Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

К.Тұрдыбаев: ҚМДБ қайырымдылық мекемелері жастарға қолдау көрсетеді

17.10.2019
- Сұхбат
0
349
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Камалжан Бекбосынұлы, биылғы жылы сәуір айында жаңадан ашылған Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің негізгі мақсаты қандай?

– Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы мүфтиятта биылғы сәуір айында Кеңейтілген төралқа жиыны өтті. Өзіңіз айтып өткендей, осы жиында бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жаңадан Қайырымдылық және уақып істері бөлімін ашу керектігін жеткізді. Нәтижесінде бас мүфти бастамасымен Қайырымдылық және уақып істері бөлімі құрылды. Оның басшысы етіп бізді тағайындады.

Бөлім қайырымдылық бағытындағы іс-шараларды жоспарлап, діни басқарманың жоба ретінде қолға алып, жүзеге асырып келе жатқан істерін қадағалайды.

Діни басқарма ұстанып келе жатқан төрт бағытының бірі – қайырымдылық. Осы бағыт бойынша қазіргі таңда имамдарымыз қарқынды жұмыс істеп келеді.

Едіге Жұмахметов: Олар дәстүрлі діни білімге сүйенбейді

13.03.2026
Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі

Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі

11.03.2026

Бас мүфтидің тапсырмасына сәйкес имамдар кәсіпкер азаматтар мен жамағатты ұйымдастырып, түрлі бағытта қайырымдылық шараларын жүргізуде. Бұл жұмыс табандылық пен жігерлікті қажет ететін үлкен еңбек екенін айтқым келеді.

– Осы қайырымдылық және уақып екеуі бір сөз емес пе? Әлде…

– Ханафи ғалымдарының көпшілігінің сөзіне сүйенсек, уақып жасау сүннет болып саналады. Шариғатта уақып жасау – істелуі ұнамды болған және Аллаға жақындататын іс.

Мал-мүлікті Алла жолында уақып етуге нұсқайтын әрі уақып құрудың қажетті нәрсе екенін дәлелдейтін тура болмаса да соған жақын келетін Құранда аяттар бар: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да Алла оны сөзсіз біліп тұрады».

Жәбір (р.а.) сахаба: «Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларының ішінде мал-мүлкін уақып қылмаған ешкім болмаған» – деген. Хадистегі Омардың (р.а.) өз меншігіндегі жерін уақып қылуын ислам ғұламалары «Ислам тарихындағы ең алғашқы уақып» деп санаған.

Сонымен қатар, қазақ халқының өзінде уақып сөзі кең қолданыста болғанын, сонымен амал еткенін тарихтан көруге болады.

Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы бір өлеңінде:

Жарар еді ортада мешіт салсақ,

Қаза қылмай намазды барып тұрсақ,

Бір ғалымды фазыл заттан имам сайлап,

Байларымыз жиналып уақып қылсақ.

Қайырымдылық туралы сөз қозғағанда зекет, садақа қоғам үшін пайдалы нәрселердің барлығы – уақып жұмысына жатады.

Одан бөлек, Ақсақ Темір салдырған Ясауи кесенесі, Құнанбайдың Меккеде салдырған қонақ үйі (тәкия) уақып ретінде пайдаланылып келгендігі белгілі. Сондықтан қайырымдылық, уақып ісі – халқымыз үшін  жаңалық емес, бұрыннан бар сауапты амал әрі қызмет.

– Соңғы кездері ҚМДБ-ға қарасты бірнеше қайырымдылық мекемесі ашылды. Мұндай мекемелер нақты қандай қызметпен айналысады?

– Естіп, көріп отырғандарыңыздай, діни басқарма аз уақыт ішінде 10-ға жуық қайырымдылық мекемесін ашты. Бұл жұмысымыз әрі қарайда жүйелі жалғаса береді. Әрбір облыс орталықтары мен қалаларда, одан бөлек аудан орталықтарында қайырымдылық мекемесін ашу жоспарымызда бар.

Діни басқарманың мұндай обьектілерді қай ақшасына салып жатыр дегенде сұрақ туындауы әбден мүмкін. Мұның бәрі уақып туралы мұсылмандардың түсініп, қоғамға керек екенін білген соң ашылып жатқан игі жұмыстары. Кейін имамдарымыздың ұйымдастыра білуінің жемісі.

Ашылған қайырымдылық мекемелерінің мақсаты – мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына қолдау көрсету, білім алып жатқан жастарға демеу болу, оларды жатын орын, ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар жолда қалған мұқтаж жандарға қол ұшын беру. Азаматтарымызды, әсіресе жастардың иманды, ұлтжанды етіп тәрбие алуына үлес қосу болып табылады.  Бір сөзбен айтқанда, ҚМДБ қайырымдылық мекемелері жастарға қолдау көрсетеді.

– Өңірлерде ашылған қайырымдылық мекемелері туралы ақпарат бере кетсеңіз?

– Ашылған қайырымдылық мекемесінің бесеуі Алматы қаласында орналасқан. Олар: «Шаңырақ»,  «Қарағайлы»,  «Хафиз»,  «Арафат»,  «Көк-төбе» қайырымдылық жеке мекемелері. Ал  Нұр-Сұлтан қаласында «Сүлеймен қайырымдылық» мекемесі орналасса, Ақтау қаласында «Ақтау қайырымдылық» жеке мекемесі, Талдықорғанда «Талдықорған қайырымдылық» жеке мекемесі, соңғы ашылған Қызылорда қаласында «Ақмешіт-Сырдария» қайырымдылық жеке мекемесі.

Алдағы уақытта Шымкент,  Түркістан,  Өскемен,  Павлодар қалаларында қайырымдылық мекемелері жуырда өтетін имамдар форумынан кейін ашылады.

– Елімізде «Жібек жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығы бар екен. Қателеспесем, шілде айында ҚМДБ мен «Жібек жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығы екі жақты келісімге қол қойды. Меморандумның негізгі мақсатын айтып кетсеңіз?

– Жібек жолы қайырымдылық мекемелер қауымдастығы мүдделі болғаннан кейін Діни басқармамен (яғни бізбен) меморандумға отырды. Аты айтып тұрғандай оларда –  қайырымдылық мекеме. Заң бойынша діни жоралғылармен айналысуға құқы жоқ. Біз – діни мекемеміз, дінді насихаттауға, жеткізу, үйретуге толық құқығымыз бар.

Жібек жолы қайырымдылық мекемесінің қызметін алып жатқан азаматтар арасында дінге қызығушылық танытып, дін туралы мәлімет алғысы келетіндер бар. Солардың талаптарын қанағаттандыру үшін, бізбен меморандумға отыруға ұсыныс жасады. Осыған сәйкес, діни басқарма ұсынысын қарап, келісімін берді. Арамызда қазір меморандум орнады. Соның аясында аталған мекемені діни басқарма ұстаздармен қамтамасыз етеді, дәрістер өткізіп, діни сауат ашу курстарын жүргізеді.

– Өзіңіз басқарып отырған бөлім бүгінде нақты қандай жобаларды жүзеге асыруда?

– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маңызды бағытының бірі қайырымдылықты дамыту, уақып деген сөзді тірілтіп, халыққа жеткізу екенін айтып өттім.

Діни басқарма тарапынан «Ел үлесі пәтерге» «Мектепке жол» деген үлкен жобалар жүріп жатыр. Осы сынды бастамаларды жүйелеу, басқа да бастамаларға мұрындық болу, халыққа тиімді жұмыстармен айналысу басты мақсатымыз. Алда атқарар жұмыстарымыз да өте көп.

– Сұхбат бергеніңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Камалжан ТұрдыбаевҚМДБТұрар Түгелұлы
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

ҚМДБ: Ақпараттық жұмыстардың есебі
Жаңалықтар

ҚМДБ: Ақпараттық жұмыстардың есебі

09.03.2026
ҚМДБ: Құран секторы жылдық жоспарды пысықтады
Жаңалықтар

ҚМДБ: Құран секторы жылдық жоспарды пысықтады

01.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Пырақ» сөзінің этимологиясын білесіз бе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120878 бөлісті
    Бөлісу 48351 Твитерге 30220
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00