Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Жиһад» ұғымының мәні қандай?

18.05.2019
- Сұрақ-жауап
1
1.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: «Жиһад» ұғымының мәні қандай?

Жауап: «Жиһад» сөзі араб тіліндегі «жә-һә-дә» етістігінен шыққан, яғни, алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылу, сол жолда күшін сарп ету сынды мағыналарды білдіреді. Діни терминологияда, өзгелердің Хақ Исламмен танысу жолындағы даналықпен жасалған барлық істерді қамтиды.

Негізгі жиһад бейбітшілік заманда жасалады. Бейбітшілік болмаған жерде толық жиһад жасауда мүмкін емес. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өміріндегі ең ұлы жеңіс, ол – Хұдайбия келісімі болды. Бұл бейбіт келісімнің арқасында қас дұшпандарының өзіне діннің ақиқатын түсіндіру мүмкіндігіне ие болды. Өкінішке орай, бүгінде кейбір мұсылмандар сол ақиқаттың мәніне үңілместен жиһадты қолға қару алып соғысу деп түсініп жүр.

«Жиһад» ұғымының аясы өте кең болғанына қарамастан, жиһадты қолға қару алып соғысу деп біржақты түсінеді. Әрине, мұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. «Құранда «жиһад» сөзі 35 жерде айтылғанымен төрт жерде ғана тікелей соғыс мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы «харб», «мухарабә», «мағрака», «қитал» терминдерімен білдірілген. Бірақ, жиһад сөзі соғысты да қамтығандықтан, көпшілік жиһад делінген кезде тікелей соғысты түсінеді.(Жиһад дегеніміз не? – Алматы: Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры, 2011. – 3 б.).

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Исламдағы «жиһад» немесе «соғыс» ұғымдарына Құрандағы бірер аяттың аясында тұжырым жасау үлкен қателікке ұрындырады. Бұл ұғымдарды дұрыс түсініп, әділ баға беру үшін Құранды бір бүтін қарастыру, кешенді зерттеу жүргізу керек. Көптеген адамдардың қасиетті Құранды қолға қару алып, соғысқа шақыратын кітап ретінде түсінуінің басты себебі, Құранның негізгі құрылымына мән берместен, соғысқа қатысты ахуалдық бірер аят негізінде үкім шығарудан туындап отыр.

Негізінде, жиһад ұғымы адамнан адамға, қоғамнан  қоғамға, жағдайдан жағдайға қарай түрленіп отырады. Бір дәрігердің өз саласында кәсіби деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі, экономика маманының елдің әлеуметтік жағдайының түзелуі үшін жұмсаған қажыр-қайраты, мұғалімнің сауатты түрде бала оқытуы – мұның бәрі жиһадқа жатады. Мұсылмандардың керекті қаржыны тірнектеп жинап,  өздеріне мешіт немесе медресе тұрғызуы, жоқ-жітіктерге көмектесіп, жетім-жесірлерге қарайласқан қалталы азаматтардың істері де Хақ жолындағы күреске, жиһадқа жатады. (Жиһад дегеніміз не? – Алматы: Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры, 2011. – 5 б.).

Қоғамдағы әрбір саланың маманы өз ісінің қас шебері болып, өзгелерге пайдасы тисе, сол ең үлкен жиһад. Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Жиһадтың ең ауыры – нәпсімен болған күрес» деген сөзінде осы мағына жатыр. Яғни, бір саланың маманы болып, қоғамға пайда келтіру үшін аянбай еңбек ету, адалдықты әрдайым ту ету, өзгенің ақысына қол сұқпау және т.б. көптеген нәфсіге ұнамсыз істермен көресуді талап етеді. Дінде осындай адами қасиеттерді бойға қалыптастыру жолындағы күрес – дін жолындағы ең ауыр жиһад болып табылады.

Адамдарды соғысқа шақырып «жиһад» деп жүргендер, негізіне қоғамға кең түсінікпен қарай алмайтын, имани дұрыс түсінігі қалыптаспаған және өмірде экономикалық қежеттілігін шеше алмағандар. Бұлар бойындағы кемшіліктерін түзетіп, пайдалы адам болу жолында нәпсілерімен күресуге дәрменсіз жандар. Абайдың, «Жұмысы жоқтық, қолы бостық, аздырар адам боласын» дегеніндей қоғамда өз орнын таба алмаған адам өзгелерді кінәлағыш келеді.

Бұл танымдары уақыт өте келе айналасындағы туыс-туған, жора-жолдас, жұмыста бірге істейтіндерден, тіпті, отбасынан бөлініп ажырасуға апарып соғады. Өзгелермен шүйіркелесіп сөйлесіп, елі үшін еңіреп жұмыс істей алмайтындай психологиялық құлазуға ұшыраған олар, өз отанын «тағут» (зұлымдықты негіз еткен мемлекет) деп айыптап, еліне қарсы жұмыс жасауды сауап деп біледі.

Осындайлардың кесірінен дін атын жамылған лаңкестік топтар пайда болып, адамзат өміріне зиянын тигізуде. Сол себепті, діндегі тек ахуалдық бірер аяттар негізінде үкім шығаруға асықпай, діннің мәніне сай түсіндіру шынайы мұсылмандық модельн қалыптастырудың басты шарты екендігін ұмытпауымыз керек.

Таңбалар: жиһадмәнірадикалды топ
Бөлісу30Твитерге19Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жиһад – өз-өзіңмен күресу
Видео

Жиһад – өз-өзіңмен күресу

16.03.2025
Тимур НҮСІПХАНҰЛЫ: Жиһадтың шын мәні – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю
Сұхбат

Тимур НҮСІПХАНҰЛЫ: Жиһадтың шын мәні – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю

11.07.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Омар ибн Хаттаб пен балық

Пікір 1

  1. Қазақ баласы жазған:
    7 жыл бұрын

    «Жиһадтың ең ауыры – нәпсімен болған күрес» деп адамдар көп жүретін орындарға жазып қою керек.

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00