Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еліміздегі медреселерде білім қалай беріліп жатыр?

23.10.2019
- Ислам
0
531
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мамандардың айтуынша, ата-аналар жастарды жоғары оқу орнына дейінгі діни біліммен сусындататын мекемеге, көбінесе, мектепте нашар оқитын немесе тәртібі  төмен, бұзық балаларын әкеледі. Мақсаты – тілазар баланы тезге түсіріп, имандылыққа баулу.

Теолог Кеңшілік Тышханұлы жоғарыдағы айтылған себепті дін саласының басты кемшілігінің бірі ретінде көреді.

Кеңшілік Тышханұлы, дінтанушы, ф.ғ.к.

– Талапкерлердің арасындағы түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмей ме, жоқ әлде мамандық таңдау бойынша менеджерлердің, менеджменттің дамымай қалуына байланысты ма, біздің талапкерлер әлі күнге дейін дипломат болсам, экономист болсам деп жүр.

Соның нәтижесінде қағылған-соғылған, бұзық балаларды ата-аналары дін жолында жүрсе, дұрыс жолда жүреді ғой деп медресеге береді. Ол бала ертең имам болады. Оның мектепте оқыған білімі жоқ, дүниетанымы тар, өмірге көзқарасы кең деңгейде емес. Содан кейін ол дінді жамылған – «бандит имам» атанады. Ал біз одан ағартушылықты, парасаттылықты, рухани медетті күтеміз. Бұл дүниелер ол адамның өзінде жоқ қой. ҰБТ-дан жоғары балл  жинаған балалар дін саласына келмей, бұл нәрсе оңалмайды – дейді Кеңшілік мырза.

Сондай-ақ медреселерде діни білім берілетін болғандықтан, пәндердің басым көпшілігі құран, фиқһ, хадистерге қатысты. Ондағы зайырлы пәндердің үлесі аз дейді мамандар. Соның салдарынан оқушылар зайырлық принциптерін дұрыс меңгермей шығады.

– Діни проблеманың көпшілігі осы нәрседен туындап отыр.  Себебі медреседен, университеттен шыққан жас мамандардың өзі зайырлылық принциптерін жақсы білмейді.  Сыңаржақтылыққа салынып, радикализмге кетіп жатқан жағдайлар бар. Көпшілігінің тұлғалық қалыптасуы баяу, сыни ойлауы төмен. Сондықтан медреселердің өзінде «элиталы» шәкірттерді қалыптастыруды қолға алуымыз қажет.

Дін саласында білімді лидерлер шығу үшін Татарстан мен Бұхарадағы «Көкілташ» сынды жоғары деңгейде, емтихан талаптары жоғары, элиталы медреселерді қалыптастыруымыз қажет-ақ.

Ал қазіргі медреселердегі жағдайлар «көңіл қалмасын, көйлек жыртылмасын» дегеннің кері – деп күйінеді Кеңшілік Тышханұлы.

Алайда медресеге кілең тілазарлар келеді деген пікірмен «Астана» медресесі директорының орынбасары Абдуссамад Махат келіспейді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда діни білім алуға келетін шәкірттердің көпшілігінің тәртіптері көңіл толарлық.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025
Абдуссамад Махат, «Астана» медресесі директорының орынбасары

– Тәртібі нашар балалар 90-шы жылдар келіп оқыған шығар. Қазіргі таңда бізге мектепте жақсы оқыған, Университетті қызылға бітірген, магистратурада оқып жатқан балалар келеді. Оның үстіне медресеге түсерде олар Қазақстан тарихы, қазақ тілінен емтихан тапсырады, қабылдау кезінде де аттестаттарына қараймыз.

Сондықтан медреседе «тәртібі нашар» оқушылар оқиды деген пікірмен келіспеймін. Арасында бұзықтары, үлгерімі орташалары бар шығар. Бірақ қазір көп оқушылар да, олардың ата-аналары да медресеге діни білімнің не екенін түсініп, саналы түрде келеді – дейді медресе директорының орынбасары.

Жоғарыда айтылғандармен қатар, мамандар медреседегі тағы бір мәселенің шетін шығарды. Олардың айтуынша, медреселерде нақты оқыту әдістемесі жоқ. Сабақ беруге келген мұғалім қай жақтан оқып келді, сол жақтағы әдістемесі бойынша сабағын жүргізе береді.

– Әдістемені оларға кім береді? Онда сабақ беретін ұстаздың өзінің әдістемесі жоқ. Әркім өзі оқып келген жерден ғылыми тәсілден басқа,  стилистиканы алып келуде.  Осыған жауапты Діни басқармадағы «оқу-ағарту бөлімі»  аталған мәселеден хабардар, бірақ түбегейлі мұны шешуге ондағылардың әлеуеті жетпейді, әлеуеті жеткен мамандарды тартпайды.

Бір жыл бұрын мен ниет білдіріп, діни басқармаға: «Мені қабылдаңыздар, екі жылдың ішінде мен медреселердің бағдарламаларын жөндеп берейін» деп едім, олар ниет білдірген жоқ. Былайша айтқанда: «Білме, білгеннің тілін алма» деген сөз.

Жүрдім-бардым жүре беру, таңертеңнен кешке дейін Құран мен хадис жаттата беру өздеріне тиімді болып отыр. Ал тұлға қалыптастыруға онша бір көңіл бөлініп отырған жоқ. Сол себепті олардың құлақтарына – алтын сырға.

Біз жанымыз ашыған соң, айтып отырмыз. Бұл – нақты ақиқат. Осы мәселелерді тез арада қолға алып, шешу керек. Сосын бір қуантып жатқаны, діни білім беру, ағартуға байланысты министрлікте арнайы бөлім ашылып жатыр. Мүмкін соларды қамшылау керек шығар.

Өйткені біздің қазақы менталитетімізде «мен өлген соң, жаңбыр жаумай-ақ қойсын» дейтін принціппен жүретіндер бар – дейді Кеңшілік Тышхан.

Медреселер әлі күнге дейін нақты оқыту әдістемелерінсіз жүргенін «Астана» медресесі директорының орынбасары Абдуссамад Махат мырза да растады.

– Әлі күнге дейін медреселерде белгілі бір оқыту әдістемесі жоқ. Әр ұстаз сабақты өзі оқып келген жердің әдістемесімен жүргізеді.  Аталған мәселені өзім бірнеше рет көтердім, бірақ нәтиже жоқ.

Діни басқармадағы оқу-ағарту бөлімі бұл жағдайдан хабардар, бірақ осы мәселені шешуге ешкім қызығушылық танытып отырған жоқ. Ұстаздар, медресе директорлары бар бұл мәселені бірелесе жүріп шешпесе, осылай әдістемесіз қалғанымыз қалған – дейді Абдуссамад Мырза.

Сондай-ақ, университеттер талапкерлерді дінтану, теология мамандығына қабылдап, шығармашылық емтиханнан өткізген кезде жоғарыда айтылған мәселелер тағы алдынан шығады. Себебі емтихан комиссиясының мүшелері «діни сауаты жоғары, араб тілін біледі» деген желеумен басымдылықты медресе бітірген оқушыларға береді.

– Медресенің балаларын діни білімі бар деп жоғары оқу орындарына қабылдап жатады. Нұр-Мүбарак ақылы ғой, ақылы болғандықтан өкілдіктер, аймақтар сол баланың қаржысын төлейді. Сондықтан осы жағы оларға тиімді болып тұр – дейді Кеңшілік Тышханұлы.

Ал теология ғылымдарының докторы Балғабек Мырзаев, медресе түлектерін ЖОО-ға қабылдау барысында да, әлі пісіп жетілмеген, әлі де пысықтайтын дүниелерін барын айтады.

Балғабек Мырзаев, дінтанушы, Ph.D докторы

– Ал менің білетінім, бұдан бірнеше жыл бұрын колледж бітіргендер ҰБТ тапсырмаған жағдайда оларға ЖОО қабылданбауы керек деген тапсырма болды. Медресеге қабылданған кезде де олар ешқандай мемлекеттік емтихан тапсырмайды. Ал білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-на түскісі келетіндер міндетті түрде тест тапсыруы керек» деген талабы бар.

Сондықтан бұл жерде де пысықтайтын дүниелер бар. Өйткені Қазақстанда білім беру заңы бірдей болғандықтан, бәріне бірдей мүмкіндік берілуі керек – дейді Балғабек Әбдіқайымұлы.

Таңбалар: Балғабек МырзаевКеңшілік Тышханмедресе
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешіттегі имамға джип мінгізсем, Жәннатқа барамын
Сұхбат

Мешіттегі имамға джип мінгізсем, Жәннатқа барамын

19.09.2024
Мемлекет және дін

Дін және ұлттық бірегейлік

25.06.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құранға құрмет көрсеткеннің бірі - әулие, бірі - патша болды...

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00