Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нумерологияға сенуге бола ма?

25.01.2020
- Сұрақ-жауап
1
1.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Нумерология, жұлдызнамаға сену күнә болып есептеле ме?

Жауап: Тылсым күштерге қызығу – адам баласына тән дүние. Көбінесе бұл арқылы тағдырдағы жазмышты біліп, болашақты үйрену немесе мінез-құлық ерекшелігін анықтау көзделеді. Соның бірі – қазір қоғамда кең таралып жатқан нумерология ілімі.

Нумерология – табиғат болмыстарына, адамдарға сандардың жағымды немесе жағымсыз ықпал ете алатыны жайындағы мистикалық наным. Исламдық діни сенім бойынша әлемдегі барлық құбылыстар, өзгерістер Алла Тағаланың қалауымен ғана жүзеге асады.

Сонымен қатар, тағдырды, болашақты Алладан басқа ешкім білмейді. Бұл жайында «Ағраф» сүресінің 188-аятында: «(Ей, Мұхаммед) оларға: «Мен, Алла қаламайынша, өз-өзіме титтей де пайда келтіре алмаймын, сондай-ақ өзіме келетін зиянның да бетін қайтара алмаймын. Егер ғайыпты (болашақты) білетін болсам (еш уақытта шығынға ұшырмай) әрдайым мол табысқа кенеліп отырар едім һәм (алдағы қауіп-қатерден алдын-ала сақтанар едім де) басыма ешқандай жамандық та, бәле-жала да келмес еді» [«Ағраф» сүресі, 188-аят], – делінген.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Атақты ойшыл Ибн Халдун сиқыршылардың жын-шайтанның күшіне жүгінетінін баяндайды. Ол сиқыршыларды бірнеше түрге бөледі. Бірі – тек өз күшіне сүйенетіндер, екіншісі – жұлдыздарды немесе сандарды пайдаланатындар. Ибн Халдун біріншісінің дәрежесі жоғары екенін айтқан.

Нумерология ілімі толық сиқырға жатпаса да, оның сандарға негізделгені сиқырмен байланысы бар екенін айқындайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім балгерге, сиқыршыға, не сәуегейге барып бір нәрсе сұрап, оның айтқандарын растаса, онда ол Мұхаммедке түскен нәрсеге күпірлік еткен болады», – деген.

Ибн Халдун сандармен қандай да бір болжам жасау туралы: «Бұның барлығы қате тұжырымдар ғана. Олар (нумерологтар) бұл әдісті ой-санасы толық жетілмегендерді алдап-арбау үшін қолданады», – деген.

Тарихта аталған іліммен айналысқан кейбір шииттік және шектен шыққан сопылық бағыттар жайында келген. Кітапта мұның жоғарыдағы топтардың ғайыпқа қол жеткізуге құштарлығынан  пайда болғаны айтылады [«Мұқаддимату Ибн Халдун», Бейрут, 2017 жыл].

Нумерология және соған ұқсас басқа да тылсым күштермен айналысуға, соларға жүгінуге шариғатымыз қатаң түрде тыйым салған. Себебі, ол дүние тіршілігіміз үшін де, ақыреттегі жағдайымыз үшін де ешбір пайдасы жоқ. Оған уақыт бөлу – бос әурешілік. Сонымен қатар, сандар болжамына сеніп, Алланың құдыретіне, тағдырына шәк келтіру үлкен күнә саналады.

Хасан АМАНҚҰЛОВ

Таңбалар: нумерология
Бөлісу37Твитерге23Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Тылсымға сенуге бола ма?
Ислам

Тылсымға сенуге бола ма?

21.07.2023
Жұлдызшы Пәтіркүл
Қоғам

Жұлдызшы Пәтіркүл

31.01.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Олар хақтың нақ жолынан алыс

Пікір 1

  1. Махаббат жазған:
    6 жыл бұрын

    Қызықты дерек үшін көп рахмеет. Біраз нәрсені түсіндім)

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00