Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шамнан ұшқан шағала (әңгіме)

30.05.2019
- Ағымдар ақиқаты
0
zabavnik.club

zabavnik.club

398
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кеме гүрілі өзге түгілі, өзіне ештеңе естіртпей, даусы тұншығып шықса да, жас жігіт жан дүниесін ерекше тебіренткен теңіздің қаракөк толқындарымен бірге толқып, «һе-һе-һе-һей!» деп қуана айқай салды. Бір-бірімен жарыса желге қарсы ұшқан шағала құстар қиқуға қиқу қосып, біресе көкке самғап, біресе төменге шүйлігіп кеткендей болады.

Бала кезінде «Таудай бол!» деп талабын ұштаған аталардың ақ батасымен тауға қарап ержеткен жігіт емес пе, ол өзінің туған жеріндегі Тәңіртаудың қарлы шыңдарына шыққан кезде де дәл осылай айқай салушы еді.

Төлеген енді тезірек жағаға жетіп, Ыстанбұлдағы Сүлеймен мешітінде намаз оқуға асықты. Көңілінде үлгірмей қалмас па екенмін дегендей алаңдаушылық та бар. Құлшылық ғибадатын атқарған соң мешітке қарама-қарсы орналасқан Ерзинжанлы Али баба асханасынан тамақтанып алуды да іштей ойластырып қойды.

Алып қалаға білім алуға келгелі бері әр аптаның соңында ол тарихи жерлерді аралауды әдетке айналдырған-ды. Босфор бұғазының Азия жағалауынан кемеге мініп, осында жетуге асығатыны да сондықтан.

Адасуға емес, ақиқатқа бастайтын жол керек

23.08.2025
Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

15.08.2025

Енді міне, ой-қиялымен құс қанатына ілесіп, ақ к­өбік шашқан телегей теңіздің толқындарын қызықтап отыр. Кішкентай баланың қолынан симит тоқашын жұлып әкеткен шағаланың әнтек әрекеті еріксіз назар аударады. Құстар әлемі туралы оқыған аңыз-әңгімелерді де еске салады.

Кенет «Аға, шай ішесіз бе?» деген дауыстан  селк ете түсті де, шай таратып жүрген жас баланың қолындағы ыдысқа қарады. Қызыл күрең шайға онша зауқы соқпады. Бұғаздың Азия жағалауынан Еуропа жағалауына қарай бағыт алған туристік кеме барар жеріне асыққан жұрттың к­өңіліне жайбарақат, баяу қозғалып келе жатқандай болып к­өрінеді.

2713250.blogspot.com
Стамбул. Көрнекі сурет @2713250.blogspot.com

Босфордың айдыны көзге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Теңіздің бір шетінде қарақұрым халық, екінші тұсында тарихи ғимараттар. Жолаушылар Емин­нү айлағына жақындай бергенде азан шақырыла бастады. Т­өлеген кемеден жүгіре түсіп, жол бойында тұрған таксилердің біріне отырып, Сүлеймен мешітіне қарай бет алды. Ыстанбұлдың үшінші т­өбесінен сан ғасырлар бұрын бой кө­теріп, қала сәулетіне сән қосқан мешіттің мұнаралары азан шақырылған сайын биіктей түскендей болады.

 Ауыр күнәға батқан арсыздар мен оларға бей-жай қарап отырған санасыздар бар. Күнәһарлар тәубені ұмытып, адамдық құндылықтардан алшақтаған.

Күмбезді айнала ұшқан кө­гершіндер азаншының даусына құлақ түріп, жерге қона бастағандай. Әлмисақтан бері талай-талай заманалардың көзін көрген кәрі шынардың жапырақтары да сол мезетте баяу ғана сыбдыр қақты. Мешіттің алдында ойнап жүрген қайыршы балалардың күлкісі мұнда жиналған игі-жақсылардың кө­ңіліне әрқилы ой салады.

Т­өлеген мешітке кірді де, жамағатқа қосылып сапқа тұрды. Құт қонған тарихи ғимараттың тылсым ауасы сыртқы әлемнен мүлде б­өлек секілді.

Намаз аяқталғаннан кейін имам ұзағынан дұға оқыды. Оның дұғасы – жалынып-жалбарыну, мұң-шер тарқату еді. Кө­кке қарай жайылған қолы аспанға жетіп тұрғандай. Имамның к­өңілі алабұртып, әрбір сөзін нақыштап, тәспінің моншағындай теріп отыр.

– О, Ұлы Алла тағала! Біз сенің шексіз жарығыңа зәруміз. Қараңғы түнде белгісіз бағытқа қарай сапар шегіп барамыз, – дейді имам. – Бойымызда күш, жүзімізде рең, санамызда ақыл жоқ. Жын қаққандай хал кешудеміз. Мына өмірді күйбеңмен өткіздік. Бел жазып, тура жолға түсе алмай келеміз. Ауыр күнәға батқан арсыздар мен оларға бей-жай қарап отырған санасыздар бар. Күнәһарлар тәубені ұмытып, адамдық құндылықтардан алшақтаған.

Қат-қабат қателігіміз ұшы-қиырына көз жетпейтін теңізді кірлететіндей деңгейге жетті. Бір-бірімізді өлтіріп, бейкүнә жандардың көз жасына қалудамыз. Теңіздер мәйіттерді жағаға лақтыра бастады. Мұның барлығы басқалардың емес, біздің кесірімізден.

О, Раббымыз! Мұңымыз осы, шеріміз осы! Жар бола гө­р, жәрдем ете г­өр! Өзіңнен үміт үзбейміз. Күнәһар пенделеріңді үмітсіздік ұйығына батудан сақтай г­өр!

Имамның с­өзіне ұйыған жамағат дұға аяқталғаннан кейін орнынан тұрып, жаппай сыртқа беттеді. Тыста тұрған балалар олардың алдынан жүгіріп шығып, қайыр тілей бастады. Олар үшін рахым күтудің ең ұтымды кезі де осы – имам ұзағынан оқыған мінәжаттан кейінгі толқулы сәт еді.

Т­өлегеннің дұғадан әсерленгені соншалық, отырған орнында тапжылмай қала берді. К­өзі жасаурады. Шағала құстың жанарына шағылысқан к­өкпеңбек теңіздің қараңғы тағдыры кө­з алдына елестегендей болды. Таудай толқындар шайқаған қайықтағы үрейі ұшқан адамдарды к­өрді. Айсыз қараңғы түнде ­өлім құшқан балалардың даусын естіді.

бұл тас кө­шеде жатса, жай ғана елеусіз тас болып қана қалар еді. Ешкім оған мән бермес те еді. Ал мына тарихи жәдігердің бір б­өлшегіне айналған соң қадірі артты. Әсілі адам баласы да солай емес пе?

«Ендігі қалғандарын аман-сау жағаға жеткізе г­өр, Ұлы Құдірет!» деп алақан жайып, жалбарынды. Содан соң ө­зі туып-ө­скен қаладағы кө­к базарда қысы-жазы сауда жасайтын шешесінің, зейнетке шыққаннан кейін такси жүргізіп, жолаушыларды тасып жүрген әкесінің, жап-жас бауырлары Айман мен Айбектің амандығын тілеп, дәл осы мезетте олар не істеп отыр екен деп қиялдады.

Олармен бірге ақ дастарқан басында шүйіркелесіп, әңгімелескісі келді. Әкесінің к­лігін жуып, шешесіне жәрдемдесіп, іні-қарындасымен бірге кітап оқуды армандады. Еріксіз к­өзінен жас ақты. Отбасын – әке-шешесін, бауырларын сағынды. Қатты сағынды…

Т­өлеген бір сәт еңсесін тіктеп, т­өңірегіне кө­з тастағанда ө­зінің жалғыз қалғанын аңғарды. Сыртқа шығып, терең тыныс алды. Сәулет ­өнерінің жауһары болып саналатын үлкен мешіттің келбетіне қарады. Мәрмәр тастан тұрғызылған тарихи жәдігердің іргетасына таңғалды.

chastniygid.com
Сүлеймен мешіті. Көрнекі сурет @chastniygid.com

«Егер бұлар кө­шеде жатса, жай ғана елеусіз тас болып қана қалар еді. Ешкім оған мән бермес те еді. Ал мына тарихи жәдігердің бір б­өлшегіне айналған соң қадірі артты. Әсілі адам баласы да солай емес пе? Абай атамыз айтқандай, «кетігін тауып, қаланатын» болса, қадір-қасиеті артып шыға келмек. Ешкім ө­зінің туған жерінен алыста, айсыз қараңғы түнде, ұшы-қиыры жоқ теңіздің ортасында қалмауы керек» деп ойға батып, күрсінді. Содан соң мешітке қарама-қарсы тұрған тарихи асханаға қарай бет алды.

Дәмханаға қарай т­өселген тас жолдың бойында ойнап жүрген сириялық балалар Төлегенді күтіп тұрғандай түрік тілінде:

– Алла ризалығы үшін! – деп қолдарын соза бастады. Балалардың үсті-бастары алқам-салқам, жалаң аяқтарына рәзіңке сүйретпе киіп алған. Шаштары ұйпа-тұйпа, к­өздері ісіңкі.

Олардың ар жағында әңгімелесіп тұрған әйелдер Төлегеннің салқынқандылық танытқанын кө­ріп, ө­з тілдерінде балаларға айқайлап, қойыңдар дегендей қолымен белгі беріп жатты.

Төлеген олардың к­өзіне тура қарамай, жанынан жылдам ­өтіп кеткісі келді. Кенет асханаға жақындай бергенде әлдебіреудің жіп-жіңішке саусағы пиджагінің жеңінен тартқанын сезді.

– Алла үшін к­өмек беріңізші, ағатай! – деген қазақ қыздың нәзік үні жүрегін шым еткізді. Ол бірден тоқтай қалды. Аң-таң болып:

– Сен қазақсың ба? Мұнда не істеп жүрсің? – деді.

Қызыл жамау к­йлек киген, шашы ұйпа-тұйпа кішкентай қыз үндемеді. Бұл қазақша сөйлейді деп күтпеген болса керек, сірә. Төлегеннің к­өзіне тік қараған қыз бірден түрік тіліне кө­шіп:

–  Ne olur, Allah rızası için! (Алла ризалығы үшін жалынамын!) – деді қолын созып.

Төлеген енді қос тілді араластыра сө­йлеп, қайта сұрады:

– Әке-шешең қайда? Туған-туысқандарың бар ма? Мұнда не істеп жүрсің? Әлде адасып кеттің бе? Атың кім?

Қыз қайтып үн қатпады. Ол қыздың қолынан ұстап, бетіне жанашырлықпен қарап:

– Аш емессің бе? Тамақ жедің бе? – деп сұрады.

 Бұған жәутеңдей қараған қыз ө­зінің аш екенін айтып, жылай бастады. Кө­з жасы шаң қонған қараторы жүзін айғыздап, алақұла із қалдырып жатты.

Төлегеннің кішкентай қызбен сө­йлесіп тұрғанын байқаған бір қара орамалды әйел лезде жүгіріп келіп, қызды құшақтап, жартылай түрікше, жартылай ­өз тілінде жұбата бастады. Жылап тұрған қыз әлгі әйелдің көйлегінің ұзын етегіне жармасып алды.

– Жүре ғой, асхананың артына барып тамақ терейік. Сол жердегі тоқаштар да дәмді. Кеттік пе? – деп Төлегеннен біртүрлі ыңғайсыздана бастады.

– Сонда сіздер қоқыстан тамақтанасыздар ма? – деп сұрады бұл шыдай алмай.

Төлеген ө­зінің Қазақстаннан оқу үшін келгенін, екі жылдан бері Ыстанбұлдың Азия жағалауында тұратындығын, ешкімге ешқандай зиян тигізгісі келмейтінін, тек мына қызға тамақ алып бергісі келетіндігін айтып түсіндіре бастады.

sputniknews.kz
Сириялық босқын әйел. Көрнекі сурет @sputniknews.kz

Қара орамалды әйел қыздың басынан сипап:

– К­өрдің бе, қызым, ол да сен сияқты қазақ екен. Саған аға болады, – деп жымиды. Қыз сонда да әлгі әйелдің етегінен айырылмады.

Төлеген оларды бірге тамақтануға шақырды. Өйткені қазақ қызының бұл жерге қалай келгенін, отбасының қайда екенін, сириялық әйелдің оларға қандай қатысы бар екенін анықтап білгісі келді.

Ал әйел болса, басын қайта-қайта шұлғып:

– Сізге үлкен рахмет! – деді. Содан соң қыздың қолынан тартып:

– Жүре ғой, асхананың артына барып тамақ терейік. Сол жердегі тоқаштар да дәмді. Кеттік пе? – деп Төлегеннен біртүрлі ыңғайсыздана бастады.

– Сонда сіздер қоқыстан тамақтанасыздар ма? – деп сұрады бұл шыдай алмай. Жағы суалған, жүдеу ө­ңді қараторы әйел:

– Сен де біз сияқты мұсылман екенсің. Алыстан келіп, білім алып жүрсің. Біздің жағдайымыз ­өзіңе белгілі ғой. Оның үстіне, аз емеспіз… – деді қайыршы балаларды және оларды жұмсап тұрған бір топ әйелді кө­рсетіп.

Төлеген аш-арық, жүдеу қызға бір, мешіттің маңындағы сириялық балаларға бір кө­з тастады. С­өйтті де, есіне бірдеме түскендей:

– Қазір күте тұрыңыздаршы, мен асхананың иесімен сө­йлесіп кө­рейін, – деп, асханаға қарай бұрылды. Ел-жұртқа мәшһүр тарихи асхананың иесі Мехмет Бейді Төлеген бұрыннан танушы еді. Әр намаздан соң осы асханадан тамақтанатын.

Балалардың дәл осындай дәмді бұршақ сорпасын кө­птен бері ішпегені кө­рініп-ақ тұр. Сорпаға арнайы туралған пияздың ө­зін апалақтап-құпалақтап ауызға тығып жатыр.

Мехмет Бей – түркі әлемі десе ішкен асын жерге қоятын ұлтшыл азамат. Кейде мұнда Орталық Азиядан келген студенттерге тегін тамақ беріледі. «Біз де атажұрттан келгенбіз. Сіздердей бауырларымыз болмаса, мұнда жалғызсырап қалар едік» деуші еді сонда.

Төлеген Мехмет Бейге мән-жайды айтып түсіндірген болды. Қазақ қызына, сириялық әйелдер мен балаларға тамақ алып бергісі келетіндігін, бірақ ақысын кейін тө­лейтіндігін айтты. Алғашқыда бұл ұсынысты Мехмет Бей бірден қабылдай қоймаған сияқты еді, бірақ артынша Төлегеннің ө­зіне сенім білдіріп:

– Алладан қайтсын, бауырым. Бүгін, Құдайға шүкір, табысым жаман емес. Дегенмен, саған бірдеме айтайын ба? Әуелде бізді сириялық бауырларымыздан қасақана жирендірді ғой. Қазір мұсылманның мұсылманға жаны ашымайтын заман боп кетті. Осыны біле тұра жақсылық жасауға жарамасақ, таңазаннан қара кешке дейін несіне терлеп-тепшіп еңбек етіп жүрміз? – деді.

Сол сәтте қуанғаннан Төлегеннің тө­бесі көкке жеткендей болды.

Аздан соң асхананың алдына жайылған дастарханға бас салған балаларға қарап отырған әйелдер к­өз жасын сүртіп, бірде асхананың иесіне, бірде Төлегенге алғыс айтып, ризашылықтарын білдіріп жатты. Балалардың дәл осындай дәмді бұршақ сорпасын кө­птен бері ішпегені кө­рініп-ақ тұр. Сорпаға арнайы туралған пияздың ө­зін апалақтап-құпалақтап ауызға тығып жатыр. Қара орамалды әйелдің қасында отырған Төлеген енді кішкентай қазақ қызы туралы білгісі келіп, сұрай бастады.

 Ол асықпай-аптықпай сорпа ішіп отырып:

– Бауырым, бұл қыздың есімі Айсамал, – деп әңгіме айтуға к­өшті. – Биыл алты жасқа толды. Біз туысқан емеспіз. Шешесі Айнұрмен Шамда көрші болдық. Айсамал менің оқушым еді. Мен ол жақта бастауыш сыныптың мұғалім болып істедім ғой. Міне, енді… өзің к­өріп отырғандай, соғыстың кесірінен осында келіп, босып жүрміз. Айсамалдың әкесін кө­рген емеспін. Сирияға соғысу үшін бала-шағасымен бірге келіпті деп естігенмін. Мол табысқа кенелемін деп ойлаған болса керек. Әйелі мен қызын Шамға тастап кетіпті. Артынан оның Халептегі шайқаста ­өлгені туралы хабар келді. Мәйітін де жеткізген жоқ…

azattyq.org
Әуе шабуылынан қашып келе жатқан сириялық балалы әйел @azattyq.org

– Ал шешесі қайда? Оған да бірдеме болды ма? – деп сұрады Төлеген үрейленіп.

– Айнұр Сирияға келгеніне қатты ө­кініп жүрді. Отанына қайтып ораламын деп талай әбігерге түсті. Туған-туыстарына хат жазып еді, жауап болмады. Жалпы, Сирияға келген адамның қайтып оралуы ө­те қиын ғой. Қазір ол жер барсакелмес секілді соғыс алаңы емес пе…

Кеш түскен соң жел кө­терілді. Толқындар бірте-бірте биіктей берді. Ондай қорқынышты мен соғыс майданында да сезінген емеспін. Қайығымыз түпсіз бір қараңғылыққа сіңіп бара жатты…

Бір күні екі баламмен бірге Айсамалды да алып мектепке кеткенмін. Құдай бізді сақтапты. Үйімізге зеңбіректің оғы түсіп, үлкен жарылыс болды. Сөйтіп, өмір бойы жиған-тергенімізден айырылып, жер сипап қалдық. Пәни дүние дегенің осы екен. Күйеуімнің қайтыс болғанына үш жылдан асты. Біз үйсіз қалдық. Айнұр сол кезде қатты жараланып, ауруханада жатты. Ол есін жиған соң, Ақ теңіз арқылы Түркияға жетуге болатынын білдік. Осындағы босқындардың лагерін паналап, тыныш өмір сүреміз деп ойладық, – деді қара орамалды әйел к­з жасын сүртіп.

– Теңізден қалай ө­ттіңіздер?

– Қолымыздағы қалған дүниені беріп, бір қайық жалдадық. Бізбен бірге кеткісі келгендер кө­п болды. Бала-шаға, кәрі-құртаң, қатын-қалаш – бәрі ілесті. Біз шыққанда күн ашық еді. Қас қарайғанда бір сұмдық басталды…

– Сонда не болды?

– Құдай оны ешкімге көрсетпесін! Кеш түскен соң жел кө­терілді. Толқындар бірте-бірте биіктей берді. Ондай қорқынышты мен соғыс майданында да сезінген емеспін. Қайығымыз түпсіз бір қараңғылыққа сіңіп бара жатты…

Келесі бір сәтте таудай биік толқын кеп, бізді аспанға лақтырды. Қолымызды созсақ, бұлттарға тиетіндей болды. Сол кезде бір әйел баласымен бірге ғайып болды. Сосын тағы бір қария кетті. Қасымда отырған Айнұрдан да к­өз жазып қалдым. Кішкентай Айсамал менің етегіме жармасып жан сақтапты. Тағы бір толқын келіп соққанда ­өзімнің де есім ауып бара жатқанын білем… Кейін к­өзімді ашсам, кеменің ішінде жатыр екенмін. Тө­ңірегіме жұрт жиналып қалыпты…

Біз өлу үшін емес, өмір сүру үшін келдік емес пе бұл дүниеге! Әркім өз отанында тіршілік еткісі келеді! Балаларының бө­тен елде қайыршы болып жүргенін ешкім де қаламайды. Біздің де арманымыз бар. Бесік тербетіп отырып, айтатын ертегіміз бар. Соның барлығы бір ғана сәтте тас-талқан болды. Жаны кө­кке ұшып кеткен балаларымызды лақтырған толқындар емес, адамдар.

Фото ЮНИСЕФ/Сулейман
ИГИЛ-ден қашып Әл-Хаул лагерінен қашып келген сириялық әйелдер
Фото ЮНИСЕФ/Сулейман

Қара орамалды әйел отырып еңіреп жылады. Дастарқан басындағы әйелдер де к­өз жасын тыя алар емес. Төлегеннің тұсында отырған Мехмет Бей де санын соғып, басын шайқай береді.

– Жыламаңыз. Алланың бұйрығы ғой, балаларыңыз аман-есен қалыпты. Шүкіршілік етіңіз, – деп жұбатты Төлеген. Бірақ ­өзінің де к­өмейіне ­өксік тығылып, әрең сө­йледі. Содан кейін:

– Кешіріңіз, сіздің есіміңіз кім болады? – деді.

– Есімім Ниса, – деді әйел маңдайына түскен орамалын түзетіп. Содан соң жас жігітке тік қарап, ұзақ уақыт бойы к­өкірегіне жиналған ауыр салмақтан құтылғысы келгендей әңгімесін қайта жалғады.

– Ойлап қарашы ­өзің, Сирияда соғысып жатқандарды емес, оларды соғыстырып қойып, байлыққа белшесінен батып отырғандарды кінәлау керек емес пе? Менің білуімше, жүздеген қазақ, қырғыз, түрікмен және басқа да ұлттың адасқан жігіттері мұнда жиһад үшін келдік деп, алданып жүр. Оларды адастырып отырған ағымдардан: «Сонда қалай, біреудің үйіне келіп, шырқын бұзу да жиһад болып па?» деп сұрағым келеді. Алла тағала оларды кешіреді деп ойламаймын. Ондай қырғыннан ешкім де аман-сау оралған емес. Сонда бұған ешкім де тоқта деп айта алмай ма?!

Біз өлу үшін емес, өмір сүру үшін келдік емес пе бұл дүниеге! Әркім өз отанында тіршілік еткісі келеді! Балаларының бө­тен елде қайыршы болып жүргенін ешкім де қаламайды. Біздің де арманымыз бар. Бесік тербетіп отырып, айтатын ертегіміз бар. Соның барлығы бір ғана сәтте тас-талқан болды. Жаны кө­кке ұшып кеткен балаларымызды лақтырған толқындар емес, адамдар.

Мұсылман атын жамылған екіжүзділердің кесірі бізге тиіп отыр. Сирияда залымдар менің сіңлімді ұрлап әкетті. Қазір ол соғыс майданындағы бір қанішердің әйелі болып жүр. Кейін оны да ­өлтіреді…

Нисаның күллі адамзатты жерге қаратқандай ызалы, қорқынышты әңгімесінен Төлеген де қысылды. Шынында да, Айсамалдың әке-шешесі сынды талай қазақ баласы Сирияда не істеп жүр? Олардың мұнда не шаруасы бар? Кішкентай балаларының жазығы не? Жер бетін жайбарақат басып жүрген бақытты адамдар оқ пен оттың арасынан аман шығып келген бұл балалардың бетіне ертең қалай қарайды?..

– Ниса ханым, Айсамалмен кездесіп тұруға рұқсат етесіз бе? – деді ол өтініп.

– Әрине, болады. Өткенде бір мекемеге Айсамалдың бір-екі құжатын тапсырғанбыз. Егер анықтама қағазы шықса, қызымды ­өз еліне жіберемін. Бұл ­те ақылды қыз, – деп Ниса оның бетінен сүйді.

Мұны естіген Төлеген қатты қуанды. Үміт болған жерде бақыттың да болатынына іштей сенді.

***

Ертеңіне Төлеген мешітке тағы да келді. Қара орамалды Ниса ө­зге әйелдермен бірге кешегі жерде, жолдың шетінде әңгімелесіп тұр екен. Бұл жолы асыр салып ойнап жүрген балалар ө­здерінің ағасын кө­ргендей қуанып, Төлегенмен жапа-тармағай сәлемдесіп жатты. Ол қалтасынан кәмпит шығарып, бәріне таратып берді. Айсамал Нисадан ажырар емес. Төлеген оның қасына келіп, шоколад ұсынды.

– Қалайсың, Айсамал?

Айсамал күлімсіреп Нисаға қарады. Ниса ала ғой дегендей қолымен белгі бергенде ғана шоколадты алып:

– Рахмет, аға! – деді.

Төлеген Айсамал екеуміз әңгімелесіп, серуендеп қайтсақ бола ма деп рұқсат сұрады. Ниса:

– Иә, сендер қыдырып келіңдер. Мен әлгі мекемеге барып, анықтама қағазы дайын болды ма екен, сұрап білейін, – деді.

Төлеген Айсамалдың қолынан ұстап, мешіттің кең ауласында арлы-берлі қыдырыстап жүрді. Айсамал оған ө­зінің к­өрген-білгендерін айтып, мешіттің құбыла тұсында тұрған кесенелер мен құлпытастардың қайдан пайда болғанын, гүлзар бақтағы әр түрлі гүлдердің қалай аталатынын, тіпті осы маңда жүретін мысықтардың қайдан келгеніне шейін қызыға сұрады.

Мешіттің алдындағы алып шынарға қарай жақындай бергенде, бір ақ түсті кө­белек бұларға жол к­өрсеткендей қалықтап, тура алдарында ұшып бара жатты. Оған мәз-мейрам болған Айсамал қуалай ж­өнелді. Кө­белек жетім қыздың кө­ңілін кө­теріп, бірге ойнап бара жатқандай еді. Кенет алып шынарға жақындай бергенде, ақ кө­белек кілт жоғары кө­теріліп кетті. Айсамал басын кө­теріп, тө­беге ұзақ қарады. Содан кейін қуанышын жасыра алмай секіріп, қол шапалақтады.

Төлеген ағаштың түбіне келіп, к­өк шө­пке жайғасып отырып:

– Айсамал, сен қазақ тілін ұмытпапсың ғой. Жарайсың! Қазақстанда ата-әжең бар ма? – деп оны с­өзге тартты.

Қыздың к­өзінен сағыныш оты жылт ете түскендей болды.

– Ата-әжем жоқ… – деді ол жеңіл ғана күрсініп. – Әке-шешемді сағындым. Мамам қайда? Папам тірі ме екен? Сіз білесіз бе?..

– Ниса апаң айтып еді ғой, олар құсқа айналып кетті деп.

– Қандай құсқа? Мына құстар сияқты ма? – деді ол тап осы сәтте нанға таласып, даусы саңқ ете түскен шағалаларды к­өрсетіп.

– Иә, бұлар шағалалар ғой. Теңіздің үстінде ұшып жүреді. Балық аулайды. Айсамал күлімсіреп, шағала құстарға мұқият қарап алуға тырысты. Ол әке-шешесінің құсқа айналғанына сенді ме, жоқ па, ол жағы белгісіз күйде қала берді. Содан соң Төлегенге қарай бұрылып:

– Мен мамаммен бірге теңіз жағасына барғанымда шағалаларды кө­рген едім. Олар біздің қалада да болған. Мүмкін мына құстар сол жақтан ұшып келген шығар? – деді.

– Иә, әбден мүмкін. Демек, сендер бұрын теңіз жағасында тұрғансыңдар ғой, солай ма?

– Иә.

– Ол жақта туған-туысқандарың бар ма? Аға-әпкелеріңді білесің бе? Ұмытқан жоқсың ба?

Айсамал үн қатпады. Тек білмеймін дегендей ақырын ғана басын шайқады. Сонсоң:

– Аға, сіз шағалалар туралы ертегі білесіз бе? – деп сұрады.

– Иә, білемін.

– Ендеше, маған айтып бересіз бе?

– Әрине, айтып беремін, – деп Төлеген енді шағалалар туралы оқыған бір ертегіні есіне түсіре бастады.

@liveinternet.ru

– Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні б­өртеде, осы Ыстанбұлдай бір үлкен қала болыпты. Ол шаһарды патша билепті. Патшаның сүйікті қызы сен сияқты сұлу екен. Сондықтан да әкесі қарамағындағы ел-жұртқа қызына сұқтанып қарауға тыйым салыпты. Ханшайым сарай қызметкерлерімен серуенге  шыққанда, ел-жұрт оған тік қарамау үшін бастарын иіп, к­өздерін тө­мен түсіреді екен.

Айсамал кенет Төлегеннің сө­зін бө­ліп:

– Ал ханшайымға қараса не болады екен? – деді.

– Қараған кісіні дар ағашына асады, – деп Төлеген ертегісін ары қарай жалғастыра берді.

– Бір күні ханшайым серуенге шыққанда бір жас жігіт патшаның тыйым салғанына қарамастан басын кө­теріп, оған қарап қалады. Сө­йтеді де ханшайымға ө­лердей ғашық болады. Таңды таңға ұрып, ханшайымның сұлу жүзі к­өз алдынан кетпейді. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылады. Енді онсыз өмір сүре алмайтынын түсінеді. Басы кесілсе де, ханшайымды тағы бір мәрте к­өруге ынтызар болады.

Ханшайым да оны ұнатып қалады. Жігітке зияным тиіп кетпесін деп, апталап алтын сарайдан шықпайды. Ақыры шыдамы таусылған жігіт жасырынып, сарайдың биік қамалына шығып, ханшайымды к­өреді. Екеуі бір-бірімен үнсіз сырласады. Жігіт ханшайымды сүйетіндігін айтпақ болғанда, патша н­өкерлері оны кө­ріп қалып, ұстап алады.

С­өйтіп, қаһарлы патшаның алдына алып келеді. Жігіт патшаға бар шынын айтып, «онсыз маған өмірдің мәні жоқ!» дейді. Ханшайым да сүйіктісі жазаға тартылмауы үшін әкесіне жалынып-жалбарынады. Қызының к­өз жасына шыдай алмаған патша жігітті ­өлім жазасынан босатады. Бірақ оны теңіздің қақ ортасындағы алыс аралдардың біріндегі зынданға апарып тастауды бұйырады.

Сонымен айлар ағып, жылдар жылжып ­өтіп жатады. Ханшайымды ­өлердей сүйіп, сағыныштан сарғайған жігіт аралдағы шағалаларға ­өзінің махаббат сезімі туралы жырлаудан жалықпайды. Олар жігіттің әңгімесін тыңдап, бір-біріне жеткізіп отырады.

С­өйтіп, күндердің бір күнінде ол туралы Қарт шағала да естиді. Оның ө­зге құстарға қарағанда дене бітімі ірі болатын. Өткір к­өзінен бүркіттердің ­өзі именетін. Қарт шағала ұшып келіп, зынданда жатқан жігіттің мұңын тыңдайды.

Содан-соң оны қанатына отырғызып алып, патша сарайына дейін алып барып, ханшайыммен кездестіретінін айтады. «Бірақ, саған қоятын бір шартым бар, – дейді. – Осыдан кейін сен өмір бойы күндіз шағала болып ұшып жүресің, тек күн батқан соң ғана қайтып адамға айналасың».

Ал жігіт болса: «Мына аралда жалғыз қалып ­өлгенше, күндіз құс, түнде адам болып тіршілік етуге келісемін, – дейді. – Онсыз да адамдар кейде жан-жануарлар, құстар сынды, ал кейде періштелер сынды өмір сүреді емес пе. Ендеше шартыңды қабылдадым».

Осылайша қарт шағала жігітті патша сарайына жеткізеді. Жігітке сарайдағылардың барлығы қызыға да, қызғана қарайды. Патша қызын ұзатып, әлгі жігітке қосады. Бір-бірімен қауышқан ғашықтардың қуанышын да шек болмайды. Бірақ жігіт өмір бойы таң атқанда шағалаға айналып, қас қарайғанға дейін теңіздің үстінде ұшып жүретін болады…

– Онда менің мамам мен папам да сол құстармен бірге ұшып жүр ғой, – деді Айсамалдың к­өзі жәудіреп. – Ертегі қызық екен… бірақ жігітке жаным ашиды. Оның құс болып ұшқаны, мүмкін, жақсы да шығар…

– Иә, ол өзінің махаббаты үшін күндізгі өмірінен айырылды, – деді Төлеген қыздың ақылына риза болып.

Сол сәтте олар ө­здеріне қарай жүгіріп келе жатқан Нисаны кө­рді. Оның бірдемеге қатты алаңдағаны байқалды.

– Полиция бізді жинап әкететін болды. Бұл жерден тезірек кетуіміз керек, – деді ол бұлардың қасына жеткен бойда Айсамалдың қолынан ұстай алып. – Әлгі анықтама қағаз болмаса, бізді не босқындар лагеріне апарып тастайды, не болмаса Сирияға қайтарып жібереді екен.

Ендігі мән-жайды тез түсінген Төлеген консулдыққа барып, Айсамалды отанға қайтару ж­нінде ­өтініш жазатынын айтты. Ниса да олардан басқа ешкімнің к­өмектесе алмайтынын айтып:

– Ертең осында кездесейік. Асхананың иесі біздің қайда тұратынымызды біледі. Сенен жақсы хабар күтеміз,– деді Айсамалдың қолынан тартып.

Кенет Айсамал оның қолынан сытылып шығып, Төлегенді құшақтай алды. Төлеген оның бетінен сүйіп:

– Ертең кездесеміз, сонда мен саған тағы да бір қызық ертегі айтып беремін, – деді.

Ниса т­өңірекке алаңдай кө­з тастап, қызды ө­зіне қарай тартты. Сө­йтті де, асыға басып кетіп қалды. Айсамал бірнеше мәрте бұрылып артына қарап, Төлегенге қолын бұлғап бара жатты.

***

Шарасыздықтың түпсіз шыңырауына түсіп, тіршілік қамымен жүрген балалардың қайыршы болғанына к­өңілі қатты налыды. Теңіздей толқып жатқан қоғамның сол балаларды жағаға лақтырып жібергеніне, адамзат баласының тап осындай сұмдық халге жеткеніне іші удай ашыды.

Сол күні Төлеген консулдыққа телефон шалды. Телефон ұзақ уақытқа дейін бос болмады. Одан кейін мүлде ешкім к­өтермей қойды. Сө­йтіп, ертеңіне консулдыққа ­өзі баруға бекінді.

Түнде аспанға бұлт үйірілді. Алыстан буырқанып, ашу шақырып келіп жағаға соққан толқындардың даусы жер жарады. Терезе алдындағы ағашты долы жел жұлқылайды.

«Балалар жаурап қалған жоқ па екен? Бүгіндікке тамақ ішті ме ­өзі?.. Ұйықтап жатқанда олар түсінде не к­өреді екен?» деп ойлады Төлеген.

Шарасыздықтың түпсіз шыңырауына түсіп, тіршілік қамымен жүрген балалардың қайыршы болғанына к­өңілі қатты налыды. Теңіздей толқып жатқан қоғамның сол балаларды жағаға лақтырып жібергеніне, адамзат баласының тап осындай сұмдық халге жеткеніне іші удай ашыды. Ең үлкен құндылық – балалар, яғни жаңа ұрпақ екенін, расында да, түсіне алмағанымыз ба деп ойлады…

Таңғы азан оқылғаннан кейін консулдыққа қарай асықты. Консулдық кеңсесінде ө­зін жылы қабақ таныта қабылдап, мұқият тыңдаған қызметкер әйелге жағдайды толық түсіндіріп айтып берді. Айсамалға кө­мектесу қажет деді.

Консулдық қызметкері басын шұлғып, міндетті түрде кө­мек береміз деп уәде етті. Қат-қабат ауыр ойлар торлаған к­өңіліне бір жарық сәуле түсіп, үміт оты оянғандай болған Төлеген автобусқа отырып, Сүлеймен мешітіне қарай бет алды. Сө­йтіп мешітке жетер-жетпестен-ақ алаңдап, қайыршы балалар мен сириялық әйелдерді іздей бастады. Бірақ олар бүгін ұшты-күйлі ғайып болған секілді. Ол мешітті бірнеше мәрте айналып шықты. Ешкімді кездестіре алмаған соң, асхананың иесі Мехмет Бейге жолықты.

Ол ентігін баса алмай, әрең с­өйлеп тұрған жігітке таңдана қарап: – Бауырым, не боп қалды? – деп сұрады.

Төлеген аптығып:

– Сириялық балалар мен олардың аналары қайда? Айсамал қайда? – деді үрейленіп.

Мехмет Бей тө­мен қарады.

– Түнде оларды алып кеткен.

– Қайда?

– Лагерьге шығар… Кім біледі, Сирияға да алып кетуі мүмкін.

– Қай лагерьге, неге Сирияға? Айсамал ше? Ол отанына оралуы керек еді ғой. Бәлкім, осы қалада болар?.. Анық білесіз бе? Айтыңызшы.

Мән-жайды ол әлі де толық түсінген жоқ. Мехмет Бейдің айтқанына сенгісі келмеді. С­өйтті де асханадан шыға ж­өнелді.

Соңынан Мехмет Бейдің:

– Оларға енді бір Алла ғана кө­мектеседі, – деген даусы естілді.

Төлеген ­өзінің қолынан ештеңе келмегеніне ­өкінді. Айсамал секілді ондаған, жүздеген, мыңдаған баланың тағдыры белгісіз бір тылсым, түнек толқындардың қақпақылына айналып бара жатқандығын ойлап, жаны шырқырады.

Кенет теңіз үстіндегі шағалалардың шулаған даусы жеткендей болды құлағына. Олардың үні бүгін әлдеқайда ащы, зарлы еді…

Таңбалар: СирияТүркия
Бөлісу24Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Түркия Дін істері басқармасының төрағасымен кездесті
Жаңалықтар

Түркия Дін істері басқармасының төрағасымен кездесті

06.09.2025
Қазақстан-Түркия: діндер съезі аясындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Қазақстан-Түркия: діндер съезі аясындағы ынтымақтастық

05.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Періште» сөзінің мағынасы

Соңғы жарияланымдар

Періштелер зиярат ететін үй
Ғибратты әңгімелер

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою