Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қажылыққа ниеттенгендер нені ескеруі тиіс? (ФОТО)

18.07.2019
- Ислам
0
324
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

18 шілде. KAZISLAM – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде қажылық науқаны жөнінде брифинг өтті. Оған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, исламтанушы Мақсатбек Қайырғалиев қатысып, БАҚ өкілдерінің бірқатар сауалдарына жауап берді.

Назарларыңызға аталмыш брифингтен фоторепортаж ұсынып отырмыз.

Қазақстаннан қанша адам қажылық сапарын жасаған?

Е.Нүкежанов: «Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қажылыққа ниет етушілер саны жыл санап артып келеді. 1990-2019 жылдар аралығында Қазақстан азаматтарына Сауд Арабиясы тарапынан 56 635 қажылық квота бөлінген. Мысалы, 1990 жылы 50, 1991 жылы 74 квота бөлінген».

Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?

Қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан, Рамазан – рухани жаңару маусымы

20.01.2026
Шағбан айының қасиеті неде?

Шарапаты мол Шағбан

19.01.2026

Қажылыққа баратындардың ең көбі қай өңірден?

Н.Тағанұлы: «Елімізде халық ең көп шоғырланған өңір – бәрімізге белгілі Түркістан облысы. Бұл өңірде 800-ден аса мешіт бар. Сондықтан, еліміз бойынша қажыға баратындардың ең көбі – осы Түркістан облысының тұрғындары.

Қажылыққа баратындардың орташа жасы нешеде?

Н.Тағанұлы: Қажылық – балиғат жасына жеткен әрбір мұсылман баласына парыз. Сол себепті қажылыққа баратын адамдардың жасына біздің тараптан да, Сауд Арабиясы Корольдігі тарапынан да шектеу жоқ. Өйткені, шариғаттың талабы солай. Дегенмен, кейде жасы келіп қалған қарияларымызға немесе сырқаты бар адамдарға толық емделіп кеткенше қажыға бармауға кеңес береміз.

Ал, негізінен қажылық сапарына баратын жандардың басым бөлігі 30-50 жас шамасында. Сондай-ақ, үлкенін сыйлаған көптеген азаматтарымыз ата-әжесі, әке-шешесінің қажыға барғанын қалап, оларға жолдама алып беріп жататын жағдайлар жиі кездеседі.

Қажылыққа кімдерге баруға тыйым салынған?

Н.Тағанұлы: Қажылыққа баруға өтінім берген азаматтарымыздың визасын қайтару деген бұған дейін кездеспепті. Әрине, қажылыққа баратын адам мұсылман болуы керек. Одан кейінгі әйелдерге қатысты тыйым бар. Яғни, әйел адам қажылық сапарына ниеттенсе онымен бірге күйеуі, ағасы немесе бауыры еріп баруы қажет. Шариғат бойынша әйел адамға қажыға жалғыз баруға болмайды.

Қажылыққа ниеттенген адамға қойылатын талаптар қандай?

М.Қайырғалиев: Қажылыққа ниеттенген адам екі нәрсені ескеруі тиіс. Біріншіден, оның қаражаты жеткілікті әрі денсаулығы жақсы болуы керек. Яғни, қажылыққа барып келе алатындай және отбасына қалдыратын артық қаражаты болуы керек. Екіншіден, қажылық сапарында атқаратын ғибадат түрлерін толықтай білуі тиіс.

Қорыта айтқанда, қажылыққа ниеттенген әрбір азамат материалдық жағынан да, рухани тұрғыдан да сапарға дайын болуы керек. Ал, аталмыш талаптарды орындауға жағдайы келмесе, келесі жылға дейін ақшасын жинап, білімін жетілдіргені жөн.

Таңбалар: брифингЕржан НүкежановқажылықНаурызбай қажы Тағанұлы
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ораза кестесі – 2022
Жаңалықтар

Ережеп – берекелі ай

22.12.2025
«7 нүкте» Брайль орталығында кездесу өтті
Жаңалықтар

«7 нүкте» Брайль орталығында кездесу өтті

19.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Салауат айту имани жауапкершілікті арттырады

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00