Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алла Тағала кімді сынайды?

14.06.2019
- Сұрақ-жауап
1
4.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Алла Тағала кімдерді сынайды?

Жауап: Алла Тағала барлық пендесін түрлі жағдайларда сынайды. Отбасына қатысты, қызметімен байланысты немесе кенеттен келген олжамен, саудадан түскен пайдамен де сынауы әбден мүмкін. Алланың сынағынан аман қалған пенде жоқ. Барлық адам әйтеуір бір сынаққа ұшырап отырады. Алла тағала Құранда:

«Әрине, сендерді қауіп-қатер, ашаршылық пен малдан, жаннан сондай-ақ, өнімнен кеміту арқылы сынаймыз (Мұхаммед (с.ғ.с.) сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бір қайғы жетсе олар: «Шын мәнінде біз Алланыкіміз және Оған қайтушымыз» – дейді. Міне соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мархамет бар әрі олар тура жолдағылар» (Бақара: 155-156).

Егер адам осындай сынақтан өтсе, онда оған Алланың жарылқауы бұйырады. Өйткені ол басына түскен сынақ машақатын ерлікпен жеңе білді. Алдынан шыққан қиындықтарды Алладан келген уақытша сынақ деп түсініп, қарсы күресті. Сондай-ақ, Алла Тағала пендесін молшылықпен сынағаны сияқты, таршылық пен де сынайтынын естен шығармаған жөн. Өмірде жиі кездесетін жайттардың бірін мына хадистен көруге болады:

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Алла кімге жақсылық қаласа, соған қиындық жібереді», – деп айтқандығы туралы риуаят келтіреді. (Мәлик және Бұхари)

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026

Хаким бұл жайында былай деген екен: «Сынақ – білгірлер үшін шам-шырақ, ықыласты пенделер үшін – сергектік, ал ақымақ үшін – пәлекет».

Ертеде бір ғалымнан:

– Уа, тақсыр! Адамдардың қайсысы асқан жомарт? – деп сұрапты. Ғалым:

– Дүниесі аз болса да қайырымдылық жасаған, қайыршыға жәрдем беріп, оны масқара болудан сақтаған, – деп жауап беріпті.

Адам баласы қандай уақытта болмасын жанындағы кісіге көмек көрсетуге дайын болуы тиіс. Өйткені жоғарыда айтқанымыз сияқты Алла Тағала пендесін кез-келген сәтте, кез келген жағдайда сынамақ. «Жаратушы маған көп сынақ жібереді, мені жақсы көрмейді» деген ойға салыну қателік. Себебі Алла Тағала сынақты Өзінің жақсы көрген пенделеріне көп жібереді.

Мысалы, пайғамбарларға қатты әрі көп сынақ жіберген. Салих, Нұх, Иса, Мұса, Мұхаммед (с.ғ.с.) және т.б. пайғамбарлады ғұмыр бойына сынап отырғанын пайғамбарлар тарихы мен Құраннан жақсы білеміз.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

дінтанушы

Таңбалар: Алла ТағалаЖалғас САДУАХАСҰЛЫҚұрансынақ
Бөлісу101Твитерге63Бөлісу13Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Америкалық саясаткер Құранды өртемек болды
Жаңалықтар

Америкалық саясаткер Құранды өртемек болды

22.11.2025
Уважение к Священному Корану в Исламе
Сұрақ-жауап

Құранды қандай уақыттарда оқуға болады?

18.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Пайғамбар медицинасынан» 5 мысал

Пікір 1

  1. Данагүл Амангелді жазған:
    7 жыл бұрын

    Кілемді қағудағы мақсат, оны құр сабау емес, шаңын қағу. Сол секілді, Алла Тағаланың пенделерін сынауын Оның мейірімі, яғни, күнәларын төгу үшін берілген мүмкіндік деп түсінген жөн.

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120905 бөлісті
    Бөлісу 48362 Твитерге 30226
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00