Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ашуды қалай тежеуге болады?

19.06.2019
- Сұрақ-жауап
0
747
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ:  Ашуды қалай тежеуге болады?

Жауап: Бір күні пайғамбардың (с.ғ.с) алдында екі адам өзара сөзге келіп қалды да, оның бірі ашумен екіншісін тілдеп, беті алаулап қызарып кеттеді. Оны көрген пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Ақиқатында мен сондай сөзді білемін, егер оны айтқан болса, міндетті түрде тынышталар еді. (Егер ол): «Карғысқа ұшыраған шайтанның азғыруынан пана сұраймын», – деп айтса, онда (ол ашуын) басар еді», – деген (Бұхари, Мүслим).

Демек, исламда «ашу» құпталмайды. Ашуға берілген адам кейін өкінуі мүмкін түрлі жамандықты жасап қоюы ықтимал. Сол себепті де пайғамбар (с.ғ.с.) өзінің сахабаларына ашуды тежеу, ашуға берілмеуге шақырып, оны басу жолдарын айтып көрсеткен. Ашуды басудың мынадай жолдары бар екен:

– ашуы келген кісі адамды жиі азғыратын шайтанға қарсы Алла Тағаладан пана сұрауы қажет (ағузу билләһи минаш-шайтонир роджим – деп айтуы тиіс). Алла Тағала Құранда: «Егер шайтаннан саган бір турткі болса, онда Алладан пана сұра. Өйткені Ол Есітуші, Білуші», – деген (Ағраф: 200);

– ашуланған адам тұрған жағдайын өзгертуі керек, яғни, отыру керек немесе ахуалын өзгертуі тиіс. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Сендерден кім ашуланганда түрган болса – отырсын, ашуы (сонда да) қайтпаса, жатсын», – деген (Ахмад, ӘбуДәуд). Расында да түрегеп түрған адам отырған немесе жатқан адамға қарағанда кек алуға, қол жұмсауға жақын әрі дайын түрады;

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

– ашулы кезде сөйлемеген мақұл. Себебі, сөйлесе, сөзіне қарсы ашуын келтіретін жауап есітуі мүмкін. Шын мәнінде өзі айтқысы келмеген сөзді айтып қалуы да ықтимал. Кейін сол үшін қатты өкінуі мүмкін. Себебі,  пайғамбар (с.ғ.с.): «Сендерден кім ашуланса, үндемесін», – деп үш рет қайталаған (Ахмад, әт-Тирмизи, Әбу Дәуд);

– дәрет алу қажет. Себебі, ашу-ыза адамның қанын қыздырып, дене қызуын көтереді, адамды ширақ қимылдайтын етеді, ал суық су оны салқындатады да, қалыпты жағдайға түсіреді. Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген:

«Шындығында, ашу – адамның жүрегінде жанып тұрган қызыл шоқ» (Ахмад, Тирмизи);

Сондай-ақ пайғамбардың (с.ғ.с.) мынадай да хадисі бар: «Шындыгында, ашу — шайтаннан, ал шайтан оттан жаралган, егер сендерден кімде-кім ашуга берілсе, дәрет алсын» (Ахмад, Әбу Дәуд).

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

дінтанушы

Таңбалар: ашуЖалғас САДУАХАСҰЛЫ
Бөлісу18Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Шыдамдылық пен сабырсыздық
Ғибратты әңгімелер

Шыдамдылық пен сабырсыздық

25.08.2025
Сұрақ-жауап

Ислам банкі тек мұсылмандарды қаржыландыра ма?

08.12.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Темекіні адал деп білсең...

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00