Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жоспармен өмір сүр!

19.07.2019
- Қоғам
0
403
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кез келген маңызды шаруаның есебі жүргізіледі. Кіріс пен шығыс, табыс пен шығын да жүйеленіп реттеледі. Тек адамның өмірі ғана есепсіз өтіп жатыр. Өмірінің ағысы, өрлеуі мен құлдырауы беймәлім бағытта қозғалуда. Істеген қателігі мен қолынан келген жақсылығын арнайы қойын дәптерге неге жазып жүрмеске? Бұл ара-кідік жетістігі мен сәтсіздігінің арасын салыстырып, табысы мен шығынын есептеуге мүмкіндік берер еді.

Күндер есепсіз зымырап өтіп жатыр. Ақшасын оңды-солды шашқан кісінің әрекетіндей. Қолындағы барын ойын-сауыққа жұмсаса ақымақтық емей немене? Есті болса ертеңін ойлайды.

Уақыт – ақша. Жоқ, уақыт одан да құнды. Уақыт жұмсап ақша табуға болады. Бірақ, ақшаға уақыт сатып алу мүмкін емес. Уақыт – басты капитал. Әр күні берілетін уақытты есеппен жұмса. Ұзақ мерзімді жоспар бекіт. Оның ішінде қысқа мерзімді сатылы жоспар жаса. Кезеңді түрде орындау арқылы мақсатқа жақындайсың. Тәжірибенің аздығынан орын алған қателіктерді ескеріп, қорытындысына сүйеніп түзетулер мен толықтырулар жасап тұр.

Судың да сұрауы бар. Әрбір ісі үшін өз-өзінен есеп алу – дініміздің талабы. Мұны тәрбие саласындағы ғалымдарымыз бірауыздан құптаған. Негіз ретінде, ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Есеп бермей тұрып өз-өздеріңнен есеп алыңдар. Амал-әрекеттерің таразыға тартылмай тұрып, өздерің өлшеп көріңдер. Ертеңгі күннің есебі оңай болу үшін бүгін өздеріңді есепке тартыңдар. Үлкен есеп күніне қамданыңдар. Ол күні сендердің ешбір істерің құпия қалмайды[1]»,-деген.

Сонымен қатар:

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

«Ақыл-парасат иесі өзінен есеп алатын әрі өлімнен кейінгі жағдайы үшін қарекет ететін адам. Ал, дәрменсіз нәпсісі құмарлығы жетегінде жүретін әрі Алла Тағаладан дәмелі адам[2]»,-деген.

Алла Тағаладан дәмелі болу – құлшылық жасамай, күнәсі үшін тәубе етпей жарылқаудан дәмету.

Ислам ғалымдары адамның өзін бақылауы және есеп алуы тақырыбында көптеген еңбектер жазған. Бұл тақырып әсіресе сопылық мазмұнындағы кітаптарда ерекше зерттелді. Ибн Мұқаффағ арнайы дәптерге оң жағына жақсы, ал сол жағына жаман істерін жазуды ұсынған.

Ал, Дейл Карнеги тек жаман істерін жазумен шектелген. Оның себебі, қателіктерді түзету болашақта жетістікке жетуге жағдай жаратады деп түсіндірген. Бұл жөнінде:

Кітап сөрелерімде «Істеген ақымақтықтарым» деген арнайы папка тұратын. Ол папкаға әрбір қателіктерімді шынайы жазып тіркеп тұратынмын. Олардың кейбірін хатшыма жаздыратынмын. Ал, айтуға ұялатын қателіктерді өзім жазатын едім. Десе де, егер өз-өзіме шыншыл болсам менің қателік жазатын дәптерім мұндай жұқа болмас еді. Бір сөре толып тұрған болар еді. Жазбамды ашып өз-өзіме айтқан сындарды оқып шығамын. Алған тәжірибеме сүйене отырып болашақта басымнан өткерген қиыншылықтан әлде қайда ауырын еңсере алатынымды түсінемін. Жылдар өтіп, тәжірибем мен ақылым артқан сайын қателіктеріме жалғыз айыпты әрі кінәлі адам өзім екенін түсіне бастадым.

Тағы бір түсінгенім, осындай қорытындыға көпшілік адам келеді. Әулие Елена аралында соңғы күндерін өткізген француз императоры Наполеон былай дейді: «Жеңіліске жалғыз кінәлі менмін. Менің ең үлкен жауым – өзім болдым»,-деген екен.

Әйгілі ғалым Мұхаммед Ғазали былай дейді:

Жастығымда өзімнен есеп алуда аса мұқият болдым. Жүріс-тұрысым мен мінезімдегі ұнамайтын кемшіліктерді жойып, арылып отыру үшін шағын жоспарлар дайындадым. Сол бойынша әрекет еттім. Қойын дәптеріме жазған бір жылдық жоспарды пайдалана отырып, білім және психологиялық сатылардан өтуді мақсат еттім. Бұл әдісті қолдану ойдағыдай нәтиже бермеді. Себеп – сабырсыздық. Менің шыдамым жетпеді. Жоспарым таяу арада жүзеге асуын қаладым. Жағдаймен санасқым келмеді. Жоспарым бойынша ешбір алға жылжуды көрмедім. Жоспарым денсаулығы жақсармай жатқан науқастың емделу картасындағы жазбалар сияқты түйілді. Сол мезетте үмітім үзілгендей болды. Шыдамым таусылып жоспарымды жыртып тастадым.

Бүгін өмірлік тәжірибемнің биігінен қарап отырсам жоспарымдағы басты қателігім – шыдамсыздық болған екен. Жағдайға өте тар түсінікпен баға беріппін. Әрі оңтайсыз бұрыштан зер салған екенмін. Санаулы уақытта, көп нәтижеге қол жеткізуді мақсат еттім. Бірақ, адам бойындағы кедір-бұдыр, ойлы-қырлы табиғаты мен мінезін ескермеппін. Әрі тосын жағдайларды есепке алмаған екенмін. Қарап отырсам, дауылды кезде теңіздегі адам үшін бір орында аман-есен тұруының өзі ғанибет. Бастысы, суға батып кетпеу. Мұның өзі жетістік. Міне, осыны мен білмеппін. Демек, жоспар жүзеге асып, жетістікке жету үшін белгілі дәрежеде сабырлық керек.

Руслан ҚАМБАР

[1] Мунзири

[2] Тирмизи

Таңбалар: жоспарМұхаммед әл-Ғазалируслан қамбар
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Үй мен көлік алуға жаңа бағдарлама!
Видео

Үй мен көлік алуға жаңа бағдарлама!

15.01.2023
Отанды қорғау – асыл міндет
Видео

Отанды қорғау – асыл міндет

30.08.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Нұх пайғамбар (ғ.с.)

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00