Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұхаммед пайғамбар исламды қалай сипаттаған?

17.09.2019
- Қоғам
0
562
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл хадисте ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) исламды мысалмен бейнелеп түсіндіруде. Әңгімені Наууас бин Самъан (р.а.) сахаба риуаят еткен:

 «Алла Тағала бір тура жолды мысал етуде. Жолдың екі шеті – биік қабырға. Ал, қабырғада көптеген ашық есік бар. Есіктерге перде жабылған. Жол үстінде болса: «Ей, адамдар! Бәрің де жолмен жүріңдер, бұрылушы болмаңдар»,-деп жар салып тұрған кісі бар. Біреу есіктердің біріне кірмек болса: «Сорың құрысын, есікті ашпа! Оны ашсаң кіресің»,-дейді жолда тұрған тағы бір жар салушы. Жол – Ислам. Қабырғалар – Алланың қатаң жазасы. Ашық есіктер – Алланың тыйым салған істері. Жол үстінде жар салушы – Алланың Кітабы. Ал, жолдағы насихатшы – әрбір мұсылманның жүрегіндегі үн[1]»,-делінген.

Міне, Ислам – тура жол. Екі қапталындағы биік қабырға жолдан шығып кетпеу үшін соғылған. Десе де, қос қабырғада ашық есіктер тұр. Оның арғы жағында не бары адамға беймәлім. Сондықтан да қызығушылығын тудырып көргісі келеді. Алайда, пердесін түруге тыйым салынған. Үлкен жол үстінде барша халайыққа үн қатып тура жолдан шығып кетпеңдер деп Құран Кәрім жар салуда. Есік пердесін түрмек болғандарға жол ішінде тұрған екінші адам қатаң естерту жасауда. Ол – адамның ішкі ар-ожданы. Адам баласының жүрегінің түбіндегі үн. Жүректің үні жақсылыққа жетелеу үшін оны таза ұстау қажет. Жүрек – дария. Оған төрт жақтан су құйылады. Екі құлақ пен екі көз. Осы төрт қайнар таза болмаса, жүрек дариясының тұнығы ластанады. Ластанса жүрек ақты қара, қараны ақ етіп көре бастайды. Міне, сол кезде адам ұят пен ар сызығынан арттап кетеді. 

Осыны меңзеп, Халид бин Мағдин (р.а.):

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026

«Адам баласының дүние тіршілігіне қажет маңдайында екі көзі бар. Сонымен бірге, ақырет амалына керек қос көкірек көзі бар. Алла Тағала пендеге жақсылығын қаласа көкірек көзін ашады. Ал, жақсылықтан басқаны қаласа ол көздерін соқыр етеді. Құран Кәрімде: «…әлде олардың жүректері құлыптаулы ма?[2]»,-демеп пе еді»,-дейді.

Ал, жүрек тұнығын сақтаудың жолы жайлы табиғин Яхия бин Мұғаз:

«Жүректің емі бесеу: Құранды ой жүгіртіп оқу, аш құрсақ болу, түнгі құлшылық, сәресі уақытында мінәжат ету және ізгілердің мәжілісіне қатысу»,-деген екен.

Руслан ҚАМБАР

[1] Тирмизи, Ахмед

[2] Мұхаммед сүресі, 24-аят

Таңбалар: исламмұхаммед пайғамбарруслан қамбар
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жеріне Ислам қашан келді?

07.03.2026
Ислам

Исламның өзге дін өкілдерін құрметтеуі: адамзаттық татулыққа бастар жол

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тозақ пен жәннаттың сипаттары қай аяттарда жазылған?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121020 бөлісті
    Бөлісу 48408 Твитерге 30255
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Құран хатым дұғасын жасады
Жаңалықтар

Құран хатым дұғасын жасады

17.03.2026
Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды
Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?
Қоғам

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00