Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Иманқұл мешіті

12.08.2019
- Қоғам
0
@ muftyat.kz

@ muftyat.kz

446
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тарихқа көз жүгіртсек, Жалағаш топырағынан елге белгілі өнер иелері мен мәдениет майталмандары көптеп шыққан. Бұл өңір – діни қайраткерлердің, әулие-ишандар мен баһадүр батырлардың да табаны тиген киелі өлке. Тарихи тұлғалардан қалған киелі орынның бірі – аудандық Иманқұл мешіті.

Аудан орталығындағы Иманқұл мешітінің салынғанына да ғасырдан асты. Оның құрылысы 1905 жылы басталып, 1906 жылы аяқталған. Мешітті Иманқұл Жалмұхамметбетұлы салған. Ол 1858 жылы қазіргі Ақсу ауылының Ақбөгет деген жерде дүниеге келген.

1901 жылы Орынбор-Ташкент теміржолының салына бастауына орай қара жұмысқа жергілікті қазақтар да жаппай тартыла бастайды. Осы тұста Иманқұл өзінің туыстары Тілеке, Мереке, Смағұл, Спандияр, Есжан, Оспан, Раушанбек есімді азаматтардан бір бригада құрып, теміржол жұмысына белсене атсалысты. Жалағаш станциясына теміржолдың келуімен қатар, Ресейдің ішкі губернияларынан көпес орыстар да келіп, жаппай сауда дүкендерін аша бастады. Осы кезеңде Иманқұл бір бай орысқа жалданып, оның бір дүкеніне приказчик болып жұмысқа орналасады. Саудасын жасап, әбден оның сеніміне енеді. Орыс көпестері Ташкент жаққа қарай көшетін болғандықтан дүкендерін Иманқұлға сатып кетеді.

Өз тізгіні өзіне тиген Иманқұл осы өңірде сауда аясын кеңейте бастайды. Бұл жақтан ет, жүн, тері апарып, Ресей жақтан шай-қант, ұн, кездеме т.б. бұйымдарды әкеліп сауда жасайды. Сөйтіп, Ресей мен екі ел арасында сауда-саттықты дамытуға зор үлес қосады. Осыдан соң Иманқұлдың жағдайы жақсарып, халық арасында сыйлы, беделді, қайырымды әрі жомарт адам атанады.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Бір күні Қайқы батыр, Алданазар би, Қалжан ахун, Ораз ахун, Мырзабай ахун Иманқұлға келіп: «Иманқұл, шырағым! Құдайға шүкір, ісің алға басып байыдың. Енді сол қаржыңа елді имандылыққа баулитын Аллаға құлшылық ететін мешіт салдыр», – деп кеңес береді. Игі жақсылардың бұл ұсынысын Иманқұл бабамыз қабыл алып, халықпен бірге 1905 жылы мешіт құрылысын бастайды.

Мешіт салынған күннен бастап онда үнемі жұма намазы оқылып, неке қию рәсімдері орындалып, жастардың діни сауатын ашатын дәрістер жүр­гізілген. Осы мешіттен дәріс алған шәкірттердің бірқатары Өзбекстанның Бұхара қаласындағы Көкілташ медресесі мен Ресейдің Қазан қаласының білім ордаларында оқып шығады. Мысалы, Қалжан ахунның бел баласы Мұғаммар Қазан университетін бітіреді. Астана Орынбордан Ақмешітке көшірілген тұста Мұғаммар Қазақстан Орталық партия комитетінде жауапты қызмет атқарған. Мұғаммардың жоғары білім алуына Иманқұл атамыз қаржылай көмек беріп отырған. Кейін Мұғаммар Иманқұлдың Хадиша атты қызына үйленеді. Сондай-ақ Иманқұл атамыз басқа да шәкірттердің оқып, білім алуына өз көмегін аямады.

Сыр өңірінде Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Иманқұл атамыз коммунистер мен шолақ белсенділердің тарапынан қуғынға ұшырап, дүние-мүлкі кәмпескеленеді. Оның алдында Иманқұл бар байлығын, алтын-күмістерін бір түйеге артып, Қарақұм жақтағы белгісіз бір жерге апарып көмдірген деген әңгіме бар.

Иманқұл 1919 жылы 61 жасында өз ажалынан қайтыс болады. Оны әйелімен екеуін қазіргі өз мешітінің шығыс жақ іргесіне жерлеген. Кейіннен, Кеңес үкіметінің жаңдайшаптары марқұмның сүйегін қорлайды деген қауіппен Оспан деген кісі Құран оқып, денелерді қайтадан қазып алып, бір түнде Қалжан ахун мешітінің алдына апарып, қайта жерлеген.

«Иманқұл» мешіті бұған дейін мектеп, кинотеатр, мәдениет үйі, спорт үйірмесі болып халыққа қызмет етті. 1940 жылдың 3-ші қаңтарында орталық клубта (қазіргі Иманқұл мешіті) еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің бірінші сессиясы, 19-21 қаңтарда аудандық партия комитетінің бірінші партия конференциясы мен бірінші пленумы өтті. Сессия отырысында аудандық атқару комитетінің жанынан құрылған түрлі комиссия, басқармалар мен бөлімдердің меңгерушілері мен басшылары тағайындалып, аудандық атқару комитетінің төрағалығы сайланды.

Еліміз егеменді ел болып, тәуелсіздік тізгінін қолына алғаннан кейін «Иманқұл» мешітін 1998 жылы сол кезде ауданға әкім болып тағайындалған Қожахмет Баймаханов күрделі жөндеуден өткізсе, кейін 2010 жылы облыстық бюджеттен қаралған 9,5 млн теңгеге мешіт ғимараты қайта жөнделді.

Иманқұл бабамыз мешіт құрылысын жүргізу үшін сол маңға арнайы кірпіш зауытын салдырып, қолдан құйылған қам кесектер жергілікті сексеуіл мен шеңгелдің шоғына күйдіріліп, одан шыққан кірпішті мешіт құрылысына жаратқан. Қазіргі кезде мешіттің өлшемі 27х9,50 метр болса, жалпы биіктігі – 11 метрге жетеді. Өткен ғасырда бой көтерген мешіттің құрылысы сапалы материалдармен тұрғызылып, қабырға қалыңдығын 1 метрге дейін қалың қылып өрген. Бабамыз салдырған имандылық үйі күні бүгінге дейін жамағатқа қызмет көрсетіп келеді.

Таңбалар: Қызылорда облысы
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық шараларына қатысты
Жаңалықтар

Қайырымдылық шараларына қатысты

21.11.2025
Мәдени-спорттық нысандарды аралады
Жаңалықтар

Мәдени-спорттық нысандарды аралады

21.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қажылыққа барған алғашқы қазақтар кімдер?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00