Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Уахи деген не?

09.07.2019
- Қоғам
0
2.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Уахи – кітап, ишара, илхам,[1] тез, жылдам, әмір, ер адамнан болған басшы, Аллаһтың жүрекке қоюы, жылату,[2] уахи етушіден «уахи» етушіге жіберілген нәрселер,[3] сонымен қатар, Аллаһтан келген хабар»[4] деген мағыналарды білдіреді.

Құранда Аллаһтың араға, Мұсаның анасына, Исаның Хауарилеріне, періштелерге, жерге және аспанның жеті қабатына уахи етілгендігі айтылады, бұдан «уахи» сөзінің кеңінен қолданғанын көреміз.[5]

Сонымен қатар, «уахи» сөзінің терминдік мағынасы – Аллаһ тағаланың адамдарға білдіретін иләһи әмірі, жарлығы мен тыйым салуы және басқа да барлық хабарларын Жәбірейіл періште арқылы яки бізге беймәлім жолмен тікелей пайғамбарларына жеткізуі.

Уахи тек Мұхаммед пайғамбарға ғана емес, Адамнан (ғ.с.) бастап күллі пайғамбарларға келген. Бұл туралы Құранда:

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

إِنَّا أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ كَمَا أَوْحَيْنَا إِلَى نُوحٍ وَالنَّبِيِّينَ مِن بَعْدِهِ وَأَوْحَيْنَا إِلَى إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَالأَسْبَاطِ وَعِيسَى وَأَيُّوبَ وَيُونُسَ وَهَارُونَ وَسُلَيْمَانَ وَآتَيْنَا دَاوُودَ زَبُوراً

«Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да (Мұхаммед) уахи еттік. Ибраһимге, Исмайылға, Ысқаққа, Жақып қа, Жақып тың ұрпақтарына, Исаға, Әйюб, Жүніс, Һарун және Сүлейменге де уахи еттік. Дәуітке Забурды бердік»,[6]– дейді.

Бұған қоса, «Саған бұл Құранды уахи ету арқылы өзіңе тарихи әңгімелердің ең жақсысын баян етеміз»,[7]– деп Құранның уахи арқылы түскендігі баяндалады.

Уахидың түрлері

Құранда: «Аллаһ бір адамға уахи жолымен ғана немесе перде артынан, не болмаса бір елші жіберіп өз рұқсатымен оған қалаған нәрсесін уахи етеді»,[8]– деп уахидың келу жолдарын үш түрге бөледі.

  1. «Аллаһ бір адамға уахи жолымен», – яғни, Хақ тағала пайғамбардың жүрегіне дәнекерсіз уахи салуы. Мұндай уахи пайғамбардың өңінде де, түсінде де келуі мүмкін. Пайғамбар да мұның Аллаһтан екенін біледі.
  2. «Перде сыртынан» пайғамбарына уахи етуі. Аллаһ тағала Мұса (ғ.с.) мен Тұр тауында және Тува ойпатында тікелей тілдескен.
  3. «Бір елші жіберіп өз рұқсатымен оған қалаған нәрсесін уахи етеді». Аллаһ тағала уахиды Жәбірейіл періште арқылы пайғамбарына білдірген.[9]

Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) уахи мына төмендегі мәртебелермен келген:

  1. Уахидың ақиқат түс (Руия-и садыка) арқылы келуі. Бұл бүкіл пайғамбарларға келген уахидың ең жеңіл түрі. Пайғамбарлар ақиқат түстері арқылы уахи алған. Олардың көздері ұйқыда, ал жүректері ояу болған. Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келген алғашқы уахи осылай басталған еді.
  2. Уахидың жауапты періште Жәбірейіл арқылы келуі. Пайғамбарымыздың жүрегіне тікелей уахидың келуі сияқты.
  3. Уахиды әкелген періштенің адам бейнесінде келуі. Жәбірейіл періштенің Дыһия ибн Халифа әл-Кәлбидің (р.а.) бейнесінде келгеніндей.[10]
  4. Уахидың қоңырау үніне ұқсайтын түрде келуі. Бұл уахидың ең ауыр түрі екендігі айтылады.
  5. Жәбірейіл періштенің тікелей өз бейнесінде уахи әкелуі. Жәбірейіл періштенің Хира тауында және Миғражда пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз бейнесінде көрінгеніндей.[11]
  6. Аллаһ тағаламен тікелей тілдесу. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Миғражда, Мұсаның (ғ.с.) да Тур Сина тауында дәнекерсіз Аллаһ тағаламен тілдескеніндей.

Мінеки, сол сияқты пайғамбарлық пен уахи бір-бірінен ажырамайтын екі маңызды ұғым. Уахисыз пайғамбар және пайғамбар да уахисыз болуы мүмкін емес. Пайғамбар міндетті түрде уахиға арқа сүйейді.

[1] Жауһари, әс-Сихах тажул-луға уә сихахул-арабия, Бейрут, 1990, VІ/2520

[2] Ибн Манзур, Лисанул Араб, ХV/381-382

[3] Табари, Жамиул-Баян тәуилил Қуран, Бейрут, 1978, ІІІ/183

[4] Матуриди, Тәуилатул Қуран, 413а, 534а, 576а парақ

[5] Қараңыз: «Нахыл», 16/68; «Қасас», 28/7; «Мәида», 5/111; «Әнфал», 8/12; «Зілзәл», 99/5; «Фұссилат», 41/12

[6] «Ниса», 4/163

[7] «Юсуф», 12/3

[8] «Шура», 42 /51

[9] А.Унал, Қуран мәалі, Шура, 42/51 (1059)

[10] Қараңыз: Бухари, Табир, 33, Фитән, 26, Әнбия, 48; Муслим, Иман, 271

[11] Қараңыз: «Тәкуир», 81/23; «Нәжім», 53/13-14

Таңбалар: исламПайғамбаруахи
Бөлісу62Твитерге39Бөлісу8Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мейірім бар жерде береке болады
Сұхбат

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025
Ислам

Исламдағы жастар тәрбиесі

07.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Діни білімі таяз адамның айтқан талағы түсе ме?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00