Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам діні Хазарияға қалай таралды?

25.07.2019
- Сұрақ-жауап
0
@ cyrillitsa.ru

@ cyrillitsa.ru

557
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Хазарлар тарихи деректерде сабарлардың ұрпақтары ретінде қарастырылады. Алғаш рет «хазар» атауы тарихта 558 жылы орын алған сасани-сабар соғысы кезінде кезігеді.

Хазарлар Каспий теңізі мен Қаратеңіз арасындағы жазықты мекендеді. Оңтүстікте Кавказ тауларымен шекаралас болып, Әзірбайжан мен Армения жиі-жиі Хазарларға бағынып отырды.

Хазарияның территориясы солтүстікте Еділ Бұлғарлары, Қаратеңіздің солтүстігі, тіпті Киевке дейінгі аумақты қамтыды. Хазар мемлекетінің негізгі орталықтары әуелі Терек өзені бойында болған болса, кейін Еділ мен Жайық, Дон және Кубан өзендерінің сағаларына ауысып, олар халықаралық сауда жолдарын бақылауда ұстап отырды.

Мемлекеттің негізгі элементі Ақ Хазар және Қара Хазар деп екіге бөлінген хазар халқы болатын.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

VIII және ІХ ғасырларда территориясын едәуір кеңейткен Хазар хандығына Еділ Бұлғарлары, Кама және Еділ бойындағы түрлі фин қауымдары мен буртастар және Орта Днепр аймағындағы славян халықтары да бағынды. Хазар елінің шекарасы Жайық және Жем өзендерінен батыста Днепр өзеніне дейін жетті.

Хазарлар 586 жылы жазылған византиялық еңбекте «түрік» атауымен бірге берілген, сонымен қатар Қытай жылнамаларынан «Хсин Танг Шуда» да «түрік-хазар» деп тіркелген. Бұл жағдай хазарлардың көктүріктерге бағынғанын айқын көрсетеді.

Көктүрік мемлекеті 582 жылы батыс және шығыс болып екіге бөлінген кезде хазарлар батыс хандықтың ең шеткі аймағын құрап, осы мемлекеттің қалауымен Сасани империясына қарсы Византияға көмектескен. Сасани императоры Ануширванның (531-579) сарайында Хазар түріктерінің де тәржімашылары болған.

Ислам және армян деректер бойынша хазарлар VІІ ғасырдың орталарына дейін Гечидиден өтіп, Грузия мен Әзірбайжанға шабуылдар жасап, Тифлисті қоршайды. 626 жылы сасанилер мен аварлардың Стамбулды қоршауларына байланысты Византия императоры Ираклий хазарлардан 40 мың адамнан тұратын әскерді көмекке жібереді.

Кейіннен хазарлардан Шолпан Тархан сасанилерге қарсы жетістіктерге жетіп, Арас өзеніне дейінгі барлық Солтүстік Әзірбайжанды бағындырады. Астанасы Беленжерден басқа Оңтүстік Кавказда Кабале (қазіргі Нуха облысындағы Чухур Кабала ауылы) қаласы болған еді. 629 жылы Тифлисті басып алып, кейбір армян топтары бағындырылды.

Батыс түрік қағанаты ыдырағаннан кейін хазарлар тәуелсіздіктерін жариялады (630). Бұл кезеңде Қаратеңіздің солтүстігінде хазарлардан басқа Үлкен Болгар (Магна Болгария) түрік мемлекеті құрылды (635). Алайда Оңтүстік Ресейден Дунай өзеніне дейінгі жазық далада өмір сүрген бұл мемлекет 665 жылдан кейін хазарлар тарапынан құлатылды. Осылайша хазар елінің территориясы кеңейе түсті. Азов теңізінің жағасының басып алынуы Византиямен қатынастың артуына жол ашып, Дунай өзеніне дейінгі жазық та бақылауға алынды.

Территориясы шапшаң кеңейген Хазар мемлекетінің ішінде әлі де сабар қалдықтарын кездестіруге болатын еді. Сабар басшысы Илтебер 682 жылы Грузия патшасының қызына үйленіп, христиан дінін қабылдайды. Осы кезде хазарлар христиан дінін таратуға тырысқан.

Екінші жағынан Византия жіберген дін адамдары да елде үгіт-насихат жүргізе бастайды. Бірақ, одан еш нәтиже шықпайды. ІІ.Юстиниан 695 жылы тақтан түсіріліп, Қырымдағы Херсонес қамалына айдалғанда Хазар қағанын паналайды. Оның қарындасына үйленеді. Шоқындырылып, Теадора деген атқа ие болған бұл хазар ханзадасы 705 жылы Византия тағына екінші рет отыруға қол жеткізген Юстинианмен бірге мемлекетті басқарды. Хазарлар ІІ.Юстинианға қарсы бас көтерген Херсонестің жақтастарын қолдады. Вардан Филиппиктің таққа отыруына көмектесті.

Византияға тәуелді Қырым халқының бас көтеруі және хазарлардың бүлікшілердің жағына шығуына байланысты Хазар-Византия қатынастары тоқырауға ұшырады.

Алайда арабтардың Армения өңірлеріне дейін жетуі Хазар-Византия одағын қайтадан күн тәртібіне келтірді. Ислам әскерлері 717 жылы Ыстамбұлды қоршауға алған кезде хазарлар византиялықтардың қалауы бойынша Кавказдан асып өтіп Әзірбайжанға кіреді.

Алайда ислам күштері тарапынан кері шегіндіріледі. Византия императоры ІІІ.Леонның (717-741) ұлы және мұрагері В.Константин кейіннен Ирина деген ат берілген Чичек деген хазар ханшайымына үйленеді. Одан туған баласы Леон (775-780) тарихта «Хазар-Леон» лақабымен танылды.

Осы дәуірде Орталық Азиядан жаңа көш келіп, хазарларды қысымға ала бастаған еді. Хазар қағанының 833 жылы көмек сұрауына байланысты Византиядан жіберілген Петрон деген инженердің қарамағындағы ұсталар Дон өзенінің сол жағасында Саркел қамалын (Ақ қамал) салды.

Византияда қысымға ұшыраған көптеген иуда дінін ұстаушылар 932 жылы хазарларды паналайды. Бірақ, бұл жағдай Византия-Хазар достығына сызат түсіреді.

Хазарлар да елдегі христиандардың соңынан шам алып түседі. Осыған байланысты Киев князы Игорьмен одақ құрған Византия императоры І Роман Лакапин (920-944) хазарларға шабуыл жасайды. Одақтастар бірқатар жерді бағындырғанмен кері шегіндірілді, әсіресе орыс күштері талан-таражға ұшырайды.

Ислам әлемі мен хазарлар арасындағы байланыстар халифа Омар (р.а) кезеңінде (634-644) Армения мен Әзірбайжанның ислам әскерлері тарапынан бағындырылуына байланысты әскери қақтығыс түрінде басталып, кейіннен сауда және саясат қатынастарына айналған.

Хазар хандығына бағытталған алғашқы ислам жорықтары 642-646 жылдар аралығында орын алады. Алғашқы шабуылды 652 жылы Сәлман ибн Рабиа басқарған әскер жасайды. Дербенд өткелінен өткен Сәлман сол кездегі хазарлардың астанасы Беленжерге дейін барады. Алайда, фатх жорықшылары жеңіліске ұшырап, кейін шегінеді. Осман халифа (р.а) қайтыс болып, Әли (р.а) халифа болып сайланғаннан кездегі ішкі қайшылықтар туындағанда, хазарлар Арранға дейінгі жерді жаулап алады. Әмәуи билеушісі Мағауия кезеңінде ислам әскерлерінің Кавказға шабуылдары қайтадан жанданады.

Хазарлар мен мұсылмандар арасындағы ең қызу қақтығыстар халифа Ибн Уәлид кезеңінде (705-715) орын алды. Халифаның бауыры Мәслама ибн Абдулмәліктің әскері хазарлармен соғысып, көптеген қалаларды бағындырады (708). Дербенд өткелін 714 жылы қолына түсірген Мәслама 717 жылы Ыстамбұлды қоршауға алады.

Осы кезде олардың аймақтан кеткенін пайдаланған хазарлар қарсы әрекетке көшіп, ислам әскерлерін шегіндіреді. Сол жылы алға қарай ілгерілей түскен хазар әскері Әзірбайжанның үлкен бөлігін бағындырады.

Бірақ, әмауи халифасы Омар ибн Абдулазиз тағайындаған Хатим бин Нуман Әл Бахили 717 жылы хазарларды кері шегіндіреді. Алайда бес жылдан кейін қыпшақтар мен өзге түркі тайпаларының көмегімен хазарлар мұсылман әскерін көп шығынға ұшыратады.

Осы жеңілістен аман-есен қалған мұсылмандар Дамаскіге барады. Халифа Язид ибн Абдулмәлік қатты ренжіп, Жәррах бин Абдуллах Әл Хакамиді Арменияға уәли етіп жіберіп, хазарлармен күресуді тапсырады. Ол Хазар территориясында ілгерілей отырып, Дербендтің 6 фарсах солтүстігіндегі хазарларды ойсырата жеңіп, Тарки мен Беленжерді бағындырды.

Алайда 730 жылғы соғыстарда жеңіліске ұшырап, Әзірбайжанға шегінеді. 732 жылы Әзірбайжан-Армения уәлилігіне келген Мәруан ибн Мұхаммед 40 мың адамдық әскермен хазарларға жорық жасап, Дербенд өткелінен өтіп, Беленжерге кіреді. Дербендке өз әскерін орналастырғаннан кейін 150 мың адамдық әскермен екі қанат арқылы жаңа Хазар астанасы Еділге қарай ілгерілейді.

Хазар қағаны солтүстікке шегініп, арабтарға қарсы 40 мың адамдық әскер жібереді, бірақ бұл әскер жеңіліп 10 мың адам өліп, 7000 тұтқын береді.

Осыған байланысты арабтар мен хазарлар арасында исламды қабылдау шартымен бейбіт келісім жасалып, қағанның Еділге қайтуына рұқсат беріледі. Қол қойылған келісімшарт бойынша Еділде екі фақиһ қалып, хазарларға ислам дінін үйретеді.

Мәруан қолға түскен тұтқындарды Дербендтің оңтүстігіне орналастырады. Осы жорықтан кейін ислам-хазар қатынастары бейбіт қатынаста өрбиді.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шапағат ету кімдерге тән?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00