Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұсылман күн сайын иманын жаңартып отыруы керек пе?

17.08.2019
- Сұрақ-жауап
2
448
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Мұсылман күн сайын иманын жаңартып отыруы керек дегенді қалай түсінуге болады?

Жауап: Бұл сауалыңызға Имам Ағзам мектебінің тұжырымдарымен жауап беруді жөн санап отырмын.

Дінімізде иман (ақида), ислам (фиқһ), ихсан (мораль) атты негізгі үш ұстын бар. Аталған мәселелер Алла Елшісі (с.ғ.с.) баян қылған «Жәбірейіл оқиғасы» хадисінде нақты көрсетілген (Муслим, Иман 1).

Әуелі иман тақырыбына келер болсақ, Жәбірейіл періште: «Иман деген не?» деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Аллаға иман келтіру, Алланың періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне, жақсылық пен жаманшылықтың Алладан болатынына, тағдырға илануың, иман келтіруің» (Ибн Мәжа, Муқаддима 9) деп жауап берді.

Бұл мәселені Имам Ағзам Әбу Ханифа өзінің «әл-Фиқһул-Әкбар» атты рисаласында: «Таухидтың негізі және оған дұрыс сенім білдіру үшін Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, өлгеннен кейін қайта тірілуге, тағдырдың жақсылығы мен жамандығы Алладан екендігіне, есеп-қисапқа, таразыға, жаннатқа, тозаққа иман келтірдім әрі осының бәрі хақ деп айтуға міндетті (уәжиб)» деп таратып айтады.

Сонымен қатыр, Имам Ағзам Әбу Ханифа: «Иман дегеніміз – тілмен (жоғарыдағы иман шарттарды) айту, жүрекпен сену. Көк (періштелер) пен жердегілердің (момын пенделердің) имандары көбеймейді де азаймайды.  Момындар иманда және таухидте (Алланы тануда) тең де, амалдарда (құлшылық жасауда) әртүрлі болады» (әл-Фиқһул-Әкбар) дейді.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Ханафи мәзһабының көрнекті мутәкаллимі Имам Нәсафи: «Иман – Пайғамбардың (с.ғ.с.) Алла тағаладан алып келгенінің барлығын (жүрекпен) мойындау және (тілмен) растау. Ал амал – иманның өзін арттырады, иман артпайды да кемімейді де. Иман ету керек болған нәрселер белгілі, бұларға иман еткен адам мүмін болып саналады. Сондықтан мұнда арту немесе кему болмайды. Ал істелген игі амалдар иманның қуатын, нұрын арттырады, иман артпайды» (Ақида-Нәсафи) – дейді.

Яғни, дәстүрлі Ханафи мектебінің тұжырымы бойынша иман жаңармайды һәм көнермейді.

Ал, Имам Ағзам Әбу Ханифа: «Ислам дегеніміз – Алла Тағаланың бұйрықтарына бағыну әрі бойұсыну. Иман мен исламның тілдік мағынасы екі түрлі, бірақта исламсыз иман, имансыз ислам болмайды. Ислам мен иман бір заттын ішімен сырты сияқты (бірінсіз бірі болмайды)» (әл-Фиқһул-Әкбар) – дейді.

Демек, ислам деп – сыртқы пішін, дене-мүшемен іс-әрекет жасауды айтамыз.

«Жәбірейіл оқиғасы» хадисіндегі үшінші тақырып – «ихсан» мәселесіне келер болсақ, мұнда «ихсан»: «Әрбір құлшылығыңда Алла көріп тұрғандай жаса, өйткені сен Оны көрмесең де, Ол сені міндетті түрде көріп тұрады» (Мулим, Иман 1) – деп момын-мұсылманды Аллаға шынайы һәм ықыласты кейіпте құлшылық жасау туралы айтылады.

Иә, ихсан ілімі – шариғат тиым салған адам бойындағы азғындыққа итермелейтін індеттерді еңсеріп, Хаққа құлшылықты арттырып, нәпсімен ымырасыз күресіп, рухани кемелденуге шақырады. Бұл пенде үшін ақтық дем шыққанға дейін бітпейтін рухани күрес алаңы болып есептелінеді. Нәпсімен күрес майданында ұтылып қалмас үшін момын-мұсылман ұдайы ілім-біліммен қаруланып, ізгі хәл-мақамдарды игеріп, күн сайын қайыр-ихсан жасауға деген ықыласын арттырып, жаңарып отыруы қажет.

Біздің сіз жолдаған сауалға берер жауабымыз осы – жаңаратын иман емес, ихсан болып табылады.

Мұхан Исахан

Таңбалар: адамиманМұхан Исахан
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам пенде жайында не дейді?
Ислам

Ислам пенде жайында не дейді?

22.11.2024
Ғибратты әңгімелер

Ең қауіпті және қорқынышты жаратылыс

21.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Кешірім сұраудың жолдарын білесіз бе?

Пікір 2

  1. Лаура Абдуали жазған:
    6 жыл бұрын

    Демек, ихсанға көңіл бөлу керек.

  2. Ермекқызы жазған:
    6 жыл бұрын

    Осы туралы білсем деп жүр едім. Бір жерден оқып түсіне алмағанмын.

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00