Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Уахи деген не?

02.09.2019
- Сұрақ-жауап
0
598
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Уахи – Құран ілімінде және жалпы шариғатта өте маңызды тақырып. Уахиді дұрыс әрі терең түсіне білген адам Құранның түсуі мен Мұхаммед пайғамбардың (ﷺ) оны адамдарға жеткізуін тез әрі жеңіл түсінеді. Уахи «Құранның түсуі» (Нузул Құран) тақырыбымен тығыз байланысты және оның кіріспесі іспетті. Сондықтан «уахи» тақырыбын «Құранның түсуі» (Нузул Құран) тақырыбынан бұрын  бергенді жөн санадық. Алғаш Жәбірейіл періште Мұхаммед пайғамбарға (ﷺ) Құранды Хира үңгірінде түсірген. Бұл Мұхаммед пайғамбарға (ﷺ) түсірілген бірінші уахи болатын. Сол себепті де Құранның түсуі мен уахи бір-бірімен аса тығыз байланысты тақырыптар. «Уахи» сөзі араб тілінде жасырын хабар беру, жылдам ишарат ету деген мағыналарды береді.[1]

Бұл сөздің түбірі негізінен екі мағынаны қамтиды: жасырын және жылдам. Сондықтан жылдам әрі басқалардан жасырын жеткізілген хабарды араб тілінде «уахи» деп атайды. Сонымен қатар араб тілінде «уахи» сөзі тағы бірнеше мағыналарды береді.

Олар: 1. Адамға берілетін аян, көкейге салынатын ой. Мысалы, Алла Тағала Мұса пайғамбардың анасына: «Біз Мұсаның анасына «оны еміз» деп уахи (яғни көкейіне салдық) еттік», – деген.[2]

2. Алла Тағала жан-жануарлар мен жәндіктердің жаратылысына дарытқан сезім, нұсқау. Мысалы, Алла Тағала араларға: «Раббың араларға: «Таулардан, ағаштардан және лапастарданұяларжасауды уахиетті», – деген. [3] Яғни Алла Тағала аралардың әу бастағы жаратылыстарына тауларға, ағаштарға және лапастарға ұя салу қасиетін дарытқан.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

3. Жылдам бір нәрсенің көмегімен ишарат ету және ымдау. Мысалы, Алла Тағала Құран Кәрімде Зәкария пайғамбардың өз қауымына шығып, ымдауын «уахи» деп атаған. «Сонда (Зәкәрия) қауымына михрабтан[4] шығып, оларға:»Таңертең және кешке (Аллаға) тәсбих айтуды уахи етті»[5]. Яғни оларға ертелі-кеш Аллаты ұлықтап, Оны пәктеп тәсбих айтуды ыммен жеткізген.

4. Шайтанның адамдарға жамандықты жақсы етіп көрсетіп, нәпсілерін азғыруы, сыбырлауы. Алла Тағала Құран Кәрімде шайтанның осындай уасуасасын[6] да уахи деп атаған. «Расында шайтандар сыбайластарына сендермен салғыласу үшін уахи етеді»[7]. Яғни шайтандар өздеріне ергендердің жүректеріне мұсылмандармен сөз жарыстырып, ақиқатты қабылдамау үшін көкейлеріне ой салып, сыбырлап тұрады. Жаратушы Иеміз шайтанның адамдарды адастыру үшін көкіректеріне салған азғыруларын «уахи» деп атаған.

5. Алла Тағаланың періштелеріне берген бұйрықтары. Құран Кәрімде: «Сол уақытта Раббың періштелерге: «Расында, Мен сендермен біргемін. (Сондықтан) иман келтіргендерді нықтаңдар» деп уахи етті»[8]деп келген. Яғни олардың жүректеріне тоқтау салуды бұйырған.

Мінекей, аталған мағыналарға зер салып қараған адам, олардың барлығының «жылдам және жасырын түрде берілетін хабар» деген мағынаны қамтитындығына көз жеткізді.

Ал Алла Тағаланың пайғамбарларға беретін уахиына шариғатта «Алла Тағаланың пайғамбарлардың біріне түсірген сөзі» деп анықтама беріледі.[9] «Құран ілімдерінде  және жалпы Ислам діні ғылымдарында «уахи» сөзінің жоғарыдағы мағыналарының ішінен тек пайғамбарларға беретін уахи ғана термин ретінде қарастырылады. Сондықтан бұл сөздің басқа мағыналарын діни термин ретінде  қабылдамау қажет.

Діни термин ретінде «уахи» сөзінекөптеген анықтамалар берілген және ол анықтамалар әртүрлі тіркестермен келгенімен, мағыналары ортақ. Сол анықтамалардыталдай келе «уахи» терминіне: «Уахи – Алла Тағаланың пайғамбар етіп таңдаған құлына адамзатқа таныс емес, жылдам әрі жасырын жолмен беретін бұйрықтары, тыйымдары және хабарлары» деп анықтама беруге болады.[10]

[1]Әл-Муғжәм әл-уасит. 1018-бет. [2]»Қасас» сүресі, 7-аят. [3]»Нахл» сүресі, 68-аят. [4]Михраб – құлшылық ететін орын. Мешітте имамның тұратын жері де «михраб» деп аталады. [5]»Мариям» сүресі, 11-аят. [6]Уасуаса – шайтанның азғыруы, адамдарды арбауы. [7]»Әнғам» сүресі, 121-аят. [8]»Әнфәл» сүресі, 12-аят [9]Маннағ әл-Қаттан. Мабахис фи улум әл-Құран. 27-бет. [10]Маннағ әл-Қаттан. Мабахис фи улум әл-Құран. 27-бет., Мұхаммед Абдул-Азим әз-Зурқани. Манаһил әл-Ирфан фи улум әл-Құран. І том, 92-бет.

Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қабірге салем беру және дұға тілеу дұрыс па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00