Жұма, 29 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлемдік дінаралық диалогтағы Қазақстан бастамасының маңызы

20.10.2019
- Мемлекет және дін
0
523
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адамзаттың даму тарихын «басқалармен» сұхбаттасу тарихы десек артық айтқандық болмас. Өйткені басқалармен байланыс орнатуды жүзеге асыру мен адамдар арасындағы өзара түсіністікті орнатудың маңызды шарты – сұхбаттасу болып табылады.

Жеке адамдардың басқа адамдармен байланысқа түсуінен бастап этносаралық, ұлтаралық, дінаралық байланыстарды қалыптастыру мен дамытуды қамтитын мәдениеттер мен өркениеттердің  өзара әрекеттесу арқылы сұхбатқа түсуі жаһандық деңгейдегі жалпыадамзаттық түсіністікті қалыптастырудың маңызды алғышарттарын құрайды.

Сондықтан адамзат қоғамындағы этникалық, діни түсінбеушіліктерден бастау алатын түрлі сипаттағы қақтығыстардың алдын алу және оған жол бермеу бүгінгі замандағы әртүрлі қоғам мен көптүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің алдында тұрған маңызды міндет екені сөзсіз.

Мәдениетаралық және өркениетаралық сұхбат жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдығына тұғырланады, өйткені мәдениет пен өркениет ұғымдары өзінің табиғаты мен мәні тұрғысынан басқалармен қарым-қатынас орнату мен сұхбатқа түсе алуымен анықталады. Осы тұрғыдан алғанда, сұхбат орнатуды мәдениеттер мен өркениеттерді түсінудің маңызды қағидаты дер болсақ, жеке адамдар мен тұтас мәдениеттер арасындағы сұхбаттасу әмбебап құндылықтардың орнығуына жол ашатын аса маңызды қағидаттардың қатарынан орын алатыны анық.

Діндер диалогы – бейбітшілік бастауы

Діндер диалогы – бейбітшілік бастауы

25.08.2025
Зайырлылық діннің дамуына жол ашады

Зайырлылық діннің дамуына жол ашады

25.08.2025

ХХ ғасырда өмір сүрген танымал философ, дінтанушы Мирча Элиаденің пікіріне сүйеніп айтар болсақ, «..Тарих тағдырына жазылған, басқа мәдениеттермен ертелі-кеш болатын сұхбаттасу тек әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да сипаттағы утилитарлық тілдесумен емес, адамзаттың шынайы рухани құндылықтарын жеткізе алуға қабілетті мәдениет тілінде басталуы тиіс». Ал адамзат мәдениеті мен өркениетінің негізін құрайтын  құндылықтардың қатарында діннің алатын өзіндік орны ерекше екені баршаға аян.

Жалпы, қазіргі әлемде өркениеттер арасындағы өзара әрекеттестікті тереңдету арқылы сұхбат орнату мақсатында жұмыс атқарып отырған халықаралық ұйымдардың қатары күннен-күнге өсіп келеді. Бұл әртүрлі тілдерде сөйлейтін, түрлі діндерді ұстанатын, қоғамдық-саяси жүйесі әркелкі мемлекеттер мен елдердің жалпыадамзаттық маңызға ие гуманитарлық ізденісінен хабар береді десек артық айтқандық болмас.

Тақырып желісінде халықаралық деңгейдегі жалпыадамзаттық мәселелерді күн тәртібіне шығарып жүрген осындай бастамалардың қатарында Қазақстанның төл жобасы болып табылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің мәні мен маңызын айналып өту мүмкін емес.

2003 жылы тұғыры қаланғаннан бері әр үш жыл сайын елімізде өткізіліп келе жатқан аталған Съезд одан бергі уақытта халықаралық және өркениетаралық сұхбаттасудың маңызды алаңына айналды десе болады.

Діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты баянды ету, діни қауымдар арасындағы өзара түсінік пен құрметті тереңдетіп, нығайту, араздық пен экстремизм идеологиясына қарсы тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру, діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты өрістетуде халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдасу мақсатын көздеген Съезд отырыстарында – әлемдік деңгейде діндер мен мәндеиеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, тығырықтан шығар жолдар іздестіріледі.

Съезд – Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан қолдау тауып, гуманитарлық мұраттарды басшылыққа алатын көптеген халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге көшті.

Осы орайда, әлемдегі сан түрлі іргелі діндер мен сол діндердің маңайына топтасқан өркениеттерді бір алаңға жинаудың өзектілігі неге деген сауалдың туындауы заңды. Әрине, Съездің халықаралық деңгейдегі рөлі мен мәртебесін көрінген жерде жалаулата берудің де қажеті жоқ болар.

Десек те, әлемдегі іргелі діндердің лидерлері мен беделді саяси және қоғам қайраткерлерінің бастарын қосатын Съезд алаңында өзекті мәселелердің талқылануы еліміздің халықаралық деңгейдегі мақсат-мұраттарын ілгерілетуге және әлемдік қауымдастықтағы беделін арттыруға мүмкіндік беретін әлеуетін ешкім жоққа шығара алмасы анық.

Қазіргі әлем жекелеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы кикілжіңдерден бастап  өркениеттер арасындағы түсінбестіктерге сеп болып отырған күрделі кезеңді басынан өткеруде. Осындай күрделі жағдайда адам өмірінің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етудің құндылықтар мен идеяларды жасақтаудың өзектілігін адамзат дамуының тарихи тәжірибесі анық-қанық көрсетіп отыр.

Осы орайда, дінаралық және өркениетаралық сұхбатты ілгерілету мақсатында құрылып, жаһандық күн тәртібіндегі мәселелермен жұмыс істеп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің ғаламдық деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы ынта-жігерді біріктеруде бергені де, берері де көп жоба екені анық.

Съездің жасампаз әлеуеті бүгінде жалпыадамзаттық сұхбатты ілгерілетумен  қатар әлемдік қауымдастықты құрайтын мемлекеттер мен қоғамдардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін бейбіт қатар өмір сүру, толеранттылық, өзарақұрмет, үйлесімділік пен ынтымақтастық тәрізді маңызды басымдықтардың маңайына топтастыратын іргелі алаңға айналды.

Бүгінде 16 жылдық тарихы бар Астана форумын әлемдік және дәстүрлі діндердің жасампаз гуманистік құндылықтарын жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен  жалпыадамзаттық ынтымақтастықты арттыруға бағыттай алған келелі сұхбат алаңы деп бағамдауға болады.

Жаһандық деңгейдегі мәдениетаралық және өркениетаралық сұхбаттасу бастапқыда жеке тұлғалардың арасында іске асырылатынын ескерер болсақ, жеке адамдар арасындағы өзара сенімге негізделген қарым-қатынастар әлеуметтік және мәдени ақпараттар мен құндылықтардың көздерін кеңейте отырып этностар, ұлттар, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы ескі стереотиптерге негізделген түсініктерді еңсеруге және бірін-бірі рухани өзара байытуға көмектесетіні сөзсіз.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің танымал сұхбат алаңы ретінде қалыптасуында осы идеяның бастамашысы болған еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тұлғалық рөлі мен сіңірген еңбегін ерекше атап өтуге болады.

Жалпыадамзаттық гуманистік құндылықтардың мұрат тұтқан Съезд идеялары мен бастамаларын бүгінде ел үкіметінің қаулысымен  құрылған «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы»  ілгерілетуде. Бұл дінаралық және өркениетаралық сұхбаттағы қазақстандық бастаманың жаһандық деңгейдегі өзектілігі мен өміршеңдігін аңғартады.

Мейрам ИМАНБАЕВ
мәдениеттанушы

Таңбалар: Мейрам Иманбаев
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет және дін

Мейрам ИМАНБАЕВ: Мұсылман әлемінің 126 ғұламасы ДАИШ басшылығына ашық хат жолдаған

15.11.2021
Дінтану бұрышы

Заманауи елдердегі мемлекет – дін қатынасының ұлттық ерекшеліктері

30.04.2020
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Халифадан ит сұраған ақын

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»
Сұхбат

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады
Жаңалықтар

Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады

28.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою