Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Салауат айту имани жауапкершілікті арттырады

18.07.2019
- Ислам
0
1.7k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алла Тағаланың Хақ дінін адамзатқа айна-қатесіз жеткізіп, міндетін кемеліне келтіріп орындаған пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) әрбір мұсылманның құрметі де, алғысы да шексіз.

Соның бір айғағы ретінде оның аты аталғанда шын көңілден салауат айтып, сәлемдерін жолдап жатады. Бұл әдемі үрдіс мұсылмандарға тән деп айтсақ қателеспейміз. Негізі пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту әуелі аятпен, сосын көптеген хадистер негізінде жолға қойылған.

Имам әл-Жассас, Құрандағы: «Уа, мүміндер! Ендеше, сендер де оған шын жүректен салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят) деген аятты түсіндіру барысында: «Аяттың заһири (сыртқы) мағынасы пайғамбарға салауат айтудың парыз екендігін білдіргенімен, кімде-кім пайғамбарға намаздың ішінде немесе намаздан тыс уақытта болсын бір рет салауат айтатын болса, парыздығы мойнынан түседі. Сондай-ақ, мұсылман адамның өмірінде бір рет салауат айтуы құтты өмірінде «тәухид сөзін» бір рет айтуы парыз болғаны сияқты парызы» [1] десе, көпшілік ғалымдар, пайғамбар есімі әр аталған кезде оған салауат айтуды мұстахаб (салауат айтса сауап алады, айтпаса күнә болмайды) амалға жатқызады [2]. Алайда, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) есімі аталған сайын салауат айтып, құрмет көрсеткен дұрыс.

Құран оқу барысында Пайғамбар (с.ғ.с.) есімі кезіксе, Құран оқуды тоқтатып салауат айтамыз ба, жоқ па? Пайғамбардан (с.ғ.с) өзге адамдарға салауат айтыла ма? деген мәселелер туралы Ханафи мәзһабының көрнекті ғалымы имам Қазихан (р.х.) былай дейді: «Имам ән-Натифи (р.х.): «Бір адам Құран оқып отырған сәтінде пайғамбар есімін, яғни, «Мұхаммед» сөзін оқыса немесе оқылған аяттардың ішінен естісе, оған салауат айту міндет емес. Өйткені, Құранды ретіне қарай үзбей оқу Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтудан абзал. Құранды оқып болған соң Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтқаны жақсы іс саналады. Салауат айтпаса да оқасы жоқ. Егер Құран оқып жатқан адам азанды естісе, Құран оқуын тоқтатып, азан естігені абзал», – деді. Сондай-ақ, пайғамбардан өзге бір адамға «Уа, Аллаһым! Фәленшеге салауатың болсын» деп айту – мәкруһ (Аллаға ұнамсыз іс). Ал енді, «اللهم صل على محمد وعلى آله وصَحْبِهِ» (яғни, Уа, Аллаһым! Мұхаммедке, оның отбасына және сахабаларына салауатың болсын)» деп қосып айтуда Пайғамбарға (с.ғ.с.) құрмет көрсетілгендіктен дұрыс» [3] деген.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Бір бөлім ғалымдар, Құрандағы: «Расында, Алла пайғамбарына (Мұхаммедке) шексіз нығметі мен рақымын төгіп, күннен күнге мерейін өсіруде. Оның періштелері болса, ол үшін үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде. Уа, мүміндер! Ендеше, сендер де оған шын жүректен салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят) деген аяттың мәнісі туралы: «Алланың салауаты – Пайғамбарына көрсетілген мейірім және кеңшілігі, періштелердің салауаты – Пайғамбарға мадақ айтуы және тілектестігі, ал мүміндердің салауаты – Пайғамбарына дұға етуі, берген уәдесін орындауы және оның ісіне мұрагер болуын білдіреді» [4] деген.

Аяттың тәпсіріне мүміндер үшін пайғамбарға шын көңілден салауат айтудың екі түрі бары сөз етіледі.

Әуелгісі, күнделікті өзіміздің, «Уа, Аллаһым! Мұхаммедке, оның отбасына және сахабаларына салауатың болсын)» деген сияқты хадистерде келген әртүрлі салауаттарды айту.

Екіншісі, пайғамбар (с.ғ.с.) әкелген Хақ дінді берік ұстана отырып, соны төрткүл дүниеге жеткізу ісінде мұрагер бола білу мағынасы екендігі айтылады. Яғни, Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айту арқылы адам өзін оның мұрагері екендігін жадында жаңғырта отырып, дін жанашыры болуды түсіндіреді.

Қорыта айтар болсақ, Алла Тағала салауат көп айтқан адамның дәрежесін көтереді, дұғасын қабыл етеді, дүниелік қайғы-қасіреттен сейілтеді, жүрегін тыныштандырады, дініне деген жауапкершілігін арттырады, қияметте Алла елшісінің (с.ғ.с.) шапағатын нәсіп етеді.

Дінімізде әрбір мұсылман хадистер негізінде сөз сөйлесе де, дұға-тілек жасаса да әуелі Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып бастайды, соңын да салауат айтумен аяқтайды. Бұл да салауат айту арқылы әрбір ісінде Алла елшісіне (с.ғ.с.) деген құрметін көрсете отырып, мұрагері болу мұратын ұқтырса керек.

Самет Оқанұлы,
исламтанушы

[1] Әбу Бәкір әл-Жассас, Әхкамул-Құран, 3-том, 484 б.
[2] https://mawdoo3.com/ما_حكم_الصلاة_على_النبي
[3] Имам Қазихан әл-Узжанди әл-Фарғани, Фәтәуә Қазихан фи мәзһаб имам ағзам Әби Ханифа ән-Нұғман, 3-том, 326-327 бб.<
[4] Мұхаммад Зәки Ибраһим, Ұсулул-ұсул, 71 б.

Таңбалар: Пайғамбар (с.ғ.с.)салауат
Бөлісу40Твитерге25Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?
Сұрақ-жауап

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

17.06.2025
Пайғамбарға қатысты 9 әдеп
Ислам

Пайғамбарға қатысты 9 әдеп

06.10.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бай мен кедейдің айырмашылығы неде?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00