қоғам отбасылық құндылықтардан құралады

28.07.2025
Сұрақ-жауап

Исламда адалдық туралы не айтылған?

09.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қыз – жақсылық, ұл – нығмет

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00