Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қоғам дамуындағы діндарлық өлшемі

16.10.2019
- Мемлекет және дін
0
390
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі күнде қоғамда діндарлықтың өсуі туралы айтқанда оны оңды сипатта көру кең етек алған ұстаным деуге болады. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері жылдар ішінде кеңес заманында біршама қағажу көрген дін саласы Қазақстанда қайта өркендеуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде діни бірлестіктер қоғамнан өз орнын алып, дін ұстанатын тұрғындар өз қажеттіліктерін еркін өтеуге кең мүмкіндіктер алды.

Мемлекетіміз дінмен қарым-қатынасында зайырлы қағидаттарды басшылыққа алып, дін саласын заңнамалық тетіктермен реттеп отырады. Бұл тұрғыдан келер болсақ, бүгінгі таңдағы еліміздегі мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар мен діни ахуалды қоғамымыздың дәл бүгінгі даму ағымына сәйкес келетін оңды сипаттағы бағамдарымыз анық. 

Жалпы, діндарлықтың өсуі зайырлы қағидаттарды ұстану арқылы жаңа даму жолына түскен елдер үшін қаншалықты оң нәтиже беретіні ашық мәселе. Әрине, адам құқы мен бостандығының маңызды бөлігі ретінде көрініс табатын діни еркіндік пен сенімге құрмет көрсету жағынан алғанда бұл мәселеде біздің қоғамда ешқандай пікір алшақтығы жоқ.

Еліміздің азаматтары дін ұстану-ұстанбау тұрғысынан толық еркін және оған мемлекет кепілдік береді. Десек те, қазіргі әлемдегі дінмен қатар көрініс тауып отырған әртүрлі келеңсіздіктер, деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың белсенділігі, дінді саясиландыруға немесе діннің саясилануы діндарлықтың өсу мәселесіне де біршама терең көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені қоғамда діндарлықтың жаппай белең алуы қалай айтқанмен де діндар тұрғындардың мемлекет пен қоғамға қатынастағы талаптарының өсуіне алып келетіндігін мойындауымыз керек-ақ.

Осы орайда, діндарлық түсінігіне анықтама беруге талпынып көрер болсақ, оны кең мағынада адамдардың дінмен әуестенуі және діни нормаларға ерушілік ретінде бағалауға болады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Ғалымдардың бір тобы діндарлықты адамдар тобының немесе жеке адамның діни санасын, діни жүріс-тұрысы пен діни қарым-қатынастарын қамтитын әлеуметтік сапасы ретінде қарастырса, екінші бір ғалымдар діндарлықты әлеуметтік ахуалдың өзгерісі мен діни ұйымдардың белсенділігімен байланысты туындайтын құбылыс ретінде пайымдайды.

Қалай болғанда да, діндарлық соған сәйкес орта мен жағдай бар кезде көрініс беретін және дамитын әлеуметтік құбылыс екені анық. Яғни діндарлық түсінігі діни институттардың қызметі мен адамдардың діни сауаттылығынан бастап, олардың дінді ұстануы, мешітке баруы, діни мерекелерді атап өтуі және басқа да осы қатардағы күнделікті жүріс-тұрыстарымен бағамданатын көп қатпарлы құндылықтар мен қарым-қатынастарды қамтиды десе болады.

Тұрғындардың діндарлығы мен қоғамның экономикалық гүлденуі арасындағы байланыстарға қатысты әлем елдерінде жүргізілген зерттеулер қоғамның саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік салалардағы еркіндігі мен сол қоғамның діндарлығының арасында белгілі бір тәуелділіктің бар екенін көрсетеді.

Осы тұрғыдан алғанда, шартты түрдегі Батыс қоғамдары мен шартты түрдегі Шығыс қоғамдары арасында діндарлық әртүрлі сипатта көрініс береді. Мәселен, жоғарыда аталған қоғамдарда ішкі жалпы өнімді өндіру тұрғысынан діндарлық анық көрінбесе де, мүліктік теңдік тұрғысынан діндар емес қоғамдар (батыстық) діндарлық деңгейі жоғары қоғамдардан (шығыстық) оқ бойы озық.

Діндарлық белең алған қоғамда тұрғындар арасында материалдық игіліктерді бөлуде теңсіздіктер жиі орын алатындықтан, сәйкесінше мұндай қоғамда кедей адамдардың үлесі анағұрлым жоғары көрсеткішке ие болады екен.

Ғалымдар осы қисынды ұстана отырып, адамдар әлеуметтік ортада өздерін қаншалықты сенімді және жайлы сезінетін болса, олардың өздерінің экономикалық жағдайына соншалықты аз алаңдайтынын туралы айтады. 

Демек, тұрғындар үшін жайлы қоғамдарда адамдардың діннен жұбаныш іздеуге сұраныстары төмен болатынын ескерер болсақ, кез-келген қоғамда әлеуметтік, экономикалық жағдайы тәуір «орта таптың» үлесі неғұрлым көп болған сайын ол ортада діндарлық деңгейінің соғұрлым аз көрініс беретіндігі туралы тұжырым жасауға болады немесе керісінше.

Діндарлықты әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен қорғау тұрғысынан төмен деңгей көрсететін қоғамдарда жиі көзге түсетін күйзеліс жағдайлар мен алаңдаушылықтарға бой бермеуге көмектесетін және салыстырмалы тұрғыда тез өзгеріске түсіп отыратын психологиялық көңіл-күй ретінде  қарастыруға да болады.

Жалпы, діндарлықтың өсімі мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының арасында белгілі бір сәйкестік бар екені талас тудырмайды.

Ал қазақстандық қоғамның діндарлығының өсуін динамикада қарар болсақ, 90-жылдардың ішіндегі экономикалық жағдайдың төмендігі тұрғындардың әлеуметтік торығуына және дінге «бейсаналық» бой ұрушылыққа алып келгенін көрер едік.

Елімізге әртүрлі жаңа діни ұйымдар мен ағымдардың қаптап келіп, адамдарды «жұбатуға» көшкен сол кездерді діндарлықтың бей-берекет өріс алған уақыты деп алар болсақ, әлеуметтік-экономикалық жағдай сәл-пәл қалпына түскен қазіргі күнде діндарлық қайта ой елегінен өткізіліп, сапалы тұрғыдан дәстүрлі сипатта көрініс таба бастағанын көруге болады.

Бұл жерде біздің қоғамымызға тән ислам дінінің дәстүрлі түсінігіне негізделген діндарлықтың өсуі, ауқымы мен тереңдігі мемлекетіміздің зайырлы қағидатымен және осыдан туындайтын қоғамдық құндылықтармен қаншалықты үйлесетіні басы ашық үлкен тақырып екені анық.

Осы орайда, біздің қоғамдағы діндарлықтың өсуі туралы айтқанда бұған қатысты бір-біріне қарама-қайшы екі түсінік бар екенін де айта кету керек.

Еліміздің тұрғындары, оның ішінде дәстүрлі діндерді ұстанушы азаматтар діндарлықтың өсуін жағымды үрдіс ретінде санай отырып, бір мезгілде  еліміз үшін жаңа конфессиялар болып табылатын діни ұйымдарға қатысты діндарлықтың өсуін келеңсіз қабылдайды. Әділін айтар болсақ, бұл тек біздің қоғам үшін ғана емес, басқа діни ұйымдармен және құндылықтармен жаңадан ұшырасып жатқан елдердің барлығына тән құбылыс деуге болады.

Шартты түрде «дәстүрлі емес діндарлық» атауына ие осы құбылыстың пайда болуына келер болсақ, нақты қоғамда ұзақ уақыттардан бері жалғасын тауып келе жатқан діни институттар мен нормалар діндарлардың бір бөлігінің рухани сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздік танытқан жағдайда жаңа діни ұйымдардың бой көтеруі белең ала бастайды. Біздің қоғамдық ортада олар шартты түрдегі «жаңа діни қозғалыстар», «дәстүрлі емес діндер», «деструктивті культтер» «теріс ағымдар» деген атаулармен таныс.

Дін социологы  В.Мартинович өзінің «Дәстүрлі емес діндарлық: пайда болуы және миграция» атты еңбегінде әлемнің 93 еліндегі 4 мыңға жуық жаңа діни қозғалыстардың діндарлығын зерттеу негізінде «дәстүрлі емес діндарлықты» өзгермейтін тұрақты «ядродан» және бірқатар факторлардың ықпалымен жиі өзгеріске түсіп отыратын «қабаттардан» тұратын тұтас жүйе деп санап, оны кез-келген қоғамға тән циклды және үзіліссіз қайталанып отыратын  құбылыс ретінде қарастырады.

Біз бүгінгі күні бетпе-бет кездесіп отырған жаңа діни қозғалыстардың белсенділігі белгілі бір түрде Батыс пен Шығыстың барлық қоғамдарына тән құбылыс деуге болады.

Сондықтан олардың біздің елде пайда болуы мен әсіребелсенділігін «басқа бір елдер мен құпия топтардың жымысқы саясатының нәтижесі» емес, жаһандану заманындағы ашық есік жағдайындағы тұрақты құбылыс ретінде қабылдау анағұрлым қисынды.

Әлбетте, бұл жаңа діни қозғалыстарды, ұйымдар мен әртүрлі культтарды тұрақты құбылыс деп жайбарақат отыруды білдірмесе керек.   

Мемлекет өз тарапынан қоғамдағы жаңа діни ұйымдардың әсіребелсенділіктерінің аптығын басуда зайырлы қағидаттарға негізделген заңнамалық тетіктермен жұмыс істейтіндіктен, қоғамның рухани дүниесінің тұтастығын сақтау ісіндегі жауапкершілік дәстүрлі діннің ошағы болып табылатын мешіттердің, руханиятқа бей-жай қарамайтын азаматтар мен қоғамдық институттардың белсенділіктеріне тікелей байланысты.

Қорыта айтқанда, қоғамда діндарлықтың өсуі объективті шынайылық десек те, алдағы уақытта діндарлықтың қай бағытта өріс алатыны мемлекетіміз бен қоғамымыз үшін маңызды мәселе болып қала береді.

Әсіредіндарлықтың тайыз түсініктерінің діни радикализмге ұласуы байқалып отырған қазіргі кезеңде қазақстандық қоғам діндарлықтың еліміздің тұрғындарының рухани жетілуіне, азаматтардың мемлекет заңдары мен талаптарын құрмет тұтуына оң ықпал ететін арнада дамығанын көргісі келетіні айтпаса да түсінікті.

Мейрам Иманбаев,
сарапшы, с.ғ.к.

Таңбалар: діндарлыққоғамМейрам Иманбаев
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Діндарлық пен діншілдік – екі ұғым
Видео

Діндарлық пен діншілдік – екі ұғым

09.09.2025
Қоғам отбасылық құндылықтардан құралады
Видео

Қоғам отбасылық құндылықтардан құралады

28.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламды қалай насихаттау керек?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00