Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Балаға діни білім мен тәрбиені қай жастан бастап берген жөн?

19.08.2019
- Сұрақ-жауап
2
143
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Балаға діни білім мен тәрбиені қай жастан бастап берген жөн?

Жауап: Алла Тағала Құран-кәрімде: «Мал мен балалар, дүние тіршілігінің сәні» (Кәһб, 46) деп, кіндігіңнен өрбіген ұрпақ ізгілігімен ерекшеленіп жатса, ол адам өмірінің сәні мен мәні бола алатынын айтып өтеді. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Жан тәсілім еткенде адамның амал етуі тоқтайды. Тек мына үш амал тоқтамайды: Оның атынан жасалар жария садақа (көпшіліктің игілігіне жарамды іс), артынан пайдалы ілім мен кіндігінен дұға жасайтын салиқалы ұрпақ қалса» – (Муслим, Уасиет, 14) дейді.

Ұрпағымыз өміріміздің сәні мен мәні болып, артымыздан дұға-тілек жасайтын салиқалы момын-мұсылман болуы үшін алдымен ата-ана баланың зейінін адамгершілік құндылықтармен суарып, оған дер шағында діни тәрбие беруі қажет.

Мерзімін өткізіп алып, дұрыс мейірленбесек, «күтімі жоқ дарақтың бітімі де болмайды» демекші, онда біз де келер ұрпақтан зор үміт күтпеуіміз керек. Ертен баламыз «қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп аһ ұрып, күйінбесі үшін ата-аналар бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауға тиісті.

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Астанада өтіп жатқан діндер съезінің мақсаты не?

Астанада өтіп жатқан діндер съезінің мақсаты не?

18.09.2025

Біз бала үшін қалай бейнет етсек, бұйырса болашақта соның зейнетін көретініміз талассыз шындық. Бұл туралы Алла Тағала Құран-кәрімде: «Ешкімге зұлымдық жасалмайды. Істегендеріңің қарымтасын көресіңдер» (Ясин, 54) – деп бұйырады.

Исламда ата-ананың балаларының алдындағы міндеттері ретінде дұға ету, оған азан шақырып ат қою, шүкіршілік ретінде ақиқа құрбанын беру, ана сүтін беру, аялап сүю, мейіріміне алу, ұл-қыз деп бөлмеу, дұрыс қоректендіру, діни білім мен тәлім-тәрбие беру, әдептілікке баулу және т.б. маңызды мәселелер көрсетіледі. Жалпы, шариғатта ата-ананың балаларының алдындағы міндеттері мен құқықтары туралы «һадана» атты тарау қарастырылған.

Енді, нақты діни білім мен тәрбиені қай уақыттан бастап берген жөн? дегенге келер болсақ, шариғат бойынша көзін ашқаннан балаға рет-ретімен, кезең-кезеңімен діни тәрбие беріле бастайды. Сәби жылағанда «әлди» (илаһи жыр) айтып жұбату, мейірленіп сүю, аялап алақанда ұстаудың өзі діни тәрбие болып саналады. Себебі, ата-анасынан жылуарды сезінген бала да мейірімді болып өседі. Сосын баланың тілі шыққанда (үш-төрт жастан) оған ең жақсы деген сөздерді үйрету қажет. Бәлкім, «Алла жалғыз, Мұхаммед Оның Елшісі» деген кәлима-шаһадатты, Құран аяттары мен әсем әуендерді тыңдату да артықтық етпейді.

Сәл есін білген шақта, әдемі ертегілер айтып беруді әдетке айналдырған абзал. Зейінінің қабылдауына қарай отансүйгіштікке һәм исламға деген махаббатын оятатын жырлар мен хикаяларды да айтып беруге болады. Бала сұрақ қойса, ешқашан жауапсыз қалдырмау керек. Себебі, бала өзін бір нәрсе толғандырғандықтан, оның жауабын білгісі келеді. Ол бір нәрсе сұрап, оған сен уәде берсең, оны міндетті түрде орындауың қажет. Діни тәлім бойына сіңіп өсуі үшін төрт-бес жасынан бастап мешітке, ауызашар мен өзгеде илаһи шараларға бірге апара бастау шарт. Бала тәрбиесінде қатты асығыстық жасауға да болмайды. Оның сезімі әлі қабылдамайтын құндылықтарды тықпаламау керек.

Баланы бес-алты жастан бастап «Ассалаумағалейкум» немесе «Уағалейкумсалам» деп сәлемдесіп, жөн-сұрасуды, үлкендермен қалай қарым-қатынас жасауды, жалпы жұртпен қалай сөйлесуді, әдептілік негіздерін осы кезден бастап үйреткен жөн. Осылайша бала тәрбиесі біртіндеп діни ережелерді (фиқһ) үйретуге ұласады. Яғни, діни тағылым балаға көзін ашқаннан оның таным-түйсігі қабылдауына қарай әртүрлі мазмұнда беріле бастайды. Бізді, Алла Елшісі (с.ғ.с.) және сахабалар мен дін ғұламаларының насихаттары осыған үндейді.

Ақ пен қараны айыра бастайтын алты-жеті жастан бастап (тәмииз жасы) балаға діни тәрбиемен қатар діни білім де беріле бастау шарт. Құран сүрелерін жаттатып, кейбір маңызды ғибадаттарды орындауға біртіндеп баулу қажет. Өйткені, Алла Елшісі (с.ғ.с): «Жеті жасынан бастап балаға нәмаз оқуды үйретіңіз» (Әбу Дәуіт, Салат 26, Тирмизи, Мауакит 182) деп ескертеді. Әлбетте, намаз оқыту зорлықпен болмауы тиіс.

Аллаға деген құлшылықтың мәнін ұқтырып, намаз оқуға махаббатын оятып, өз ырқымен ғибадат жасауға ынтықтырған абзал. Және әу бастан намазға жүрдім-бардым қарамауын қадағалаған жөн.

Шынтуайтында, бала балиғат жасқа (қыздар 12-14, ұлдар 13-15) келгеннен кейін шариғаттағы парыз амалдарды орындауы қажет. Дегенмен, құлшылық жасауды өмірінің бір бөлшегіне айналдыруы үшін баланы жеті жастан бастап баулыған артықтық етпейді. Жеті жасынан бойын үйреткен бала балиғатқа толғанда құлшылықты ешкімнің нұсқауынсыз-ақ өз ықтиярымен жүзеге асырады.

Түйін: Зайырлы мемлекет шарттарымен алып қарағанда әрбір ата-ана отбасыда бала-шағасын ұлттық негіздегі өз тәжірибесімен тәрбиелуге құқылы. Әйткенмен, баланы мәжбүрлеп құлшылық жасауға итермелемеу керек. Бала кәмілет жасына толғанда діни құлшылықтарды орындап-орындамауды өз еркімен атқарады. Ата-ананың міндеті – балаға бағыт-бағдар беру ғана екенін естен шығармаған жөн.

        Мұхан Исахан

Таңбалар: балаДіни білімМұхан Исахантәрбие
Бөлісу31Твитерге20Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ілім – мызғымас іргетас
Видео

Ілім – мызғымас іргетас

02.09.2025
Білім – ізгілік қайнары
Видео

Білім – ізгілік қайнары

01.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Атеист ұстаз бен діндар оқушы

Пікір 2

  1. Мағжан Аянұлы жазған:
    6 жыл бұрын

    Ote jaksy jan-jakty jazylgan eken. Rahmet!

  2. Бақтияр жазған:
    6 жыл бұрын

    Салихалы ұрпағымыз көп болсын!

Соңғы жарияланымдар

Періштелер зиярат ететін үй
Ғибратты әңгімелер

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою